Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет62/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

ЖАНПЕЙІС ЗИРАТЫ

/ХІХ ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ/

Райымбек батырдың кенже баласы Әжі.


Әжіден: Малқара, Байқара. Малғара баласы Жанпейіс елге сыйлы, әділдігімен аты шыққан ауқатты адам. Райымбек ауданы Шәлкейде жайлауында өткен, ғасырда салынып біткен тарихи ескерткіш “Жәмпейістің шамкөрі” деп аталады. Ағаштан қиып салынған үлкен зираттың жұрнағы әлі де бар. Бұрынырақта еркек кіндікті ұрпақтарының көбі сол шамкөрге жерленетін.
Ал Диқанбай /1857-1918 жж./ ел басқарған. Албандағы атақты адамдардың бірі. Арғы ата-бабалары Сырымбет, Ханкелді, Райымбек, Жанпейіс ең соңғы Диқанбайға дейін батырлық та, байлық та үзілмеген “әруақты жерден ат үркетін” тарихи зор әулет.
1918 жылдың күзінде қазақ-орыстың жазалаушы отриядтары Шөлкедегі бейғам жатқан беркелді Диханбай ауылын апатқа ұшыратып, мал – мүлкін талан – таржыға салады. Диханбай бастатқан

Құдайберген, Құсайын, Мішән, деген үш баласымен қосып жалпы саны 11 адамды кескілеп, атып өлтіргені көпшілікке мәлім.


Әжі – Райымбек атаның ең кіші ұлы, әрі үлкен үйі болып саналады.
ЖАНПЕЙІСҰЛЫ ДИХАНБАЙ-БИ
1852 жылы, Райымбек ауданы, Қарасаз елді мекенінде туып, 1919 жылы Кеңес өкіметінің отряд бастығы Муравьев бүкіл отбасымен Қарағайлы сайда қырып кеткен. Зираты Қарасаз бен Сарыжаздың ортасында. Халық сыйлаған. Ел арасында әділдігімен атағы шыққан, аруақты ауылдың иесі.

МАҚАТАЕВ МҰҚАҒАЛИ – АҚЫН
1931 ж Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында туылған. Сондағы орта мектепті 1947 ж. бітіргеннен кейін туған жерінде қалып жұмыс істеді. 1956 ж. алматыда өткен ақын – жазушылардың республикалық тұңғыш Слетіне қатысып, аға буын қаламгерлердің назарын өзіне аударған. Алпысыншы жылдардың басында Алматыға көшіп келіп, Қазақ радиосында диктор, “Социалистік Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1973-1975 жылдары Мәскеудің М.Горький атындығы Әдебиет институтында оқыды. Содан кейін бірыңғай творчестволық жұмысшылармен шұғылданды.

Ақынның баспа бетінен жеке жинақ болып жарыққа шыққан тұңғыш туындысы “Ильич” – 1964 ж. поэмасы. Содан кейін “Жазушы” баспасынан оның “Армысындар, Адамдар” – 1966 ж, “Қарлығашым, келдің бе?!”– 1968 ж, “Мавр” – 1970 ж, “Дариға, жүрек” 1972 ж, “Шуағым менің” – 1974 ж. атты кітаптары, ал қайтыс боларынан аз – ақ күн бұрын “Өмір дастан” – 1976 ж, деген атпен тыңдамалысы жарық көрді.


М.Мақатаев аудармасы саласында да өнімді жұмыс істеді. Қазақ композиторларының өтінішіне орай олардың көптеген

шығармаларына ән текістерін жазды, бұған ағиық әлем поэзиясы потриярлықтарының бірі Дантенің “Құдіретті комедиясы” мен американ әдебиетінің көрнекті өкілі. У.Умитменнің философиялық өлеңдерін тәржімалап, көзінің тірісінде оларды “Жазушы” баспасынан жеке кітап етіп бастырып шығып кетуі анық дәлел. Ал, ән текістеріне келер болсақ, ақынның тірі кезінде де, одан кейін де оның өлендерімен шырқалған музыкалық шығармашылық баршылық. Оған композитор Н.Тілендиевтің “Саржайлауым”, Семейлік сазгер Т.Рахимовтың “Сәби болғым келеді”, “Есіңе мені алғайсың” атты әндерін мысалға қалдыруға болады.


Ақын өмірден кеткен мен оның творчествосының өміршілдігі, мұрасының молдығы оқырмандарды әлі қайран қалдыру мен келеді. Соңғы 15 жылдың ішінде “Жалын”, “Жазушы” баспалары жарияланған және жарияланбаған дүниелерін қосып, “Өмір -өзен”, “Шолпан”, “Қош, махаббат!”, “Райымбек, Райымбек!” екі томдық шығармалар жинағын 1982 жылы “Жазушы” баспасы басып шығарды.
Алматы қаласында М.Мақатаев атында көше бар. Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылы, мектеп аты М.Мақатаев есімі мен аталды. Сол селода ақынның шығармашылық жолына өміріне арналған сәулеті музей – мұражай салынған. Ақынның замандастарының естеліктері жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет