ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ МҰҚАТАЙ-АҚЫН
1936 жылы 19декабрь айында Кеген, қазіргі Райымбек ауданы, Кеген елді мекенінде Мақатай Сарыжаз ауылында сарыжаз орта мектебінде оқу жолын бастап, Кеген қазақ орта мектебінің жанындағы жетімдер жатақханасында тәрбиеленіп, орталау білім алған соң Алматы қаласындағы №12 мектеп интернатта тәрбиеленіп, орта білімді игерді. Мұқатай Кеген мектебінде оқып жүрген кезде - ақ «Қазақстан пионері» газетінде, қазіргі «Ұлан», «Коммунизм нұры» қазіргі
«Коммунизм нұры» қазіргі «Жетісу», «Мәдениет және тұрмыс» қазіргі «Парасат», «Лениншіл жас», қазіргі «Жас алаш» т.б. газет журналға отты өлеңдерін жариялап отырды. Қазақстан бойынша тұңғыш рет жарық көрген Қ.Аманжоловтың редакторлық басшылығымен «Жас қанат» жинағында Қ. Мырзалиевтің, Т. Молдағалиевтің, Е.Ібітановтың, Б.Абдіразақовтың өлеңдерімен қатар бір топ өлеңдері жарық көрді.
1956жылғы Дүниежүзі жастарының фестивальінің Алматыдағы республикалық жарысында Мұқатай өлеңін жазған, Алматы жайлы жазылған ең алғашқы ән композитор Әсет Бейсеуовтың «Алмалы Алматым» орталық стодионда бүкіл мектеп оқушыларының қосылуымен хор болып орындалды. Мұқатай 1967жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің тіл-әдебиет факультетіне оқуға түсті. Мұқатай денсаулығына байланысты төртінші курстан сырттай оқуға ауысып, журналистік еңбек жолын бастады. Алматы облысының Ақсу аудандық газетте әуелде әдеби кейін редакторлық қызмет атқарды. Бұл жылдары талантты ақын көптеген жақсы жырларды, «Қарқара, Қарқара» атты көлемді поэмасын жазды. Өмірінің соңғы жылдары туған жері Кеген ауданың аудандық газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті. Мұқатайдың артында қалған өлең мұра көп. Өз еңбегінің бақытын көруге тағдыр оған жазбаған шығар, өлеңдерінің жеке кітап болып жарық көргенін, қуанышына қуана алмай дүниеден өтті. Екеумізді Сталинге хат жаздың деп оқудан шығарғанға биыл жарты ғасыр болады. Сол жылы ауданымыздың Жетпіс жылдық мерей тойының үйлесуі үлкен қуаныш. Тағдырлас, тамырлас досым мына нарық қысып, өз
кітабымды шығара алмай жүрмін. Екеуміз жақсылықтан үміт үзбеуші едік, мен одан әлі күдер үзген жоқпын. Сенің рухың менімен бірге. Сені ең соңғы сапарға аттандырғанда мен. Алматы қаласы 12декабрь селосында.
Достарыңызбен бөлісу: |