Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет333/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   333
Байланысты:
албан шежіресі

Ермегияев Амангелді Дінұлы

1944 жылы 14 маусымда, Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш селосында туған. Өнегелі отбасында тәрбие алған.


Әкесі – Ермегияев Дін – 1913 жылы туған, 1993 жылы дүние салған. Анасы – Ермегияева Балкен – 1913 жылы туған, 1993 жылы дүние
салды.
1950 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш селосындағы қазақ орта мектебіне түсіп, 1960 жылы Алматы қаласының № 12 қазақ орта мектебін бітірген. Ұядан ерте ұшқан Амангелді мектептің білімі, тәрбиемен қатар, ата-әже, ағайын тәрбиесіне жастайынан қанығып өседі.
1960 жылы туған ауылға оралып, "Тоғызбұлақ" колхозының колхозшысы болып, еңбек жолын бастайды.
1961 жылы Есік қаласындағы "Алматыоблқұрылыс" тресінің № 2 құрылыс – монтаж басқармасының бетоншысы, бригадирі болып істейді.
1963 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институтының студенті болып қабылданып. 1968 жылы В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу құрылыс – инженерлік институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша тәмамдайды.

Институттан кейін "Алматыөндірісқұрылыс" тресінде шебер қызметін атқарады. Осы уақытта Отан алдындағы борышты өтеу кезі келгендіктен Семей облысында 1969-71 жылдары лейтенент-офицер, Кеңес әскери қызметкері ретінде қалтқысыз еңбек етеді.


1971-82 жылдарда Алматы облысының, Жамбыл ауданына, қарасты Фабричный жеріндегі "Алматыоблауырқұрылыс" тресінің № 28 жылжымалы механикалық колонна шебері, жұмас ұйымдастырушысы, аға жұмыс ұйымдастырушысы, бас инженері, бастығы болып қызмет істеді.
1982-88 жылы осы трестің басқармасы бастығы, 1988 – 89 жылы Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1989 – 90 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы "Басалматықұрылыс" басқармасының бастығы – Қазақ ССР МИнстрі. 1990 – 1993 жылы "Алматықұрылыс" мемлекеттік – акционерлік құрылыс концерні президенті, 1993 – 1995 жылы "Алматықұрылыс" мемлекеттің қатысуымен холдинг компаниясының президенті, 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Алматықұрылыс" Ұлттық холдинг компаниясының президенті болып қызмет атқарып келеді. Лауазымды қызметтерді сапалы атқару үшін білім, кәсіпқой тәжірбие, ұйымдастырушылық қабілеттерің ұштастыру арқасында Амангелді Ермегияев әр қызмет баспалдағын ұжымның сенімі мен абыройына бөлініп жүрген тұлға деп танылады.
Еңбекқорлығымен таныла білген Амангелді Дінұлы 1982-1988 жылы Іле аудандық Халық депутаттар Кеңесіне депутат, 1988 – 1991 жылы Алматы қалалық Халық депутаттар Кеңесіне депутат, ал 1990 – 1991 жылы Қазақстан компартиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланған.
А.Ермегияев Қазақстандағы құрылыс индустриясының қанаттанып жетілуіне, өсуіне, Қазақстанның көптеген қалаларындағы өнеркәсіп ошақтары мен тұрғын үйлердің бой көтеруіне қосқан үлестері ерен. Соған мысал ретінде айтар болсақ, Алматы қаласында: ҚР Президентінің Резиденциясы, Мемлекеттік Музей, М.Әуезов атындағы Драма театр, ҚазМҰУ қалашығы, Қалқамандағы № 1

қалалық аурухан, Республикалық мектеп сарайы, "Атакент", "Рахат Палас" қонақ үйлері, "Алатау" демалыс үйі, "Атакент" комплексі, "Алматы" мейрамханасы, "Самал" , "Көктем", "Ақсай", "Жетісу" ықшам аудандарының көтерілуіне үлес қосты. Астана қаласы бойынша: Репрессия құранбарына қойылған Монумент, Гумилев атындағы Евразия Университеті, Драма театры, Жастар үйі, Экономика министерлігі, Республикалық Гвардия, т.б. құрлыстардан көруге болады.


Амангелді Ермегияев тікелей басқарумен қомпанияның жанында "Бозторғай", "Жарылғап батыр", "Ветеран" қайырымдылық қорлары ұйымдастырылып, олар Ұлы Отан соғысы, құрылыс ардагерлері, тұрмыстары нашар, көпбалалы отбастарымен мүгедектер, зейнеткерлер мен оқушылар, өнер, спорт қызметкерлерімен жазушылар, баспасөз орындарында материалдық, қаржылай көмектер беріліп, демеушілік көрсетіліп келеді.
Өнерді қолдап келе жатқан "Алматықұрылыс" холдинг компаниямындағы "Жарылғап батыр" қайырымдылық қоғамдылық қорының қолдауымен Құрманғазы атындағы консерваторияда "Шертпе күй" деген сыныбы ашылып, ондағы 15 студентке және үш оқытушыға қосымша айлық тағайындалған.
1986 жылы "Халық достығы" орденімен, ол 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің құттықтауымен Мәдениет және Гуманитарлық ортаға жасап жатқан қайырымдылық және демеушілігі үшін "Мақтау дипломы" мен марапатталған.
Амангелді Дінұлы – құрылыс өндірісінде таптырмас ұйымдастырушылық қабілеті, қайырымды, адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерімен Қазақстан Республикасының Алтын тарихы кітабында мақтаулы еңбек адамы ретінді танылмақшы. Қазіргі уақытта БҰҰ жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Алматы бөлімі академиясының вице – президенті қызметінде де ерен еңбектері бар.
2002 жылы Алматы Дінұлы Республикалық саяси "Отан" партиясының төрағасы міндетін атқарушысы болып сайланды.
Жұбайы – Ермегияева Жаңыл – 1944 жылы туған.

Ұлы Ермегияев Талғат – 1969 жылы туған, жоғарғы білімді, құрылыс инженері, "Қазақстан Темір жолы" ашық акцонерлік қоғамының вице


– президенті.
Қызы – Ермегияева Дана – 1970 жылы туған, жоғарғы білімі, құрылыс экономист, "Алматықұрылыс" холдинг компаниясының маркетинг басқармасы бастығының орынбасары. Бес немеренің атасы.
Мазмұны

Албан ата энциклопедиялық шежіресі


/М.Мақатаев. Мен Үйсінмін/ Алғы сөз
Байшығанұлы Көдек. Албанның баласы Қоңырбөрік
Қарақұл (Татан) Кешкіл Сарықұл Сарысүйіндік Базар
Жарман, Майлы. Тама
Біте Құртқа Мамай
Еліңді сыйласың ер азаматыңды сыйла Қызылбөрік, Молболды, Хантотас Қазымбет
Сапы
Аталық (Шоқай) Найманбай, Алтай Әжібай

Қаңлыбай Темтемір


Жолболдыдан өскен ұрпақ Керейқұл
Қонакелді (Сақау) Әзет
Бердікей Түлкібай
Берді (Дәуетек) Нәзет Абыз әулеті Құланаян
Досалы Арық – Шегір
Құлсадық, Байсейіт Бәймен
Биеке Сәлбен Құсық Шүйке
Елдің даңқын ер азамат шығарар Шоған – Абыз ұрпағы, Дәуім Тұғыжым
Алжан Үмбет(Шажа) Қожбанбет Тұрсын Қосқұлақ Қаржау

Жолдыбай Сақау Жарты Солтангелді


Сүйменді, Айт, Таңатар Уанашы, Жанбаба Сүйіндік
Тұғыры биік тұлғалар Бозым, Сары
Еліңді сыйласаң ерінді де сыйла Шобал (Таз)
Жаншық, Әлмерек, Құрман Елінің ардақтысы
Жәнібек
Ел сыйлаған азаматтар Баба, Төлебай Барлыбай
Құттымбет Игілік
Еліңді сыйласаң еріңді сыйла Тоқан
Қаракісі Жұмық Жайық, Еділ
Еразамат елдің көркі Аққыстық, Құлақай, Тілес Шойқара
Онтоғар

Биіктау, Жайын Бегім


ара ысты
Елім деп со ар ж регі
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет