Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


Әбдірахманов Серік – қоғам қайраткері



бет190/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

Әбдірахманов Серік – қоғам қайраткері

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1951 жылы Жалаңаш ауылында туған. Шелек ауданы Шелек кеңшарындағы қазақ орта мектебін бітірген. Жамбылдағы гидромелиоративтік – құрылыс институтын, Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітірген.


Серік Әбдірахманов жасынан қызметке араласты. Сенім арқалады. Алматы қалалық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып еңбек жолын бастады. Алматы облыстық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, кейіннен Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болды.
Іскерлігімен танылған ол көп ұзамай Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді. 1987 -90 жылдары Алматы үй құрылысы комбинатында бас құрылысшы болды. Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1992 жылдан бері халықаралық экологиялық "Елім - ай" қорының Президенті.
Серік Әбдірахманов 1999 жылы қазан айында Бүгыты сайлау округінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
Байғабылұлы Қапез – қоғам қайраткері

/1896-1939/
Қапез Байғабылұлы Алматы облысы Кеген ауданы Тоғызбұлақ өңіріндегі Ақтоғай деген жерде өмірге келген. Ол жасыннан сауат

ашып, 15-17 жасында өзі құралтпас Сауытақын /ұйғыр/ және Шәрішкенмен бірге Стамбулға барып, діни оқу үйреніп қайттады. Сауытақынмен Шәршінкен молдалықты, ал ол ағартушылық жолын таңдайды. Жүрген жерінің бәрінде мектеп ашып, елді сауаттандыру ісімен айналысады. Әншілікті де тастамайды. 1931-33 жылдардағы ашаршылық кезінде 60 үйлі аш-жалаңаштың басын қосып, "Облатком" деген ауыл құрып, адамдарды аштықтан аман алып қалуға мұрындық болады.


1937 жылы Коми АССР – інің Ухта қаласында атылады. Шығыс әдебиетінен мол хабардар Қапез қисса, дастандарды да көп білген. Оның бізге жеткен әндері пішіндік – мазмұндық соны сипатымен ерекшеленеді.

/Тынышбек Алмабекұлы/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет