Филология ғылымының докторы (1976), профессор (1991) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері 1983, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988 ), ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі (1995).
Ғылым Академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 1952жылдан кіші аға жетекші, ғылыми қызметкер. Ол ғылыми жұмыспен қатар университетінің қазақ тілі кафедраларында әр жылдары ономастика және лексикология пәндері бойынша дәрім оқып, дипломдық жұмыстарға жетекшілік жасады, ғылыми-ұстаздық қызметтер де атқарады.
18 наурызда 1928ж. Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туған. Орта мектепті 1934ж. Нарынқол қазақ орта мектебін бітірген. 1947 жылға дейін қызмет істеп, 1947ж. қыркүйектен Абай атындағы Қазақ педагогтік институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оны 1951ж. Үздік аяқтап, жоғары білімді мұғалімдік мамандығын алған. Сол жылы Институт ғылыми кеңесінің шешімімен қазақ тілі кафедрасына (профессор С.Аманжоловтың ұйғаруымен) аспирантураға қалдырған.
Кандидаттық диссертациясының қорғаған «Қазақ тіліндегі кісі аттары» деген тақырыпта. Тақырыпты ұсынған алғашқы жетекшісі - әйгілі түрколог, профессор С.Е. Малов, кейінгі жетекшісі - академик І.К.Кеңесбаев. Докторлық диссертациясының тақырыбы «Қазақ тілі
ономастикасының негізгі проблемалары». Консультанты - академик С.К.Кеңесбаев.
Т.Жанұзақов қазақ филогиясының лексика, лексикография, аударма, фольклор салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Ол 300ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде 41кітап пен монографилар, сөздіктер, көркем аудармалар, фольклор еңбектері бар. 260 - тан аса мақалалары республикалық, орталық баспаларда, 8 мақала алыс шет елдерде (Германия, Польша, Қытай, Финляндияда) жарияланған. Ол республикалық, бүкілодақтық конференциялар мен халықаралық конгресстерге қатысып, қазақ ономастикасы бойынша көптеген баяндамалар жасады.
Профессор Т.Жанұзақовтың жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты, консультант болуымен 4ғылым докторы диссертация қорғап, ғылыми дереже алды.
Ол Қазақ тіл білімнің жаңа саласы – қазақ ономастикасының негізін қалаушылардың бірі, Республикада ономастикалық мектепті қалыптастырушы ғалым. Оның үкімет алдында қойған ұсынысымен және тікелей атсалысып ұйымдастыруымен 1990ж. Үкімет қаулысымен құрылған Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия Республикамыздың әкімшілік
– аумақтық мекендері мен жер - су, мемлекет атауларын реттеу, тарихи атауларды қалпына келтіру жайында елеулі жұмыстар атқаруда. Ғылым сол 1990 жылдан осы комиссияның қоғамдық негіздегі ғалым хатшысы міндетін атқарып, халқымыз бен егеменді мемлекетіміздің мүдессі үшін тынымсыз еңбек етіп келеді.
Негізгі еңбектері: Қазақ халық жұмбақтары. 242бет. (1959ж. профессор С.Аманжоловпен бірігіп), Қазақ тіліндегі жалқы есімдер.
141 (1965), Русско - казахский толковый словарь лингвистических терминов 206 с. (1966ж. акад. І.К.Кеңесбаев бірігіп), Қазақ есімдерінің тарихы, 215б (1971), История казахской литературы. Том I (1968г.) авторлардың бірі / Тайны имен.132с.(1974), Основные проблемы ономастики казахского языка. 120 с. (1976), Очерк казахской ономастики. 176с. (1982), Орталық Қазақстанның жер-су аттары. 253б. (1989, авторлардың бірі, жауапты редактор), Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1 - 10 том (1976 - 1987), авт.бірі., редакторлар мүшесі, Тюркская ономастика. 70с. (1990), Имена народов
Казахстана. 110с. (1191.соавтор), Қазақстан географиялық атауларының сөздігі. 294б. (1990, авт. Бірі, жауапты редактор) т.б.