Бәйдібек Баба- алып



бет176/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

Баққожа Мұқай


1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған. 1966 жылы Нарынқол ауылындағы Абай атындағы орта мектепті, 1971жылы Әл - Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультетін бітірген.


1965 жылы Кеген аудандық «Коммунизм нұры», Нарынқол аудандық
«Советтік шекара» газеттерінде еңбек жолын бастаған.1970-1988 жылдары «Білімжәне еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.1990 - 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде репертуарлық - редакциялық коллегияда Бас редактор, бас басқарма бастығы болған.1990жылы


облыстық «Қазақ тілі»қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазір «Парасат» журналының Бас редакторы.
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істер жөніндегі Ұлттық Комиссиясының мүшесі.
Ол «Жалғыз жаяу» және «Өмірзая» атты романдар мен «Жаңбыр жуып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Алғашқы махаббат», «Жеті желі», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, орыс, өзбек, қарақалпақ, түркімен, корей, лак тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984жылы
«Водоворот», 1988жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан.
«Иірім», «Қош бол, менің ертегім», «Сергелдең болған серілер»,
«Өзгенің өмірі үшін», «Дүние кезек», «Заманақыр», «Раушан гүлі»,
«Ерулік», «Тоят түні», «Өмірзая», «Той көп үй»атты драмалық шығармалары Қазақстан және шет ел театрларында қойылған. Бірқатар шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1982 жылы «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялары кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауераты атығы берілген. 1995 жылы Қырғызсатанның әдебиет жөніндегі сыйлығын алған. 2000 жылы «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана» медальдарымен марапатталған.

ЕРСАЛИЕВ АЗТАЙ МЕҢЛІБАЙҰЛЫ - ЕЛАҒАСЫ




Дербес зейнеткер. Талдықорған облысында туған. 1939 - 1949 жылдары Жаркент қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. Сол жылы Алматының малдәрігерлік - зоотехникалық институтына түсіп. 1954 жылдан бастап 1959 жылға дейін Алакөл, Панфилов ауыл шаруашылық басқармасында бас маман, аудандық атқару комитеті төрағсының бірінші орынбасары. 1961 - 66ж. Дейін Панфилов Көктал қой совхозының директоры болып қызмет істеді. 1966 - 78 жылдары Алматы және Талдықорған


облысында Облыстық Кеңес атқару комитетінің бірінші орынбасары, 1979 жылдан бастап 1989жылға дейін Талдықорған облысы партия комитетінің ауылшаруашылығы жөніндегі хатшы қызметін атқарды. 1963ж. Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды. 1964ж. Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген зоотехнигі құрметті атағы берілді. Ауылшаруашылығы өркендетудегі жеткен жетістіктері үшін, екі рет «Еңбек Қызыл ту». (1966, 1973ж), «Достық» (1980ж.) және
«Құрмет белгісі» (1971ж.) ордендарымен бірнеше медельдармен наградталды. (1989)жылдан Қазақстан Республикасы ерекше еңбек сіңірген зейнеткері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет