Бәйдібек Баба- алып



бет24/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   415

Жансеиіт


/Кешкілдің екінші баласы, ұрпақтары негізінен Қытай жерін мекен етеді/
Жансейіттен - Баймырза.
Баймырзадан - Торғауыт, Шақар, Саржан, Қарасай/әйел/ Торғауыттан - Алшаңбай, Қалшаңбай.
Алшаңбайдан - Балабек, Ыстам, Дайырбек, Тойлыбек, Оралбек. Балабектен - Айтбай, Шәлімбек.


Айтбайдан - Егінбай, Меліс. Егінбайдан- Мақсат, Мұрат, Мухит. Мелістен - Асхат, Айдос, Қызыр. Ыстамнан - Әбдібай, бұдан Тоқтасын.
Дайырбектен - Шабарбек, бұдан төрт бала бар. Оралбектен - Кәден, Манап.
Кәденнен - Айдын. Манаптан - Рахат.
Қалшаңбайдан - Күшіген, бұдан Сәрсенбек, Итқара, Серғазы, Нұрғазы, Түйтебек.
Сәрсенбектен - Ахмет, Жұмабай. Ахметтен - Мамет.
Түйтебектен - Атан, бұдан Қали, Ғани, Құлыбек. Шахардан - Қаратал, Малай.
Қараталдан - Малмақ, бұдан Есім.
Малайдан - Қанай, бұдан Қаке, Тұрғанбек, Нұсіпбек. Саржаннан - /әйел аты/ Туғанбай, Шал.
Шалдан - Бүенбай, Сегізбай, Ахмет, Тоқтар Қосқұлақ. Бүенбайдан - Наурызбай.
Наурызбайдан - Таубалды, Досымбек, Сейсенбек, Рахат. Таубалдыдан - Қауатай, Бауыржан.
Сейсембектен - екі ұл бар, Қытай жерінде. Рахаттан - Рустем, Руслан.
Қосқұлақтан - Бейсенбай, Тұрғанбек, Нүсіпбек, Тұрсынбек. Бейсенбайдан - Дәулет.
Тұрғанбектен - Жанұзақ. Нүсіпбектен - Тоқтасын.
Қарасайдан - Байтемір, Тұрабай, Жазық.


Сарқұл


(Сарқұл тармағы туралы қысқаша түсінік.)
Сарқұлдар арасындағы ауызша шежіре бойынша Албаннан - Сары, Шыбыл болып таралады. Шыбылдан - Қызылбөрік (Молболды), Қоңырбөрік (Жолболды) туған. Қоңырбөріктен Бөтей батыр. Одан Өтей батыр. Өтейден- Қалқаман, Жарман, Боти (Бода), Тілеуқабыл таралады. Қалқаманнан - Сарқұл, Қарақұл, Кешкіл, Сарысүйіндік болып тарайды. Жарманнан - Біте, Майлы, Тама, Базар, Алаша, делінеді. Ботидан - Құртқа, Мамай. Тілеуқабылдан - Бойдақ (Өтейбойдақ), Топай таралған.

***



Сарықұлдар XIX ғасырдың басында Шарын өзені аймағынан Шығыс Түркістан өлкесіне өтіп кеткен. Одан 1865-1870 жылдары Шормақ батырдың бастауымен қазіргі Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы бүгінгі қонысы Басши аймағына келіп қоныстанған. Кейінірек оларға Қонырбөріктің Өтейінен таралатын ағайындары Мамай, Тасының бірақ бөліктері Шақа тұтасымен қосылып, қыз алысып туыс болуға серт байласқан. Сол дәстүрді әлі күнге сақтап келеді.
***
Шормақ батырдың бәйбішесі Терліке жауынгерлік кезінде қару асынып, жорықтарға күйеуімен бірге жүрген. Садақ тартудан мергендігімен аты шыққан.
Шормақтың жасыл туын 1930 жылға үркіншілікте оның немересі Сұлтанғазы Шығыс Түркістанға (Шыңжаң) алып өткен. Батырдың күміс құманын Қытай шекарашылары алып қойған.
***
Ескерту: Сарқұл шежіресін жинау бұрын бізге түскен жазба шежіре болмағандықтан көп қиындықтарға кездестік. Бұл осы мақсаттағы алғашқы әрекет болғандықтан біршама кемшіліктері бар екендігі даусыз. Көптеген әулеттер, мен жекелеген адамдар шежіреге түспей қалды. Өйткені оларды іздеп табудың мүмкіндігі болмады. Оған жағдайымыз да келмеді. Сондықтан бұл кітап қолға тиген соң қате кеткен тұстары болса, кешіріммен қарап, шежіреге ілінбей қалған әулеттер кісі аттары болса, әркім өз әулеті бойынша кемшілігін толықтырып, түзеп, хатпен мына мекен- жайға 480051, Алматы, Достық даңғылы, 105/1, 19 пәтер, хатпен салып жіберулеріңізді сұраймын. Сонда шежіренің келесі басылымында қатені түзеп



шығаруға мүмкіндік туады.
Ерғали Ахметұлы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет