Есенбайдан– ұрпақ жоқ.
ҚұттығайЖолайдан – Сәрменбет, Сырымбет, Бәйімбет. Аталған аталарымыз Мықтым есімді анамыздан туған.
ЖолайұлыСәрменбетбабамыз – халық батыры, Шобал (Таз) руының ұраны. Сәрменбет батыр шамамен XVII ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың бірінші жартысының перзенті.
Ел айтысында батыр бабамыз Дулат, Ботбай руынан шыққан Сыпатай батыр мен Қоқан хандығына қарсы күрескен батыр. Сыпатай батырдың күмбезі Меркі ауданында, ал Сәрменбет батырдың күмбезі сол кісінің жанында деген дерек бар.
Қариялардың айтысына қарағанда, ата – бабаларымыз сол Меркі ауданы Тараз өңірінде өмір сүріп, кейіннен қазіргі Жалаңаштың шығысы "Тоғызбұлақ", "Меркінің" бойына келіп қоныстанған деседі. Бұрынғы тұрған жері Меркінің атымен жаңа қоныстанған жерінің атында Үш Меркіні атаған да осы. Міне содан бері екі жарым ғасырдай уақыт өтіп, қасиетті Үш Меркі: шет Меркі, орта Меркі, Екіаша, Тоғызбұлақ, Кенсу, Талды шұрайлы жерінде Шобал (Таз) руы
– өсіп - өрбіді.