Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылында 1936жылы 18 шілдеде туған. 1957 – 1962 жылдары Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтында оқыды. 1962 – 1966 жылдары Кеген ауданындағы "Қызыту", Шелек ауданындағы "Таусүгір" кеңшарларында бас мал дәрігері, 1966 – 1968 жылдары Шелек аудандық партия комитетнің нұсқаушысы. 1968 – 73 жылдар аралығында Қаскелең ауданындағы
"Абай" құс кеңшарының партком хатшысы, 1973 – 1974 жылдары Іле аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Осы кезеңде ауыл шаруашылық институтының экономика факультетін бітірді. 1974жылдан 1994 жылға дейін "Абай" құс шаруашылығы өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1994 – 1997жылдары "Абай" аумақтық акционерлік компаниясының президенті болып істеді. Ал 1997 – 1999 жылдары ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясының әлеуметтік – экономикалық мәселелер және кәсіпкерлік қызмет жөніндегі проректоры болды. Қазірде осы академияның табиғат пайдалану экономикасы және қоршаған ортаны қорғау кафедрасында профессор.
Е.Байбарақов экономика ғылымның докторы (1987ж.), профессор (1990ж) Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының кореспондент мүшесі (1991ж.) Ауыл – шаруашылық академиясының академигі (1997ж.) – 72 ғылыми еңбектің, соның ішінде 4 монографияның авторы. Құстың "Алатау" тұқымын шығарушылардың бірі. "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері.
БЕКЕЕВ ӨМІРБАЙ БИДАЙБЕКҰЛЫ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1932ж. Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында туған. 1996ж. Алматы қаласында дүниеден өткен. Зираты Алматы қаласы, Кеңсайда. Ұзынбұлақ орталау мектебінде 7кл. Жалаңаш орта мектебінде 10кл 1947ж. бітірген.
1947-51 жж. Алматы ауыл – шаруашылық институтынан жоғары білімді агроном мамандығын алған. 1952 ж. Нарынқол ауданы, ауылшаруашылық басқармасында аға агроном, кейін Шелек ауданында МТС – та бөлімше агрономы, 1955 ж. Кеген ауданы Қызыл Ту совхозында бас агроном болды. 1955 ж. Сталин атындағы колхозда бас агроном болды.
1961 ж. Кеген ауданының партия комитетінің колхоз, совхозды біріктірген басқармада. 1965 ж. дейін Басқарманың орынбасары жұмысын атқарды.
1965 – 1 - 17-де Алматы обком партбюросы / қазіргі Талдықорған облысы/ Ақсу ауданы, ауыл - шаруашылық басқармасын басқаруға жіберілді.
1967 ж. Ақсу ауданы Партия комитетінің I-ші хатшысы болды. 1970 ж. Талдықорған жеке облысы болуына байланысты облыстық ауыл – шаруашылық өнімін сатып алу басқармасын басқарды.
1972 – 79 жж. Талдықорған облысы ауыл – шаруашылық басқармасын басқарған. 1979 ж. XIII - Қаз ССР ауыл – шаруашылық Министрлігінің өндірістік оқу тәрбие жұмысын жүргізген Бас басқармада жетекшілік етті. 1983 жылдан 1986 жылға дейін зейнеткерлік демалысқа шыққанша Алматы облысы ауыл – шаруашылық басқарушының орынбасары қызметін атқарған.
"Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі", т.б. ордендерімен, медальдармен марапатталған.