Бәйдібек Баба- алып


ҰЛТАРАҚОВ ҚАЗТАЙ НАРМАТҰЛЫ



бет413/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   415

ҰЛТАРАҚОВ ҚАЗТАЙ НАРМАТҰЛЫ


(1925 ж. 25.7.) – Елағасы.
Дербес зейнетке. Кеген ауданы, Тау – Шелек ауылында туған. 1932 ж. (қазіргі Ниязбеков Әужан атындағы) мектебінде оқып, 1941 ж. Жалаңаш орта мектебін бітірген.
1939-48 жылдары Жастар Одағының мүшесі. 1942 ж. Неміс фашисінен Отан қорғауға аттанды. 1944 ж. ауыр жарақат алып елге қайтты.
1944 ж – дан Саты, Алғабас колхоздарында есепші, 1948-56 ж. Саты, Көкбастау (қазіргі А.Нүсіпбеков кеңшары) колхозының төрағасы. 1956 ж. жаңа құрылған "Қызыл ту" совхозына директор.
1958 ж. Кеген ауданының партия комитетінің II – хатшы. 1959 ж. VIII

  • Москва Жоғарғы партия мектебіне Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің шешімімен түсіп, 1961 жылы үздік бағамен аяқтады.

1961 ж. Алматы облысы Балқаш ауданының партия комитетінің 1 – хатшысы, 1964 ж. Москвадағы КПСС Орталық Комитетінің жанындағы қоғамдық академияда оқып, 1966 ж. диссертациясын қорғап экономика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атақпен бітірген.


1966 – 69 ж. Алматы облыстық партия комитетінің ауыл – шаруашылығы бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1969 ж. Іле аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып сайланды.
1973 -84 ж. Алматы облыстық Кеңестің төрағасының 1-орынбасары қызметін атқарды.
1984 – 89 ж. Қазақ Мемлекеттік жеміс – жидек ғылымының зерттеу институты мен "Алмалы" ғылымдық өндірістік бірлестіктің Бас директоры болды.
1988 жылдан Қазақстан Республикасынын ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер. 1989-91 ж. халық шаруашылығы институтының ұстазы. 1991 ж. Облыстық Шаруалар Одағының төрағасы.
Еліне сіңірген адал еңбегі "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Отан соғысындағы жанқиярлық еңбегі; Жауынгерлік 1 және 11 дәрежелік, Қызыл Жұлдыз орденімен бағаланған. Қазақстан Мемлекеттік Жоғарғы Кеңесінің Президиумы
3 рет Құрмет Грамотасын салтанатпен тапсырған. Қ.Ұлтарақовтың өмір жолын жазған кітабы "Жазушы" баспасынан жарық көрді.

ЕСБЕРГЕНҰЛЫ САҒЫНЫШ – РЕСПУБЛИКАҒА ЕҢБЕГІ СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЕЛАҒАСЫ


1927 ж. – Шелек ауданы, Сарытау елдімекенінде туған. 1941 жылы Малыбай қазақ мектебінен орта білім алған. 1942 жылы Малыбай колхозында жұмыс істеген. Жұмыс атқара жүріп білімін жетілдіріп. 1943 жылдан 1959 жылғы дейін Шелек ауданының колхоз шаруашылығында есепші, бас бухгалтр қызыметтерін атқарды.
1959-1962 жылы колхоздың саяси (партком) басшысы болды. 1962- 1963 жылдары Аудандық ауылшаруашылық басқармасының орынбасары қызметін атқарды.


1963-1993 ж. осы аудандағы алғаш кұрылған "Сөгеті" асыл тұқымды қой совхозында директор болды. Елсіз жерге ел қоныстандырып, сәулетті - сәнді елді мекенге айналдырды.
Халықы іскер басшыны құрметтеді. 1973 ж. Қазақ республикасының жоғарғы кеңесіне депутат етіп сайлады. Шебер ұйымдастырушы С. Есбергенұлы екі рет Ленин 3 рет Қызыл Ту, Құрмет белісі орденімен, медаль, граммоталармен марапаттады. 30 жыл бойы Аудандық, 1987 жылы Республика ауыл шаруашылығына Еңбегі сіңірген қайраткері деген атақ алды.
С.Есбергенұлы үлгілі еңбек жолы жайлы 1972 жылы "Қайнар" баспасынан: ҚҰТТЫ қоныс атты кітап жазды.
Республика еңбеккерлерінің сұранысы бойынша 1988 жылы Рес. "Қайнар" баспасы "Ата қонысы" атты тәлімді, Жарыққа шығарып, оқырмандарын ұсынды. 1993 ж. Құрметті демалысқа шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет