Бәйдібек Баба- алып



бет144/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

ҚОЖБАНБЕТ




Ағымсары Сағым (Ағым) Тілеу


Бесжан (Елбақты)


Елтоқ Нұржау Тоқаш Есбол Байбол Қолдау Тұрсын


Қасым Сексен Көбек Байсары Байжан Төлеміс


Қосқұлақ Батраш Қайынберді Қалпе
Өтегүл Шағапай Мәпке


Өтеп Бапсық Бапсымақ Байшуақ Асабай


Балта Қылыш Қыпақ Таңат


Бәйтік Бухар Тұңғатар Қаржау Бөрте Алжан Қалжан Тілеу


Жолдыбай Сақау Шора Есентай Естемес Естен Төле Жауғаш Қадір


Малай


ҚОЖБАНБЕТ РУЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ ҚОЖБАНБЕТ РУЫ


Албан тайпасындағы ең үлкен рулардың бірі – Қожбанбет руы. Сұйерқұлдан тараған төрт ұлдың аттары, Досалы, Шоған, Қожбанбет, Жарты деп аталады. Кәріқұлақ қариялардың айтуы бойынша, Дасалы мен Шоған бір шешеден туған болса, ал, Қожбанбет, Жарты екінші шешеден деп айтады. Сүйерқұлдың ең кенжесі Жарты.
Бұл кісі жасынан жарым жанды, іштен кемістеу болып туғандықтан, басқа ағаларына көрі тікелей Қожбанбет өзі бағып адам етіп, қатарға қосқан дейді. Сондықтан, Қожамбет – Жарты ағайынды, әрі, енелес, ұраны бірге болып келген. Жартының Қожбанбетке еншілес, табиғи болатыны осыдан. Бірінен бірі қол үзбей, мекен – қоныстары да ортақ, бірге жүріп бірлесіп тірлік кешкен. Ертеректегі ата-қоныстары Іле бойымен Үйсін тауы мен (қазіргі Кетпен жотасы) арасын Қоңырбөріктер мен қатар мекендеген. Демек, ағайынды екеуі мұндағыға дейін бірге араласып, ірге ажыратпаған өте жақын туыс елдер.
Қожбанбет Албандағы көп тараған іргелі елдердің қатарында тұрады. Қазан төңкерісіне дейін Бөдеті, Қожбанбет және Кеген деген үш болыс елдің құрамында болып келген. 1918 жылдарға қарай, уақ болыстарды қосып, ірілеген кезде, бүкіл Қожбанбетті үлкен бір болыс елден құрамына сыйғызған. Оны Сыпатай болыс басқарды.
Жалпы Қожбанбет руы мынандай 12 ірі атаға бөлінеді. Реттік шежіре нұсқасы бойынша оларды тарқатып айтсақ: Ағымсары, Бесшал, Тұрсын, Қосқұлақ, Жолдыбай, Сақау, Кәдір, Шора, Есентай, Естемес- Естен, Төле-Жауғаш және Малай. Бұл аталардың өзі төмендей келіп, әлденеше ұсақ аталықтарға тағы бөлініп келеді. Осылардың ішіндегі ең көбі Қосқұлақ, Тұрсын, Сақау, Жолдыбай, Ағымсары аталары. Бұл рудың негізгі елдік ұраны – Қожбанбет. Ал бұдан бөлек ішінара кейбір төменгі аталар басқаша да атай береді. Мәселен: Жолдыбайлар Түгелбайды, Сақаулар Итбаланы ұрандап шақыратын болған.


Қазақ шежіресі бойынша, Қожбанбет атадан Ағым, Сағым және Тілеу деген үш бала туады. Ағымды негізінен Ағымсары деп атайды. Ол Қожбанбеттің дербес бір атасы болып есептеледі.
Ағымнан: Елтоқ, Нұржау, Елтоқтан – Қасым, Сексен, Нұржаудан – Қайыпберді, Қалпе болып бөлінеді.
Сағымнан – Бесшал атасы тарайды. Бесшалдың үлкен әйелінен Тоқаш, кіші әйелінен – Есбол, Байбол.
Қожбанбеттің үшінші баласы – Тілеу. Одан Қалдау, Тұрсын туады. Қалдауды қазірше қоя тұрып, Тұрсынды жіктейік. Тұрсын да өзінше бір ата ел болып қалыптасқан. Тұрсыннан Шыңдауыл, Қабыл, Қарақұл дейтін үш ұл бар. Шыңдауылдан – Көшімбай, Байжігіт. Қабылдан Сәмбет, Қозыбақ, Андас, Теке. Ал Қарақұл батырдан Мама, Баубек. Мамадан тарағандар өздерін шешелерінің атымен “Тұрсын ішінде Шаштымыз” - деп атайды. Ал, Баубек тұқымдары болса ертеректе Ташкент жаққа кетіп, сонда өркен жайған. Білетіндердің айтуынша Өзбекстанда 300-дей шаңырақ бар көрінеді.
Қалдаудан – Қосқұлақ пен Батырша туады. Қожбанбеттегі ең көп тараған осы Қосқұлақ атасы. Қосқұлақтан 8 ұл бар. Бәйбішесі Сұқсырдан – Бәйімбет, Тұңғатар, Қаржау, Бұхар, Бқрте болса, кіші әйелінен Алжан, Қалжан және Тілеу дейтін қосымша тағы бір баласы болған.
Батырша өз заманында асқан бай, беделді кісі болыпты. Батырша бай, көп әйел алған, одан 11 бала бар. Сұлу бәйбішеден: Жолдыбай, Сақау /Бесқұлақ/, Шора, Қазыбай, Есентай.
Бір әйелінен: Естемес, Естен. Мақпал дейтін кіші әйелінен: Жауғаш қана. Бұлардың сыртнда Төле, Қадыр, Малай деген қосымша үш баласы тағы бар. Осылардың ішінде Қазыбайдан басқасы өніп-өсіп, жеке-жеке ауыл болып кеткен. Бір ғана Батыршадан тарайтын бұлар Қожбанбет ішінде үлкенді-кішілі 8 ата бірлестігін құрайды. Оларды жоғарыда атап өттік.
Негізінен Қожбанбет – Жарты қазіргі Ұйғыр ауданының Іле бойы және Тау бөктері Қырғызсайдан (Подгорный) шығысқа қарай


Қалжатқа дейінгі кең аралықты алып жатқан. Ел аузында “қорғасындай қорығын Қожбанбет елі” деген сөз бар. Бұның мәнісі бұл ру басқалар сияқты бөлініп, жарылмаған, бір-ақ жерге шоғырланған, ынтымақ-бірлігін жоғалтпаған жұрт екенін көруге болады. Кейінен Сөгеті, Көкпек даласына Шажалар қоныс аударып, Қалжат маңына келіп тоқтаған. Бұнда бұрынан Ағымсылар мен Сақаулар тұратын еді. Жер жағыдайының тарлығына байланысты, Кепебұлақтан Сақаулар ығысып, тау асып, Күнгей бетке түседі. Бұны Ж.Құлмұхамбетовтың айтуы бойынша 1850 жыл деп көрсетеді.
Ал Үйсін тауының оңтүстік бетінде тұратын Жолдыбай мен Тұрсын аталарына енді Саусақ келіп қосылады. Бұл үш атаның қоныстанған аймағы Көмірші, Тоқтарбай, Белбейіс, Қошқар, Шибұт және Шолақ өзендерінің алқаптарын мекен еткен.
Қытай қазақтарының ішінде бұрынан сонда тұрғылықты “алты болыс Албандар” бар екенін жақсы білеміз. Олар негізінен Қоңырбөрік, Жарты, Қожбанбет, Шажа, Айт, Құрман, Досалы руларының көптеген шашыранды бұтақшаларынан құралған елдер болатын. Біз бұл жерде Құтайдағы Албандар жайлы толық баяндап жатпаймыз, тек Қожбанбетке қатысты дерек көздерін алға тартамыз.
Өткен ғасырдың 40 - 50 жылдар арасында Қожбанбеттің біраз бөлгі, Қытай жеріне қоныс аударған. Ол кезде шекара жоқ, ұланбайтақ қазақ даласында ерсілі-қарсылы көшіп жүре беретін. Ең әуелі Жансейіт, Тоқсейіт, Бейсембай және Жайсаң деген кісілер бастап барған Қосқұлақтар еді. Осы Қосқұлақтарға, қосылып Ағымсарылар да көп көшті. Осылай біртіндеп дүркін - дүркін көшудің соңы екі ортаға шекара орнаса да /1874ж/ тіпті, 1916 жылға дейін созылады.
1916 жылға Қарқара көтерілісі кезінде бүкіл Албандар Қытай жеріне барып, бір қыс сонда болып, 1917 жылы қара қонысқа қайта оралды. Сондағы барғандардың бірталайы туыс-туғандарын тауып, тұрғылықты Албандар ішіне тұрақтап қалды.
Ал, 1928 бен 1933 жылдар аралығында бүкіл шекараға таяу маңдағы қазатар тағы Қытайға шықты. Бұл барғандар, ата-жұрттан алыс кетіп, біржола Қытай жерінде қоныс тебуге тура келеді.


Осы жоғарыда айтылған екі үркіншілікте, Қожбанбет руының тең жартысына жуығы Қытай мемлекетінің құрамында амалсыз қалып қойды деуге болады.
Кеңес дәуірінде осында қалған халықтарды бір орталыққа жиып, шоғырландыру үшін артельдер ашып, колхоздар құра бастады. Сол уақытта Ұйғыр ауданындағы бұрыннан тұратын Қожбанбеттердің көбі /Ағымсары мен Бесшалдан басқалары/ дерліктей Нарынқол ауданының жеріне көшіп түсті. Елтай, Шолақ, Шибұт, Қошқар, Көмірші секілді толып жатқан ұсақ колхоздарға топтасып, осында бір жола тұрақтап отырықшылдыққа бейімделеді.
Бүгінгі күнде Қожбанбет атадан тараған күллі ұрпақтар тізбегі Райымбек пен /бұрынғы Нарынқол/ Ұйғыр секілді екі бірдей ауданға бөлініп, қатар жатыр. Ал, Қытай қазақтары арасында Қожбанбеттің біршама бөлшегі әлі де сонда тұрып келеді.
Қожбанбет руынан көптеген көрнекті елге танымал адамдар шыққан: Ағымсарыдан – Боташ шешен, Қытайдағы Нақысбек ақалақшы.
Қосқұлақтан – Кәрібайдың Қырғызы /болыс болған/ Меди ақалақшы,
Байқұрман, Мампақ.


Тұрсыннан – Қонақбай батыр, Қожасан шешен, Нәби ақын. Таңса, Жантелі.
Жолдыбайдан – Түгелбай әулие /бейітінің басынан арасан ашылған. Шалкөде жайлауындағы Қисық Ақтастында/. Оның баласы Сыпатай / болыс/, Темірбек, Жылгеді, Әжілер, Айтбай Даркембайұлы /Қарқара көтерілісіндегі көрнекті тұлғалардың бірі, болыс болған/.
Сақаудан – Итбала, Қаражан, Қайрамбай, Сапақ, Тезекбай, Шәлімбек, Наурызбай, Мергембай, Бәйет батырлар.
Шорадан – Бердібек би, Арымбай молда, Ысқақ. Төледен – Сәйбек балуан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет