Албанның бел баласы екеу екен. Туылып Шыбыл менен Сары да өткен. Ар жағы Алтаты мен Шелек, Түрген. Баласы Қызыл, Қоңыр ары кеткен. Сарының бел баласы екеу екен, Сүйерқұл мен Таубұзар нәнің өткен. Сүйерқұл қазыр шалған төрт баласы, Екеуі қоныс алған арғы беттен. Досалы, Шоған деген екі ұлына, Байынқол, Үш Қақпақтың тауы жеткен. Шалкөде, Шәкірәмбал енді айтылсын,
Қалжат пен тұра тұрсын бағы Кеткен. Айттағы Сайынбөлек, Құрманда Алпар, Бұларды туа қызыр шалып өткен. Таңатар бәйбішеден деп айтады.
Мол жағы тоқалына ауып кеткен. Атасы бабасы мен сәуегей боп, Өтіпті Жетен батыр Қалыбектен.
Қалмақты қолмен талап, қойдан қырған, Өтіпті Пусырман би Жәнібектен. Тілеуі бұл заманда дұрыс болып, Кешегі Ниязбек бай әжі кеткен.
Нөке мен ер Жәменке, батыр Ұзақ Бұларың Қарақолға барып өткен. Сыбанқұл, Бала Құрман, Әбдіхалық, Өтіпті Құдиярбек, Қазыбектен. Анда-санда жақсыдан біреу қалды, Арық жылқы секілді жалы кеткен. Бәрінен Жәменкеніңжасы кәрі, Албанға қара тастай сөзі дәрі. Халық үшін жан қиған жақсыларға. Өтті ғой бұл ақтардың қылған зары. Кейінгі заманаға жете алмастан, Арманда өтіп кеткен мұның бәрі. Көдек Байшығанұлы
1934 жыл