Олигополия (гр. olіgos – аздаған және poleo – сатамын‚ сауда жасаймын)[1] – рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді. Олигополия рыноктың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ – рыноктан айырылып қалуы мүмкін. Бәсеке бағадан тыс салада – жарнамада‚ өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады. Рыноктағы бағаны ірі компаниялар айқындайды‚ ал шағын фирмалар солардың соңынан ілеседі.
Олигополия баға анықтау
Жиі фирмалар тұрақсыз нарықты тұрақтандыру үшін және осындай нарық түрлеріне сай инвестициялық, өнім даму тәуекелдерін азайту үшін бір-бірімен келісімдер орнатады. Алайда елдердің көбісінде осындай келісмдерге ресми шектеулер қойылады. Бірақ осындай келісімдерге келу үшін, міндетті түрде ресми келісімге келу қажет емес. Мысалы кейбір өнеркәсіптерде бағаларды бейресми түрде анықтайтын, танылған нарық көшбасшысы болса, басқа өндірушілер қойылған бағаларға сүйеніп өз бағаларын анықтайды (бағалық көшабсшылық).
Олигополя басқа нарықтармен салыстыру
Қазақстандағы олигополия
26 қазанда Республикалық қоғамдық штабта Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы олигополиялар үлкен әлеуметтік теңсіздік пен экономикада жүйелі проблемалар туғызғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, монополиялар мен билікке жақын бизнесмендердің ісі адал кәсіпкерлерді табысқа жету мүмкіндігінен айырып, бәсекелестіктің дамуына кедергі келтірді.
Соның салдарынан байлардың байығанын, ал кедейлердің мемлекетке сенімін жоғалтып, одан да кедейлене түсті.