Еліңдісыйласаңеразаматыңдысыйла!ДәліұлыСатай-халықбатыры /1703-1780 ж. шамамен/
Туған елін, жерін Жоңғар басқыншыларынан азат етуде ерлігімен ел таныған сарбаз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Албан Ханкелді батырлардың замандасы. 1741 ж. Орыс патшасына Жетісу қазақтары ынтымақтасуға хат жазғанда ел бастаған азаматтар қатарында Сатай Дәліқлы қол қойған. ҚР. Орталық Мұрахат қоймасында сақтаулы.
Жомартұлы Айту - Би
/шамамен 1657-1792 ж./
Айту би Шыршық бойындағы қазақ пен өзбек, мына жағы қырғыз ағайындарға танылып, кембағалға қамқор, зорлықшыға тосқауыл болған қоғам қайраткері. Рас, оның халыққа жасаған жақсылығын сол кезде біреу тәптіштен жазып, бізге - тек қағазға сенетін қазіргі секемшіл ұрпаққа қалдырып кетпепті, жазған да шығар - ау, бірақ, байтал түгіл, бас қайғы аласапырандар қағаз түгіл сүйегімізді құладүзде қалдырмап па еді? Басқасын айтпағанда, бізге хан мен бидің, батыр мен ақынның дуалы аузынан шыққан ғибрат сөздер мен өсиеттер, тіпті, шежіре жазбаша емес, ауызша - бабадан атаға, әкеден балаға эстафета түрінде жетті ғой. Төле би бабамыз "Өсетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел жаспен жазады" деген. Халық Айту бидің тарихын аңыздар, оған берілген жер аттары арқылы жазып кетіпті. Бұған Шыршық бойындағы Жомарт асуы /ЖОмарт - Айтудың әкесі/ мен Айту шоқысы, Қырғызстанмен шекараласатын Майдантал маңындағы Айту шоқысы куә. Белгілі жазушы Қалаубек Тұрсынқұловтың "Аңды - Қарақыз" деректі әңгімесіндегі Айту Жомартұлы да осы кісі.
1893 ж. Алматы обл. Жаркент уезі /қазіргі Ұйғыр ауданы/ Тоғызбұлақ елді мекенінде туған. Шонжы Кеңшарына тұңғыш ретмектеп салдырып, бала оқытқан.
1916 ж. 12 тамызда ақпатша өкіметі Қырғыз Респуликасының Қарақол қаласында атқан. Зираты Қарақол қаласында.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы кеңшарындағы қазақ орта мектебіне алғаш білім беруді ұйымдастырушы, Қарқара ұлт - азаттық қозғалысы басшыларының бірі Жаңабай Құдайбергеновтің есімін берді. Мәрмәр ескерткіш орнатты.