1944 жылдың қаңтар айының 15 жұлдызында Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Кетпен қыстағында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Қазақтың политехникалық институттың өндірістік және азаматтық құрылыс факультетіне оқуға түскен. Сол институтты 1967 жылы бітіріп шыққан.
1968 жылы "Алматыотделсторй" тресінің прорабтығынан бастап, аға прорабқа дейін өскен.
1972 жылы Главалмаатстрой басқармасының бөлімінің бастығы. 1977 жылға дейін Алматы қаласының басқада құрылыс мекемелерінде жауапты қызыметтер атқарды.
1977 жылы Алматы облыстың партия комитетінің нусқаушысы, Алматы қаласының құрылыс жөніндегі бас басқармасының бастығы. Алматы қаласының атқару комитетінің төрағасының орынбасары. Кейінде Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы.
1992 жылы Қазақстан президенттінің жарлығымен Алматы облысының әкімі. Осы жұмыста 1994 жылға дейін атқарды.
1995 жлы Қазақстан Жоғарғы Советінің депутаты. 1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжіліс депутаты. 1997- 2001 жылдары Алматы облысының әкімі. 2001 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан төтенше жағдайлар жөніндегі төрағасы. Құрмет белгісі орденімен марапатталған. Үш баланың әкесі.
Тәнекеев Сейдәлім - жазушы, көрнекті қоғам қайраткері
1924 жылы 5 тамызда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжа селосында туды. 1942 жылы осы аудандағы Ақсу орта мектебін бітірді. Еріктілер қатарында әскерге алынып полк мектебін, сосын Термездегі пулометші- атқыштар училищесін тәмамдады. 61- Армияның 78 гвардиялық дивизиясында атқыштар взводының командирі болып Курск иініндегі, Смоленск бағытындағы шайқастарға қатысты. 1944 жылдың шілде айынан бастап танктерді жоятын жеке взвод командирі болған ол Белоруссияны, Шығыс Польшаны, Варшава қаласын азат ету ұрыстарында ерлігімен көзге түсті. Соғысты рота командирі болып жүріп Берлинде аяқтады. Сондағы комендатураға қызмет етіп әскерден 1947 жылы елге оралды. Әскерден келісімен қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түскен ол оқып жүріп аупартком нұсқаушысы болып істеді. Оқуды сырттай аяқтап Жамбыл аупарткомының екінші хатшысы болды. 1954-1956 жылдары Іле аупарткомының төрағасы, 1956-1959 жылдарда Ұйғыр аупарткомының бірінші хатшысы, 1959- 1960 жылдарда Алматы облыстық мәдениет басқармасының бастығы, 1960-1963 жылдарда Панфилов аупарткомының бірінші хатшысы, 1963-1974 жылдары Қызылорда обкомының екінші хатшысы, 1974-
1978 жылдарда Қазақ ССР мемлекеттік бақылау комитеті төрағасы орынбасары, 1978-1985 жылдары Казпотребсоюс басқармасының төрағасы болып жауапты жұмыстарды істеді. Осы жұмыстан ол Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Бірақ ол жұмыстан қол үзген жоқ - қазір ол Республикалық мүгедектер қоғамы басқармасының төрағасы. Ол 1963-1986 жылдар аралығында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Партияның Орталық органдарының мүшесі болды. Сәкең барлық қызметте өзін іскер, білгір басшы, қайырымды, адал азамат ретінде көрсетті. Оның еңдегі, соғыстағы ерлігі елеусіз қалған жоқ. Ол 4 рет Еңбек Қызыл Ту, екі рет Құрмет белгісі, екі рет бірінші дәрежелі Отан соғысы, бір рет екінші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендері, жиырмаға тарта медальдар, ССРО ғылым академиясының үлкен күміс медалі, Жоғарғы Кеңестің бес грамотасының иегері. Жазушылар одағында әдеби қордың мүшесі.