1939 жылы 12 шілдеде Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш елді мекенінде туған 1959 жылы Калинин атындағы калхоздағы N 70 қазақ орта мектебін бітірісімен Свердлов қаласындағы Бүкіл Одақтық Ішкі Істер Министірлігіне қарасты техникалық училищеге оқуға қабылданып, 1962 жылы лейтенанттық атақпен аяқталды. Сол 1962 жылдан бастап 20 жыл бойы Қазақ Республикасының Ішкі Істер басқармасында инспекторлық баспалдақтан бастап, бас басқарманың орынбасарына дейінгі сатыны жүріп өтті.
1970 жылы Москвадағы Бүкілодақтық Ішкі Істер министірлігінің ең жоғарғы мектебінде оқып жоғарғы білімді қорғайтын тәртіпті азамат деген дәрежеге жетті.
1981 жылы Қазақ мемлекетінің Ішкі Істер министрлігінде Қоғамдық тәртіпті қорғайтын Бас басқармаға басшылық етті. Осы мемлекеттік тәртіпті сақтайтын Бас басқармадағы еңбегін жоғары бағалап милиция генерал-майоры деген құрметті атаққа ие болды. Генерал- майор Өтеген Бұтақбаев бірнеше рет Бүкіл Одақтық Ішкі Істер министрлігінің, Қазақ Республикасының Ішкі Істер министрлігінің құрметіне бөленді. 9 рет ордендермен медальдармен марапатталды. Қазақ Республикасының Ішкі Істер министрлігінің ардақты азаматы, Бүкіл Одақтық Ішкі Істер министрлігінің құрметті қызметкері.
1955 жылы Қоғамдық тәртіпті қорғау саласында көп жылғы қызметін жоғары бағалап зейнеткерлік демалысқа шықты. Қазір республикадағы ең үлкен банкі –ОАО Қазкоммерцбанкіде тәртіпті қорғау Бас басқармасына жетекшілік етеді.
Жүнісов Әубәкір – қоғам қайраткері
1886 жылы Жаркент уезі Қызылбөрік облысы, Суықтоғай (Қазіргі Алғабас) елді мекенінде туған. Туған ауылындағы молдадан дәріс алған. 1904 жылы Жаркент қаласындағы жеті жылдық ауылшаруашылық мектебіне оқуға берген. 1908 жылы бұл мектепті үздік бағамен бітірген 1912-1915 жылдары Қырғызсай (Ұйғыр ауд.) судияға аудармашы болды. 1916 жылы атақты Қарқара жәрмеңкесінде ұлтазаттық көтеріліске белсене араласты. Ақпатша сол жылы көтерілісті тұншықтырып Ә.Жүнісовты тұтқындап оны өлім жазасына кесті. Артынан жазаны ауыстырып түрмеден өтеуге шешім шығарды. Түрмеде жүріп Октябрь революциясының ілегіне қосылды. Октябрь революциясы жеңгеннен кейін, еркіндікке жіберіліп Жаркент қаласындағы босқындарға жәрдем көрсету туралы комиссияға қосылды. 1920 жылы Жаркент уезі Жаркент қалалық милиция басқармасының орынбасары ретінде атақты атаман Дутовты жою әрекетіне белсене араласты. Бұл еңбегің (Қазақ фильмнің таңдаулы туындысы) "Атаманның ақыры" атты көркем суретте фильмде сомдалған. Осы еңбегі жоғары бағаланып ВЧК – ның басшысы Петрес қол қойған арнайы куәлік 1921 жылы 6 февральда Әубәкір Жүнісовке тапсырылған. Ол жайлы деректеме республика мұрақат мекемесінде сақтаулы. Қазірде Ә. Жүнісов атында Жаркент қаласы, Кеген,
Жалаңаш кеңшарларында көшелерге ат берілген. Туған жері Алғабас селосында ескерткіш қойылды.