Бәйдібек Баба- алып



бет91/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

Досан Жанбота


Нұрпейісұлы Кеңес ғалым
1935 жылы 15 наурызда Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келген. 1942-1945 жылдары осы аудандағы Қарабұлақ ауылының балалар үйінде тәрбиеленіп, 1952 жылы Алматы қаласындағы N 18 орта мектепті бітірген. 1952 -1953 жылдары Әл – Фараби атындағы Мемлекеттік Ұлттық университетінің студенті болды. 1958 жылдан қазіргі дейін Ұлттық ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында еңбек етіп келеді. 1963 жылы кандидаттық, 1973 жылы докторлық диссертациялар қорғады. 1980 жылдан профессор. Отыз жылдан бері Алматы жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінде отандық тарих мәселелері бойынша дәрістер беріп келеді. Бұдан қоса ғалым Қазақстанның тәуелсіз тарихын жасауға тікелей араласып жүр. Тарихшы ғылымының 300-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрген. Мұның ішінде 20-ға жуығы іргелі монографиялар мен ұжымдық кітаптар,


оқулықтар. 1982 ж. оған Қазақ ССР тарихының бес томдық ұжымдық жинағы үшін Мемлекеттік сыйлық берілген. К. Нұрпейістің "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі", Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері құрметті атақтары бар. Ол 1987 жылдан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, 1997 жылы әлеуметтің ғылымдар академиясының академигі болып сайланған. Оның басшылығымен 30-дан аса докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Серікбаев Дәулет Мырқасымұлы – ғалым (1924-1972)


1924 жылы дүниеге келген. Средигор және Жалаңаш қазақ орта мектептерінің түлегі. 1942 жылы майданға аттанып, әскердің танк бөлімінде неміс фашистеріне қарсы соғысты. 1945 жылы 9 мамырда соғыс жеңіспен аяқталған соң шығыстағы Жапония соғысына қатысты. Жапония тізе бүккен соң аман – есен үйіне лейтенант шенінде оралды. 1946 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтына түсіп, оны 1951 жылы үздік бағамен бітірген жас маман институтта оқытушы болып қалдырылды. Дәулет Мырқасымұлы жұмыс бабында өзінің іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп, институт ұжымы арасында жоғарғы беделге, сый-құрметке бөленді. Осынау іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетін бағалаған Қазақстан Орталық партия комитеті сол кезде жаңадан ашылып, әлі оқу үйі салынып үлгермеген Өскемен автомобиль жол қатынастары институтына ректорлық қызметке жіберді. Ол мұнда да өзінің бойындағы іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытып, жаңа институтты аяғынан тік тұрғызып, оқу үрдісін жақсартып, оқу базасын нығайтты.
Бұдан кейін Дәулет Серікбаевты Орталық, партия комитеті Республиканың арнайы орта және жоғарғы оқу министрінің орынбасары етіп жоғарылатты. Бұл жұмыста да Дәулет өзінің бар күш-жігірін, білімін, тәжірибесін аямай жұмсап, жоғары оқу орындарында студенттерге білім берудің сапасын жақсартуға, жоғары, арнайы орта оқу орындарының материалдық, базасын нығайтуға көп күш салып, үлкен үлес қосты. Туылғанына 75 жыл толуына байланысты Өскемен автомобиль жол қатынастары институтына Дәулеттің есімі берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет