Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі


Нысанбаев Еркебұлан - полковник



Pdf көрінісі
бет14/77
Дата06.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#8452
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77

Нысанбаев Еркебұлан - полковник

1915 ж. Жаркент уезі, Шонжы селосында туған. 1935 ж. Тоғызбұлақ 

елді   мекеніндегі   Жаңабай   батыр   атындағы   Қазақ   орта   мектебінде 

оқып,   орта   білім   алған.   1941   ж.   әскерге   алынып   Новосибирск 

қаласындағы   Әскери   училищені   тәмамдады.   Осы   жылы   басталған 

неміс- орыс соғысына қатысып рота, полк басқарды. Ерліктері үшін I-

II-дәрежелі   Қызыл   Жұлдыз   орденімен,   Чехословакия,   Румыния, 

Польша, Венгрия жерін неміс фашистерінен азат еткендігі бағаланып 

көптеген   медальдармен   марапатталған.   Елге   оралған   соң   Алматы 

қалалық   әскери   басқармасында   қызмет   істейді.   Зейнеткерлік 

демалысқа шығып "Алатау" кинотеатрына директор болды. 1967 ж. 

дүниеден қайтты. Мүрдесі орталық зиратта. 



Қожа-Ахметұлы құрман - елағасы

Шежіреші.   Қазақстан   Журналистер   Одағының   мүшесі.   Майдан   - 

Еңбек ардагері. Әйгілі Ханкелді батырдың 7-ұрпағы, 1916 ж. Қарқара 

ұлт-азаттық   көтерілісі   көсемдерінің   бірі   Құдайбергенұлы   Жаңабай 

батырдың немересі. Жоғарғы білімді, тарихшы. 

"Еңбек   Қызыл   Ту",   "Халықтар   достығы",   "Құрмет   белгісі",   Бірінші 

дәрежелі   Отан Соғысы "Қызыл Жұлдыз" ордендері мен "Соғыстағы 

Ерлігі",   "Еңбектегі   Ерлігі"   т.б.   20   медальдар   мен   Қазақ 

Республикасының Құрмет грамоталарының иегері. Алматы облысы, 

Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы. 

Ұлы   Отан   соғысында   хабарсыз   кеткен   3000   майдангерлерді   тауып 

Республика, облыс аудандық газеттерде, Республикалық журналдарда 

жариялаған. 

"Ханкелді", "Жаңабай", "Тохнияз" деген хикаялармен "Біз-біз едік", 

"Қарқара" деген поэмалардың авторы. 


Қожахметұлы Кеңесбай - ғалым 

1938 ж. тамызда Алматы обл. Ұйғыр ауданындағы Сүмбе ауылында 

дүниеге кеді. 

1956-1961 жылдары аралығындағы Кеңесбай Қожахмет-ұлы ҚазМУ-

дың тарих факультетінен жоғары білімді тарихшы мамандығын алды. 

1961  ж.  Шонжы  ауылында  мұғалімдік   қызметте   болып   1963  жылы 

жалпы   тарих   мамандығы   бойынша   ҚазМУ-дың   аспирантурасына 

қабылданды. МГУ-дің және Африка елдері институтының аспиранты 

ретінде   тіркеліп,   осы   жерде   ғылыми   тақырыбы   анықталып, 

диссертациясына қор жинау үшін Египетке жіберілді. 

1968   жылы   К.   Қожахмет-ұлы   Мәскеуде   КСРО   Ғылыми 

Академиясының   шығыстану   институтында   кандидаттық 

диссертациясын ойдағыдай қорғаған. 

1968   жылдан   бастап   Қазақтың   Әл-Фараби   атындағы   мемлекеттік 

ұлттық   университетінде   аға   оқытушы,   доцент,   тарих   факультетінің 

сырттай бөлімінің деканы, Шығыстану факультетінің Оңтүстік Азия 

елдері тарихы кафедрасының меңгерушісі. 

1997ж. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ -дің арнаулы ғылыми кеңесінде 

К.   Қожахмет   -ұлы   Ұлттық   тәуелсіздік   жолындағы   қарулы   күресті 

қолдайтын Азия және Африка халықтары ынтымақтастық ұйымының 

тарихы /1995-1975 жж./ атты тақырыпта докторлық диссертациясын 

қорғап, тарих ғылымының докторы деген ғылыми атақ берілді. 

Кеңес Қожахметұлы Азия және Африка, Европа мен Америка елдері 

тарихын терең білетін тамаша лектор ретінде танылған. К.Қожахмет -

ұлы   100   астам   ғылыми   еңбектер   және   4   ірі   монографиялық 

басылымдарды жариялады. Азия және Африка елдерінің ұлт-азаттық, 

ынтымақтастық   қозғалысы   мәселелерін   Қазақстанда   және   КСРО 

аймағында ең бірінші зерттеген ғалымдардың алдыңғы шебінде Кеңес 

Қожахмет -ұлының есімі аталды. 

Ұлт-азаттық   күрес   мәселелеріне   байланысты,   Бүкіл   Одақтық 

Шығыстанушылардың   конференцияларында   1970-1971   жж. 

Мәскеуде, 1983 жылы Бакуде, 1985 жылы Звенгородта, 1992 жылы 

АҚШ-тың Монтерей қаласындағы жиындарға баяндамалар жасады.

1970 жж. Азия және Африка елдерімен ынтымақтасуы Қазақ комитеті 

Президиумның,   Москвадағы   Азия   және   Африка   елдерімен 

ынтымақтасу   Кеңесі,   Африка   институты   /Москва/Ғылым   Кеңесінің 



мүшесі. 

Профессор Кеңесбай Қожахмет-ұлы орта мектеп оқушыларына арнап 

"Қазіргі   заман   тарихы",   "ХХ   ғасыр   тарихы"   атты   оқулықтарды, 

хрестоматиялық құжаттарды қазақ және орыс тілінде жазды. 



Рысмендиев Әрмен Жақсыбекұлы - академик, 

медицина ғылымының докторы 

Алматы облысы Кеген ауданында 1940 жылы 13 тамызында дүниеге 

келген.   1958   ж.   Жалаңаш   орта   мектепті   бітірген.   1965   Алматы 

Мемлекеттік медицина институтын аяқтады. 

1972 жылы   "Ұсақ шоғырлы коронарогенді невроз және миокардтің 

жедел дистрофиясы" деген тақырыптан кандидаттық диссертациясын 

табысты қорғады. 

1992 жылы "Негізгі жүрек қан тамырларының аурулары және оның 

Қазақстандағы жергілікті ауыл жағдайында"алдын алу" тақырыбында 

докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. 

Белгілі ғалым академик А.Ж. Рысмендиев Қазақстанның қардиология 

ғылымын көптеген Европалық және Дүние жүзілік Конгресстерінде 

таныта білді. 

Оның 215 ғылыми жұмыстары баспасөз беттерінде жарық көрді: ол 14 

монографиялық, 20 астам әдістемелік нұсқаулардың және 6 ғылыми 

еңбектер жинағының редакторы болып табылады, 4 өнертапқыш істің 

авторы.   Оның   тікелей   басшылығымен   49   ғылыми   -зерттеу 

жұмыстары, 2 салалық ғылыми- техникалық жоспарлар аяқталды. 

А.Ж.   Рысмендиевтің   басшылығымен   6   докторлық   және   20 

кандидаттық диссертациялар қорғады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің   ісін Басқару Медициналық 

Орталығының   кеңесшісі,   РФ   МҒА"Кардиология",   "Центрально   - 

Азиатский медицинский журнал" журналдарының редакциялық кеңес 

мүшесі, "Сердце и сосуды" журналының редакторы ретінде де үлкен 

ғылыми-қоғамдық   жұмыстар   атқарып   келеді.   Оның   тікелей 

жетекшілігімен   Орталық   Азия   Кардиологтар   Ассоцияциясының 

Конгрессі   өткізілді.   1999   жылы   Бішкекте   өткен   ТМД 

кардиологтарының   Конгрессінде   профессор   А.Ж.Рысмендиев   оыс 

кардиологтар   Ассциациясының   Президенті   болып   сайланды   А.Ж. 

Рысмендиев   МҒА   және   ПМА   және   Нью-Йорк   ғылыми 

Академиясының   академигі,   Америка   кардиологтар   алқасының 


кеңесшісі,   сондай-ақ   Күміс   медалімен   марапаттанып,   Халықаралық 

Жыл Адамы" /1997-1998/ атануы оның әлемдегі беделі мен абыройын 

айғақтаса керек. 

А.Ж.   Рысмендиевтың   ғылымды   дамытуға,   ғылыми   кадрларды 

даярлауға және қоғамдық жұмыстары қосқан үлесі орасан зор. Ол ҚР 

Денсаулық   сақтау   министрлігінің   Мақтау   Грамоталарымен   бірнеше 

мәрте марапатталды, "Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау 

ісінің   Үздік"   белгісінің   иесі,   "Қазақстанның   Еңбегі   сіңген 

қызметкері". 

Қызылбөрік

Молболды                                                Жолболды              

Хантотас                   Есен                          Құланаян

/Қылшеттік/

Байназар Торғай Өмірзақ Қаржау

/Шымкентте/

Айтқұл  Танабай  Жидебай   Байқошқар

Базаркелді    Қазымбет    Еламан        Маржа

                       /Қырғыз мем-де/

Шағыман  Қонақай  Саны  Айталық    Найманбай

                               /Шоқай/


Қызылбөрік

Біз   Шыбыл   атамыздың   балалары   жайлы   бірден   бірге   жалғасқан, 

бүгінде аңызға айналған (жол бойы әр түрлі қоспалары бар) әңгімелер 

барын   білеміз.   Ол   жайлы   Қоңырбөрік   әулетінің   шежіресінде 

жазғанбыз.   Оны   қайталаудың   қажеті   жоқ.   Қоңырбөрік   пен 

Қызылбөріктің   бір   туғаны   шындық.   Біреулері   Қоңырбөрікті 

Жолболды,   Қызылбөрікті   -   Молболды   деп   дәлелдейді.   Екінші   бір 

нақтылық Жолболды мен Молболды - Қызылбөріктің балалары деп 

тұжырымдайды. Шежіре ел тарихы.  Шежіре елдің сыры. Осы ұрпақ 

қазынасына жансақ мәлімет, жалған анықтама қосу үлкен қателік. Ол 

мөлдір таза болу керек. Бүйректен сыйрақ шығаруға ешкімнің қақысы 

жоқ. 


Шежіре   жинаған   үш-төрт   жылдың   көлемінде   кездескен   әр   алуан 

таралымды   таразыға   сала   келе   өзімізге   жақын,   баршамыз   білетін 

шежірені назарларыңызға ұсындық. 

Қызылбөріктің Молболдысы мен Жолболдысынан өрбіген ұрпақтың 

Албан   ата   тарихында   алатын   орны   жоғары.   Әлемге   әйгілі   ұл,   қыз 

өсіргендігі   даусыз.   Қай   заманда   болсада   уақыттың   өтінде   тұрып 

(феодализмде   де,   социализмде   де,   тіпті   қайтадан   капитализмге 

оралғанда да) бабалары салған ақ жолды жалғап, дәстүрін дамытып, 

туын жоғары көтеріп келеді. Бұл қатпар - қатпар тарих.

Ал   шежіре   ешкімнің   шекпеніне   қарамайды.   Ұрпақтар   жалғасының 

ұлы көшін кімдердің жалғағанын нақтылайды. 

Қолға түскен анықтаманы сараптағанда Молболды атамыздың үлкені 

Хантотас,   кей   жерде   Тотас   деп   те   атайды.   Ал   бізге   жақыны- 

Қылшеттік. Неге Қызылбөрік руының ішінде қалайша Қылшектік деп 

аталуына үңілсеңіз әр алуан әңгіме сабақталады. Соның тағыда бір 

/бізге   нанымдысы   Хантотастың   немересі   Әзберді   ірі   денелі,   ер 

мінезді,   қарулы   болыпты.   Ертоқымыңа   таққан:   құйысқан,   тартпа, 

үзеңгібау,   өмілдірік,   қонжыға,   шеттік   Әзбердінің   қимылдағандағы 

алапат қаруына шыдамай аң аулап жүргенде үзіліп кете берген соң, 

жылқының   құйрық   жалын   күзеп,   таспалап   отырып   өріп 

пайдаланыпты   мыс.   Содан   қылдан   ертоқымсайманы   болғандықтан 

замандастары - Қылшеттік деп кетіпті. 

Тегінде жақсылықтың көбі ұмытылады. Адам өміріндегі ерсі немесе 

елеусіз, болмаса, күлкілі, сайқы- мазақ қасиеті есте ұзақ сақталады. 



Содан   шығар   Қызылбөрік   Хантотастың   Қылшеттік   деген   атымен 

ізделік.   Молболды   бабамыздың   ортаншы   ұлы-Есен   кенжесі   - 

Құланаян. Атақты жыр дауылпазы Құланаян Құлмамбеттің тегі. 

1.   Хантотастың   ұлдары.   Олар:   Байназар,   Торғай,   Өмірзақ,   Қаржау. 

Қылшеттік   шежіресін   Дүйсен   Үкібайұлы   мен   марқұм   Тұңғышбай 

Құрманәліұлы жинаған. 

2. Есен батырдан төрт ұл туған.Олар: Базаркелді, Қазымбет, Еламан, 

Маржа. 


3.   Құланаяннан   Айтқұл   жалғыз.   Осы   Айтқұл   атамыздан:   Танабай, 

Жидебай,   Байқошқар,   Жаншора   деген   төрт   ұл   туыпты.   Құланаян 

шежіресін   Қасен   Самғүлұлы   мен   Қуат   Үсенбайұлының   жинауында 

ұсынамыз.

Есен   батыр   шежіресін   ғалымдар:   Байынқол   Қалиев   пен   Кеңес 

Ұшбаев, Ақын Бөлтіріктің немересі, Қасенбайқызы Бақытгүл, белгілі 

құрылысшы Несіпбай Қойшыбайұлы жинады. Есен батыр өмірінен ел 

зердесінде   сақталған   әңгіме   жеткілікті.   Соның   бірі   -   Жолболды 

Жоңғарлармен   шайқаста   мерт   болады   да   анамыз   орта   жүз   Керей 

әулетінің белді атасының қызы екен. Екі баласы Қонакелді (Сақау) 

мен Ағай (Керейқұл) Қызылбөрік руының бетке үстар азаматтарын 

өсірген өркениетті аталар. 

Халық аузында қалған: "Қызылбөріктің қызы мықтыболады" - деген 

сөз   ел   ішінде   тарап   кеткенін   жақсы   білеміз.   Осы   сөздің   растығын 

төмендегі деректер анықтайтын сияқты. 

Қызылбөрік   Қызайым   атты   қызын   Найманға,   Мұрын   атты   қызын 

Керейге   ұзатады.   Осы   қыздары   батырлығымен,   ақылдығымен, 

парасаттылығымен, кеменгерлігімен ел көзіне ілініп Қытай жерінде 

Найман руы ішінен Қызай руы аталып кеткен, ал Керей еліне барған 

Мұрын атты қызынан Қара - Мұрын деп ру аталып кеткен. 

Молболды   баласы   Хантотаспен   жолаушылап   кеткенде,   еліне   жау 

тиеді.   Молболдының   Бәйбішесі   балаларын   алып   қашып   таудың 

үңгірге   тығылған   жеті   баласы   Шақша,   Шаян,   Баян,   Ходас,   Елақас, 

Ноян, Қодар қайда кеткені белгісіз. Қытай Республикасында баспадан 

жарық   көрген   шежіре   Қызылбөріктің   азан   шақырып   қойған   аты 

Молболды деп сыр шертеді. 

Біз   қолға   түскен   әр   түрлі   таралымның   көпшілікке   ортақ   түрін 

ұсындық. 

Қызылбөрік шамамен (1432-1502) өмір сүрген. 


Хантотас   (Қылшеттік).   Хантотастан:   Байназар,   Торғай,   Өмірзақ, 

Қаржау. Байназардан: Тобылды, Әзберді, Ырысдәулет, Мыңтай туған. 

1.   Табылдыдан:   Сарауыз   батыр.   Одан:   Оспан,   Сүйінбі,   Омар. 

Сүйінбіден:   Мұқан.   Одан:   Нұртай.   Омардан:   Қайынбай.   2. 

Әзбердіден:   Қодасбай,   Ақсембі,   Қалқан.   Қодасбайдан:   Диқанбай, 

Шоқабай,   Шоңқабай,   Сәрсенбі   (Қүйқа).   Диқанбайдан:   Алжанбай, 

Қойлыбай. Алжанбайдан: Сағынбек, Оңқайбек. Сағынбектен: Серік, 

Серікқали,   Жолдасбек,   Жанат.   Оңқайбектен:   Мұқан,   Сымажан. 

Сымажаннан:   Бекжұма,   Төлепбек.   Қойлыбайдан:   Жарылғапбай, 

Сахан.   Сәрсенбіден   (Құйқа):   Кенжебек,   Әлденбай.   Әлденбайдан: 

Рахымбай,   Тайтуқ.   Кенжебектен:   Мәлік,   Зинал,   Зиналабдин, 

Насирдин,   Белек.   Мәліктен:   Нұрадин,   Нұрбек,   Жәлел.  Зиналдан: 

Нұрадил.   Одан:   Камил.   Зиналдиннен:   Азамат,   Ұрмат,   Мұрат. 

Белектен: Рысбек. Нұрадин: Серік, Ұлан. Нұрбек: Қанат. Жәлелден: 

Жәнібек.   Мыңтайдан:   Қожакелді,   Койкелді.   3.   Қожакелдіден: 

Қаработа, Сәдімек. 4. Қаработадан: Тілеш, Сәйлібек, Исабай, Қодас, 

Шабай.   Тілештен:   Жәменке,   Бекбосын:   Әбдікәрім.   Исабайдан: 

Сүйімбек, Жұмай. Жұмайдан: Мұхит. Сейілбектен: Елеусіз, Қамбы, 

Мырза, Жұмабай, Сүгірбек. Елеусізден: Өзбек, Доға. Өзбектен: Серік. 

Доғадан:   Бақ,   Мұрат,   Себеғат,   Болат.   Бақтан:   Медет,   Серік. 

Себеғаттан:   Мәлік,   Мадияр.   Мырзадан:   Өзібай,   Мықбай,   Бітай. 

Өзібайдан: Ұлан. Мыңбайдан: Қарағұл: Ержан, Мейіржан. Ержаннан: 

Қуаныш. Мейіржаннан: Арман. Бітайдан: Кеңес. Кеңестен: Нұрлан. 

Жаманшалдан:   Қайыпбек.   Жұмабайдан:   Серік,   одан:   Әлімжан, 

Сыланғазы,   Бахтыбай,   Бақтыбек,   Бақберген,   Тоқберген,   Қастекбай. 

Әлімжаннан:   Шәкен,   Шаймұрат,   Бауыржан,   Бақытжан,   Батыржан. 

Шәкеннен:   Мақсат,   Азамат.   Шаймұраттан:   Алмас,   Асхат. 

Сланғазыдан:   Жанабай,   Таңатар,   Талғат,   Ерлан,   Жандос. 

Бахтыбайдан:   Айдос.   Бахтыбектен:   Дамир,   Еламан.   Тоқбергеннен: 

Шыңғыс. Сүгірбектен: Дүйсенбай, Кеңесбай. Дүйсенбайдан: Амантай, 

Сейсенбек,   Жанболат.   Амантайдан:   Абзал.   Сейсенбектен:   Азамат. 

Кеңесбайдан: Талғат, Бекзат, Ернат. Сәдімектен: Болтай, Қарынбай. 

Болтайдан:   Ораз,   Андас,   Қобланқұл.   Ораздан:   Нұрдәулет,   Дәукен, 

Бекебай.   Нұрдәулеттен:   Нұрғайып,   Нұрқанат,   Асан,   Үсен. 

Нұрғайыптан:   Тұрқан,   Сұлтан,   Шәймұрат,   Мұрат,   Ерболат. 

Тоққаннан:   Асхат.   Шаймұраттан:   Арман,   Есхат.   Мұраттан:   Өскен. 

Нұрқанаттан: Тергеу. Жанболат, Ержан, Сейітжан, Мәди. Тергеуден: 

Ермек,   Мерлан.   Жанболаттан:   Мейрамбек.   Ержаннан:   Азамат, 

Асаннан:   Баймұрат,   Талғат,   Есболат,   Есбол.   Баймұраттан:   Дархан. 

Талғаттан:   Елдос.   Есболаттан:   Болат.   Үсеннен:   Айдос.   Андастан: 

Омар,   Байдәулет.   Омардан:   Сәрсебай,   Қыдырбай.   Сәрсебайдан: 


Асанбай,   Амантай.   Байдәулеттен:   Қосжан.   Қосжаннан:   Бекбосын, 

Тахир,   Мақсат.   Бекбосыннан:   Азамат.   Ырысдәулеттен:   Жылқышы, 

Байсары.   Жылқышыдан:   Отарбай,   Қонысбай,   Өзбек.   Отарбайдан: 

Білісбек,   Жұмабек.   Қонысбайдан:   Байбол,   Кенбай,   Өскенбай. 

Байсарыдан: Далбы. Далбыдан: Түйебай, Ахмед, Арыстан, Бәденалы, 

Бөрібай.   Түйебайдан:   Төлен,   Құрманғали,   Құрманбай.   Ахмедтен: 

Қайыпберген, Нұрақын. Қайыпбергеннен: Нұржан, Ержан, Арқалық. 

Арыстаннан:   Рүстенбек.   одан:   Бақкелді.   Бәденалиден:   Сатай. 

Сатайдан: Тоқтар. Шалағыз: Қондыбай, Отарбай. Қондыбай: Өзбек, 

Құдайберген,   Жаңысбай.   Өзбек:   Сыдық,   Тұрсын.   Сыдық:   Ерболат. 

Ерболат:   Олжас.   Тұрсын:   Нұрболат,   Асылбек,   Қанат.   Құдайберген: 

Кеңес,   Нұрлан,   Ерлан,   Ержан.   Кеңес:   Нұржан,   Нұрман,   Дархан. 

Нұрлан: Қайрат, Марат, Санат. Ерлан: Талғат, Асхат, Айдын. Ержан: 

Мәулен, Думан, Алмас, Олжас. Отарбай: Білісбек, Жұмабек. Білісбек: 

Жанатбек,   Орысбек,   Еркінбек,   Жайырбек,   Таңжарық,   Бауыржан. 

Жанатбек: Қуаныш. Еркінбек:  Қуандық. Жұмабек: Кеңесәділ (Кенен). 

Кеңесәділ: Әлібек. Қопаш: Қонысбай. Қонысбай: Байбол, Жүнісбай, 

Игенбай,  Өскенбай.   Өскенбай:   Сейсен,  Бейсен,  Дүйсен.  Дәукеннен: 

Мұхтар, Серік. Мұхтардан: Талғат, Самат, Аян. Талғаттан: Данияр, 

Сайын. Саматтан: Шахназар. Аяннан: Мирас. Серіктен: Рауан, Рахат. 

Рауаннан:   Дәулет.   Қарынбайдан:   Жарқынбай,   Жалпақ.   Жалпақтан: 

Бейсенбі, Қырбас, Қойшыбек, Сейілбек. Қырбастан: Тағай, Ниязбай. 

Жарқынбайдан:   Тынай,   Қасымжан,   Әшімбай,   Әшім.   Тынайдан: 

Сейсенбай.   Одан:   Қанағат-     5.   Қасымжан:   Сәрсенбі.   Одан:   Ерсін. 

Ерсіннен: Медет. Әшімбайдан: Қыдыр. Қойкелдіден: Баялы, Жантай, 

Борбы. Баялыдан: Сарбағыс, Шаңбағыс, Байбағыс, Батан, Кенжегүл. 

Сарбағыстан:   Бұзау,   Жетібай.   Жетібайдан:   Сәкен,   Мәмежан. 

Сәкеннен: Берік. Мәмежаннан: Ерлан, Ержан, Ермек. Шаңбағыстан: 

Аупбай, Данияр, Кесікбай, Қлібек, Ережепбай. Даниярдан: Бағашар. 

Одан: Мұрат, Махат, Мәулет. Кесікбайдан: Жетпісбай. Ережепбайдан: 

Құлбек,   Кемел.   Кемелден:   Марат,   Самат,   Ізбасар.   Байбағыстан: 

Жұмахан, Қасен. Жұмаханнан: Жаманшал, Жаманшалдан: Қайыпбай. 

Одан:   Марат,   Қайрат.   Қасеннен:   Жапар.   Батаннан:   Дүкенбай, 

Күзенбай,   Даңбай,   Шаңбай,   Әшкей,   Бағыбай.   Әшкейден:   Кеңес, 

Мұхаметқали,   Сұлтан,   Мәлік,   Әділхан,   Жеңіс.   Кеңестен:   Әкімхан, 

Ахперхан,   Советжан,   Айдын.   Әкімханнан:   Асхат.   Советжаннан: 

Алмат. Мұхаметқалидан: Мәди, Темірхан. Сұлтаннан: Ұлан, Алмас. 

Мәліктен:   Олжас,   Қали.   Бағыбайдан:   Меделхан,   Тілеужан,   Мамыт. 

Меделханнан:   Айдос,   Ердос.   Тілеужаннан:   Дәурен.   Мамыттан: 

Қуаныш,   Жандос.   Мараттан:   Досжан.   Даңбайдан:   Ашубай, 

Дүйсенбай.   Дүйсенбайдан:   Дәуленхан,   Дәуіт,   Кемел.   Шаңбайдан: 


Ыдырыс, Ақынбек. Ыдырыстан: Ілияс. Одан: Бақберген, Құдайберген, 

Бақыт.   Мәдиден:   Айбек.   Жантайдан:   Райымбай,   Көккөз,   Смайл, 

Мырсай,   Қүнанқара,   Дөненқара.   Райымбайдан:   Қазақбай,   Одан: 

Тойған,  Ысқақ,   Өскенбай.  Тойғаннан:   Қаныш,   Қанатбек,   Ысқақбек, 

Құрманғазы,   Құрманбек,   Дінмұханмет,   Ұзақбек.   Қаныштан:   Алмат, 

Бағдат.   Ысқақтан:   Асхат.   Құрманғазыдан:   Нұрмұханбет. 

Құрманбеттен: Аян. Ұзақбектен: Толқын. Өскенбайдан: Ермек. Одан: 

Санжар,   Сәкен,   Ұлан.   Көккөзден:   Мірәбілдә,   Нұрқа,   Сіргебай, 

Базарбек,   Алқанбай.   Мірәбілдәдан:   Ырыскелді,   Мұқан. 

Ырыскелдіден: Өскен. Одан: Нұрмұқанбет, Рауан, Ерлан. Мұқаннан: 

Тоқтасын. Одан: Дияс, Димаш, Алшын. Нұрқадан: Иманқұл, Қарақұл, 

Асанқұл. Қарақұлдан: Өмірбай, Өмірәлі, Өміржан, Афанас, Өмірзақ. 

Өмірәліден: Олжас. Асанқұлдан: Серік, Берік. Сіргебайдан: Тұрсын, 

Қліпбай.   Тұрсыннан:   Әли,   Бақыт.   Ысқақтан:   Бақытжан,   Бауыржан, 

Ербол.   Әліпбайдан:   Ысқақ,   Мұқатай,   Нұрғали,   Нұрболат,   Әуез, 

Дәулет.   Нұрғалидан:   Мәди,   Нұрболат.   Мұқатайдан:   Қанат. 

Бақытжаннан: Дастан. Әлиден: Дархан. Базарбектен. Қарғабай. Отан 

соғысында   қаза   болған.   Алқанбайдан:   Нұрсұлтан.   Смайлдан: 

Төкенбай, Аман. Төкенбайдан: Арықбай. Одан: Мырзағали: Аманнан: 

Ділдақын, Жұмақадір. Ділдақыннан: Жомарт, Болат, Асхат, Бекежан. 

Жұмақадірден: Айдын. Мырсайдан: Мырқали, Одан: Үкібай, Боқаш. 

Үкібайдан: Олжабай, Дүйсен. Олжабайдан: Әнуар, Жеңіс. Дүйсеннен: 

Қанат, Ернар. Қанаттан: Абдулла. Ернардан: Мәди, Әмір. Әнуардан: 

Нарықбай.   Борбы:   Нүсіпбек,   Нүсіпбай,   Жақыпбай.   Нүсіпбектен: 

Рәсілбай,   Сансызбай.   Рәсілбайдан:   Нұрсейіт.   Нүсіпбайдан:   Уәлібай, 

Базар,   Әдін,   Қошым.   Әдіннен:   Қырғызбай.   Одан:   Ноян,   Нұрсейіт, 

Жансейіт,   Марат,   Өскен.   Нояннан:   Дәурен,   Дәулет,   Еркебұлан. 

Мараттан:   Ернүр,   Дархан,   Мұрат.   Өскеннен:   Мәди.   Нүрсейіттен: 

Нұрайдын,   Данияр,   Азат.   Нұрайдыннан:   Елдияр,   Бақтияр.   II. 

Торғайдан   тараған   әулет   Шымкент   облысы   Ордабасы   ауданында 

тұрады.   Олар:   Өскентай,   Сүттібай,   Жартыбай,   Жаңбыр,   Тынығұл, 

Бүркіт,   Қойбас,   Айбас   т.б.   деген   аталарға   бөлінген.   Шежіре   қайта 

басыларда қосылар деп үміттенеміз. III. Өмірзақтан: Елемес, Жадыра. 

Елеместен:   Бөлекбай.   Бөлекбайдан:   Бибатыр,   Беласар.   Бибатырдан: 

Өтеген,   Ауғанбай,   Кетпенбай,   Шөкебай.   Өтегеннен:   Үсен,   Тіленші. 

Үсеннен:   Ықылас,   Қызайбай.   Ықыластан:   Болатбай,   Болатжан, 

Бақытжан,   Әкімжан.   Қызайбайдан:   Қайрат.   Тіленшіден:   Бақберген. 

Бақбергеннен: Темір, Темірхан, Өмір. Темірханнан: Айдос, Жандос. 

Кетпенбайдан: Сауданбек, Үмбетәлі, Несіпбай, Несіпжан, Дәуренбек, 

Қарымсақ.   Сауданбектен:   Сексенбай.   Үмбетәлідан:   Қырғызбай, 

Елшібай.   Қырғызбайдан:   Темірхан,   Ербол.   Елшібайдан:   Серік, 


Қайрат.   Серіктен:   Қанат,     Абзал.   Несіпжаннан:   Меліс,   Мелістен: 

Сейіт, Сағи, Санат, Санжар, Мұрат, Заңғар, Марат, Сейіттен: Сырым. 

Дәуренбектен:   Дүйсен,   Туғанбай.   Қарымсақтан:   Мәлік,   Нұрболат, 

Ерболат.   Мәлістен:   Мәди.   Нұрболаттан:   Мақсат,   Ерлан,   Жандос. 

Шөкебайдан:   Әбдіразақ.   Беласар:   Игілік.   Игіліктен:   Бияздық, 

Жексенбі,   Ыбырайым,   Қыбырай.   Бияздықтан:   Нүсіп,   Қыдырбай, 

Қоржынбай. Нүсіптен: Дүйсекен, Әлімбек. Әлімбектен:Мұрат, Қуат. 

Мұраттан:   Мерген,   Асқар,   Ринат.   Қуаттан:   Батыр.   Қыдырбайдан: 

Орыс,   Бейсенбек,   Сейсен.   Орыстан:   Дәурен,   Думан.   Бейсенбектен: 

Азамат.Сейсеннен: Қалым, Дастан. Қоржынбайдан: Оспан, Сыздық, 

Нұрсадық, Нұрғайым. Оспаннан: Нұркелді, Айбек. Сыдықтан: Айдос. 

Нұрсадықтан:   Қуаныш.   Жексенбіден:   Оразалы,   Абыхан,   Сыдық, 

Тоқан.   Сыдықтан:   Берік,   Серік.   Серіктен:   Ермек.   Ыбырайымнан: 

Құрманәлі,   Бекәлі,   Имаш.   Тұрғышбайдан:   Ұлан,   Сәбит,   Сәкен. 

Сәбиттен:  Абзал.  Имаштан:  Шаяхмет,  Серік,  Майлин.  Шаяхметтен: 

Бағлан.Серіктен:   Ермек,   Ерлан.   Майлиннен:   Ержан.   Қыбырайдан: 

Дияр, Дәукен. Дәукеннен: Исабай, Тоқан, Тоқабек. Исабайдан: Елнұр. 

Тоқаңнан: Ернар, Нұрлан. Тоқабектен: Данияр, Мадияр. Бибарытдан: 

Өтеген,   Ауғанбай,   Шөкебай,   Кетпенбай.   Өтегеннен:   Үсен,   Тіленші. 

Үсеннен:   Ықылас,   Қызайбай.   Қызайбайдан:   Қайрат.   Тіленшіден: 

Бақберген.   Бақбергеннен:   Темір,   Темірхан,   Өмір.   Шөкебайдан: 

Әбдіразақ.   Одан:   Кадіржан.   Жадырадан:   Заманбек,   Жақсылық, 

Қүлжан,   Ташкенбай.   Жақсылықтан:   Оқастан:   Бостыбай,   Тастан. 

Бостыбайдан:   Ерғайып,   Бекболат,   Орынбасар.   Ерғайыптан:   Қайрат, 

Дулат,   Арман,   Мадияр,   Бекқали.   Қайраттан:   Дәмір.   Бекболаттан: 

Еркебұлан. Орынбасардан: Ерлаткен. Күлжаннан: Әубәкір, Қасымбай, 

Мұқан.   Әубәкірден:   Иманғали,   Барық,   Бекіш.   Иманғазыдан:   Әскер 

(Қырыз   Республикасында   тұрады).   Ташкенбайдың   ұрпақтары   да 

Қырғыз   Республикасында   тұрады.   Қаржаудан:   Мырза,   Келменбет. 

Мырзадан: Ақкісі. Ақкісіден: Қодар, Алыбай, Қалыбай. Алыбайдан: 

Ақбай,   Сәлімбай.   Ақбай:   Меліс.   Меліс:   Талғат,   Ермек,   Ерлан. 

Сәлімбай: Леміс. Леміс: Серікбек, Бердібек, Сұрқоян, Асқар, Асқат. 

Қалыбай: Бейсенбі. Бейсенбіден:  Оңғарбай. Оңғарбайдан:  Сейілхан, 

Берік, Серік, Аман. Қодар: Едірен, Қыйсық. Едірен: Шаштай, Исаділ, 

Әбдіман,   Рахымжан.   Шаштай:   Бекберген.   Бақберген:   Жасұлан. 

Исаділ:   Бақберген.   Әбдіман:   Тілеулес,   Тілеуберген,   Тұрсын, 

Жолдасбай. Рахымжан: Мұқан, Тілектес, Нұрдан, Жайлаубай, Қанат, 

Қуаныш.   Қыйсық:   Иманбай.   Иманбай:   Бақман,   Әбу,   Аман,   Мұқан, 

Ақылбай,   Қайшы,   Кәрібай.   Бақман:   Жапсарбай,   Қуат.   Жапсарбай: 

Жанболат,   Жақсылық,   Болат.   Жанболат:   Әсет.   Қуат:   Бақыт.   Әбу: 

Тұрсын. Тұрсын: Ғабит, Кани, Ермек. Аман: Мұрат, Сәбетбек, Марат, 


Саят.   Мұқан:   Төлеубек,   Алмасбек,   Нұрғанат.   Нұрғанат:   Тілеуберді. 

Ақылбай: Сенбай, Серікбай, Есболат, Бақыт. Сенбай: Жандос, Руслан, 

Олжас.   Серікбай:   Дәурен.   Қойшы:   Бауыржан,   Болатжан,   Дархан. 

Бауыржан:   Данияр.     Кәрібай:   Алмас,   Қайрат,   Азат,   Еркін.   Қайрат: 

Мұхамед.   Келменбет:   Кенекес.   Кенекес:   Сабырбай.   Сабырбай: 

Адасбай.   Адасбай:   Әбдімомын.   Әбдімомын:   Садыхан,   Сатынбай, 

Тілеужан.   Садыханан:   Қасенбай.   Қасенбай:   Ермек,   Жасұлан, 

Еркебұлан. Сатынбай: Бекет, Серік, Медет. Серік: Жақсылық, Рүстем. 

Тілеужан: Елубай, Абылай, Мейрам. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет