Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі


ШОҒАН ЕЛДІҢ АТЫН ЕР ШЫҒАРАДЫ



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата06.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#8452
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77

ШОҒАН

ЕЛДІҢ АТЫН ЕР ШЫҒАРАДЫ

АЛЖАН – МӘМБЕТ

Алжа Шоған Абыздың төлтума баласы. Шоған Абыздың үшінші әйелі 

Шапырашты Әйтім бидің қызы Ақкерме деген кісі екен. Әйтім бидің 

әулеті Қаскелен қаласынан төменгі Әйтім ауылында отыр. Ақкерме 

Мәмбеттің   жетіге,  Үмбеттің   бес   жақсы  қараған   шығында   дүниеден 

қайтыпты. Абыз мал, дүние жимаған, сый құрметі елден болған. Есі 

кіріп   қалған   Мәмбетке   анасының   жоқтығын   білдірмеймін   деді   ме, 

қайда барсада әуелде артына міңгестіріп, ат жалын тартып міңгеннен 

кейін   жеке   атқа   міңгізіп   жанына   ертіп   жүріпті.   Қонақта   отырғанда 

дастархандағы барды: “Ал Жаным!” деп Мәмбетке беріпті. Мәмбет 

қазылез, алғыр, көңілдегіні көзге қарап түсінетін сезімтал бала екен. 

Бір   жаққа   жұмсаса   басқаларды   емес:   “Алжаным   сен   бар   қой”   деп 



Мәмбетті   жұмсайды.   Әлденен   не   керек   бола   қалса:   “Алжаным   сен 

әпере қойшы” – деп Мәмбетке тапсырыпты. 

Айтқаның   екі   етпеген,   сөзге   де,   іске   де   тиянақты   Мәмбетті   басқа 

балаларынан   артық   ерекше   жақсы   көріпті.   Қашанда   пенде   болған 

жерде,   іштарлықта,   күншілдікте   бар.   Бүкіл   ел   сыйлаған   Шоған 

абыздың   мейіріміне   ие   болған.   Мәмбет   аты   ерекше   ілтипатпен 

“Алжаным” ға айналуы кімнің де болса ішін тырналамай ма, сондай 

бір   іштарлық   әуелде   өз   туған   бауырларынан   шығып,   кейін   елге 

жайылыпты. 

Солардың отыз тісінен шыққан қысыр сөз отыр руға кетіпті. Жалғыз 

ауыз   сөз   сан   саққа   жүгіріп,   саналуан   құбылып   әлі   ілесіп   келеді. 

Біреулер “Қозы баққан баладан Шоған абыз: Кімнің баласысын?” – 

десе   бала:   “Кім   жақсы   болса   соның   баласымын”   депті,   құлдықта 

болған   сол   баланы   Шоған   абыз   “Мнеің   балам”   деп   даулап,   бала 

көрсеткен жаурындағы меңді дәлел етіп жеңіп алыпты дейді. Ал енді 

екінші біреулер: “Сол кезде дінін уағыздап қаңғып жүрген қожаның 

баласы   екен”   десе   үшінші   біреулер:   “Ханның   баласы   екен;   Ханды 

інілері   өлтірген  соң,  әйелі   ”Өлім   болды,   ел  іші   алтын  бесік,   менің 

қасымда жүрсе тірі қалдырмас – деп анасы балаларын тастап кетіпті. - 

секілді әр қурайдың басына бір жіп байлайды.

Осындай алып қашпа сөзге басқа емес, әлде неге ағайыңға ренжісе 

немесе аты озған ауылға жағынғысы келсе, Алжан атамыздың кей бір 

өз балалары да сеніп қалады. Осындай ушықты пікірді өз мәртебесін 

өсіргісі   келген   ағайындарда   малдана   қойғысы   келеді.   Соның   бірі 

Қазыбек – Бек Тауасарұлының “Түр-тұқиямына өзімешейін” деген бір 

атаның шежіре естелігі. Оны 1994 жылы жазған. Осы “Социалистік 

Қазақстан”   газетінің   сөз   пайдалану   тәсілімен   шығарған   Балғабек 

Қадырбекұлы.   Бұл   жазушы   Алжан   мен   Қыстық   Шапырашты 

бабамыздың балалары деп соқты.

Біз   осындай   алып   қашпа   сөзге   емес,   нақтылы   болмысқа   жанжақты 

зерделеп,   тоқтымға   келетін   заманның   білімді,   білікті   ұрпағымыз. 

Ендеше ұщақпен ұшып, кемемен жүзіп, поезбен сызып, машинамен 

айшылық жолды тәулікте жүріп баратын заманда күресінде тастаған 

баланы   сіңіре   алмай   жүргенде,   қозы   көш   жердегі   екі   ауылдың 

арасындағы баланы сіңіріп кету, әй, оңай емес шығар.


Осы секілді ел ішіндегі елпектеген сөзді бастағаннан кейін болашақ 

ұрпаққа бәрін айта кеткен жөн. “Анасынан ерте айырған Мәмбет пен 

Үмбетке   дұрыс   қарамаған   соң,   Шоған   абыз   екі   ұлына   ренжіп,   оң 

батасын бермепті. Содан олардың тұқымы өркендеп - өсіп кетпепті” – 

деген   сөз   бар.   Жақынымызды   жатқа   айналдырғанда   жүрегіміз 

шыдағанда әділ абыздың ақиқатын айтқаннан неге жасқанамыз.

Иә,   ағайындар,   жоғарыда   оқығандардың   ауыл   үйінің   арасындағы 

арзан сөз. Олардың барі өзімізбен бірге кетсін. Ертеңгі ұрпағымызға 

ақиқатты біле жүрсін, жүректерінде кілпілдеген кірбің қалмасын деп 

Албан атасының осы толық қанды шежіресінде бізге жеткеннің бәрін 

жаздық. Жақсы ұрпақтарымыз жақсысын алады, ал жаманына дауа 

жоқ. Олар ақиқат шындық пен алыпқашпа әңгіменің арасын бізден 

жақсы ажыратады.

Жаратушы тәңірім сол ұрпаққа кез етсін.

Енді Алжан – Мәмбет атамыздың әулетінен шыққан жақсы адамдар 

жайлы өмірдеректерді ұсынамыз.



ЖАНПЕЙІС ЗИРАТЫ

/ХІХ ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ/

Райымбек батырдың кенже баласы Әжі.

Әжіден:   Малқара,   Байқара.   Малғара   баласы   Жанпейіс   елге   сыйлы, 

әділдігімен аты шыққан ауқатты адам. Райымбек ауданы Шәлкейде 

жайлауында   өткен,   ғасырда   салынып   біткен   тарихи   ескерткіш 

“Жәмпейістің шамкөрі” деп аталады. Ағаштан қиып салынған үлкен 

зираттың   жұрнағы   әлі   де   бар.   Бұрынырақта   еркек   кіндікті 

ұрпақтарының көбі сол шамкөрге жерленетін.

Ал   Диқанбай   /1857-1918   жж./   ел   басқарған.   Албандағы   атақты 

адамдардың бірі. Арғы ата-бабалары Сырымбет, Ханкелді, Райымбек, 

Жанпейіс   ең   соңғы   Диқанбайға   дейін   батырлық   та,   байлық   та 

үзілмеген “әруақты жерден ат үркетін” тарихи зор әулет.

1918  жылдың   күзінде   қазақ-орыстың   жазалаушы   отриядтары 

Шөлкедегі   бейғам   жатқан   беркелді   Диханбай   ауылын   апатқа 

ұшыратып, мал – мүлкін талан – таржыға салады. Диханбай бастатқан 


Құдайберген,   Құсайын,   Мішән,   деген   үш   баласымен   қосып   жалпы 

саны 11 адамды кескілеп, атып өлтіргені көпшілікке мәлім. 

Әжі – Райымбек атаның ең кіші ұлы, әрі үлкен үйі болып саналады.

ЖАНПЕЙІСҰЛЫ ДИХАНБАЙ-БИ

1852  жылы, Райымбек ауданы, Қарасаз елді мекенінде туып,   1919 

жылы   Кеңес   өкіметінің   отряд   бастығы   Муравьев   бүкіл   отбасымен 

Қарағайлы   сайда   қырып   кеткен.   Зираты   Қарасаз   бен   Сарыжаздың 

ортасында. Халық сыйлаған. Ел арасында әділдігімен атағы шыққан, 

аруақты ауылдың иесі.



МАҚАТАЕВ МҰҚАҒАЛИ – АҚЫН

1931 ж Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында туылған. Сондағы 

орта мектепті 1947 ж. бітіргеннен кейін туған жерінде қалып жұмыс 

істеді.  1956 ж. алматыда өткен ақын – жазушылардың республикалық 

тұңғыш   Слетіне   қатысып,   аға   буын   қаламгерлердің   назарын   өзіне 

аударған.  Алпысыншы  жылдардың  басында   Алматыға  көшіп   келіп, 

Қазақ радиосында диктор, “Социалистік Қазақстан” газетінде әдеби 

қызметкер, “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет 

атқарды.     1973-1975   жылдары   Мәскеудің   М.Горький   атындығы 

Әдебиет институтында оқыды. Содан кейін бірыңғай творчестволық 

жұмысшылармен шұғылданды. 

Ақынның баспа бетінен жеке жинақ болып жарыққа шыққан тұңғыш 

туындысы   “Ильич”   –   1964   ж.   поэмасы.   Содан   кейін   “Жазушы” 

баспасынан оның “Армысындар, Адамдар” – 1966 ж,  “Қарлығашым, 

келдің  бе?!”– 1968 ж, “Мавр” – 1970 ж,   “Дариға, жүрек” 1972 ж, 

“Шуағым менің” – 1974 ж. атты кітаптары, ал қайтыс боларынан аз – 

ақ   күн   бұрын   “Өмір   дастан”   –   1976   ж,   деген   атпен   тыңдамалысы 

жарық көрді.

М.Мақатаев   аудармасы   саласында   да   өнімді   жұмыс   істеді.   Қазақ 

композиторларының   өтінішіне   орай   олардың   көптеген 



шығармаларына   ән   текістерін   жазды,   бұған   ағиық   әлем   поэзиясы 

потриярлықтарының   бірі   Дантенің   “Құдіретті   комедиясы”   мен 

американ   әдебиетінің   көрнекті   өкілі.   У.Умитменнің   философиялық 

өлеңдерін   тәржімалап,   көзінің   тірісінде   оларды   “Жазушы” 

баспасынан жеке кітап етіп бастырып шығып кетуі анық дәлел. Ал, ән 

текістеріне келер болсақ, ақынның тірі кезінде де, одан кейін де оның 

өлендерімен шырқалған музыкалық шығармашылық баршылық. Оған 

композитор   Н.Тілендиевтің   “Саржайлауым”,   Семейлік   сазгер 

Т.Рахимовтың   “Сәби   болғым   келеді”,   “Есіңе   мені   алғайсың”   атты 

әндерін мысалға қалдыруға болады.

Ақын   өмірден   кеткен   мен   оның   творчествосының   өміршілдігі, 

мұрасының молдығы оқырмандарды әлі қайран қалдыру мен келеді. 

Соңғы   15   жылдың   ішінде   “Жалын”,   “Жазушы”   баспалары 

жарияланған   және   жарияланбаған   дүниелерін   қосып,   “Өмір   -өзен”, 

“Шолпан”,   “Қош,   махаббат!”,   “Райымбек,   Райымбек!”   екі   томдық 

шығармалар   жинағын   1982   жылы   “Жазушы”   баспасы   басып 

шығарды.

Алматы   қаласында   М.Мақатаев   атында   көше   бар.   Райымбек 

ауданындағы   Қарасаз   ауылы,   мектеп   аты   М.Мақатаев   есімі   мен 

аталды.   Сол   селода   ақынның   шығармашылық   жолына   өміріне 

арналған   сәулеті   музей   –   мұражай   салынған.   Ақынның 

замандастарының естеліктері жарық көрді.



МҮСІРӘЛИЕВ МОЛДАҚЫН – ЕҢБЕК ЕРІ

(1906-1976)

   Қазақтың арқар – меринос қойының дүние келуінде Кеген ауданы, 

“Қызылту”  ұжымшарының   озекше   орны   бар.   Қойдың   осынау   асыл 

тұқымын   шығарып   өсіруде   ұшымшар   төрағасы   М.Мүсірәлиев   те 

елеулі еңбек сіңіріп, сүбелі үлес қосты. 

Ол 1906 жылы Нарынқол ауданы, Сарыжан селосында туған. Еңбек 

жолын 1925 жылы селолық комсомол ұйымының хатшысы болудан 

бастап,   өзін   жастардың   жігерлі   жетекшісі   ретінде   көрсете   білді. 



Ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен ол бұдан кейін партия, 

Кеңес,   шаруашылық   жұмыстарына   тартылды.   Ұлы   отан   соғысына 

қатысты.   1944-2952   жылдары   жоғарыда   аталған   “Қызылту” 

колхозының төрағасы болып істеді. Бұл жылдар оның өміріндегі ең 

бір   елеулі   кезең   болды.   Шаруашылық   жұмыстарын   үлгілі 

ұйымдастырумен   қатар   мал   тұқымын   асылдандыруға   ерекше   көңіл 

бөліп, жаңа қой тұқымын шығаруға белсене атсалысты. Осындай ерен 

еңбектері   үшін   оған   КСРО   Жоғарғы   Кеңесі   Төралғасының   1948 

жылғы 23 шілдедегі Жарлығы бойынша Социалистік Еңбек Ері атағы 

берілді.   Ал   1950   жылы   КСРО   мемлекттік   сыйлықтарының   иегері 

атанды. 

М.Мүсірәлиев 1964 жылға дейін ауданның ұжымшар, кеңшарларында 

басшы   қызметтерде   жемісті   жұмыстар   істеді.   Соның   бәрінде   де 

Мүсірәлиевке тән қолтаңба қалдырды. Елі ерен ер азаматтың есімін 

есте сақтап келеді. Аудан орталығы – Кеген селосындағы бір көше 

оның есімімен аталады. 



ШОҒАН АБЫЗ ҰРПАҚТАРЫ

Шоған Сүйерқұлұлы 1984-1942 жылдары өмір сүрген қазақтың абыз 

биі. Ташкент-Шымкент өңірінде туған деп айтады, көне көз қариялар 

және бізге жеткен деректер де солай. Шоған – делінген, ботаникалық 

сөздікте,   кебіртік,   қиыршық   тасты   беткейлерде   және   шөлейт 

құмдарда өсетін биіктігі 2,5-3 метр бұта.

Шоған   көбінесе   қара   сексеуілмен   аралас   өседі.   Шоған   топырық 

тұзына көнбісті, бұталарының құрамында сілті мен сода болады. 

(Ө.Орынбаев.   “Қазақстан   ормандары”.)   Міне,   сондықтан   Шоған 

бабамыздың туған жері жоғарыда көрсетілгендей оңтүстікте болғаны 

анық,   өйткені   Шоған   бұтасы   тек   қана   осы   өңірде   өседі.   Шоған 

бабамыз   және   осы   шоған   бұтасы   көктеген   кезде   жазғытұрым,   жан 

кезінде тууы мүмкін деп жорамалдауға болады. Ал туған жылы мен 

қайтыс   болған   жылдары   деректер   бойынша   әр   түрлі.   Бір   деректе 

Шоған бабамыз 96 жасқа келіпті делінсе,


Болашағын көре алған 

Тарихтан төр алған 

Шоған би абыз атамыз

Адалдықты жырлаған

Көптің болған атасы

Оң болған әр кез батасы

Терең бол деп Іледен

Айдынды бол деп Іледен

Асу бермей тауынан

Асып жат деп тауыңнан

Ұрпаққа өмір тілеген 

Байлық үшін жүрмеген

Өзі үшін өмір сүрмеген

Жауы одан аспаған 

Артына ерсе бір адам

Жақсы жолға бастаған

Мықтымын деп таспаған 

Мәмбет деген баланы

Алжаным деп өсірген

58 жасында өзі өмірден өтіпті... – 

делінген өлең жолдарына жүгінсек  58 жасқа келген сияқты. Ал, мына 

төмендегі   жолдарға   үңілсек:   “Досалы,   Шоған,   Қожбанбет,   Жарты 

төртеуінен тарған ұрпақты  «Сегіз сары»  десе, екіншілері   «төрт шал 

сегіз сары» дейді. Дұрысы: «төрт шал сегіз сары». Өйткені ағайынды 



төртеуінен   8   ұл   туған.   Шоғаннан   –   Тұғжын,   Дәуім,   Досалыдан   – 

Бірімбет,   Қожбанбет   –   Ағым,   Сағым,   Тілеу,   Жартыдан   –   Айдабол, 

Есбол. Шоған абыз осы сегіз баланы ерітіп өзінің тұстасы үш жүзге 

бірдей атағы шыққан Әйтеке, Қазбек билермен бірге қазаққа кезек – 

кезек бас би болған Төле биге барады. Амандақ – саулық сұрасқаннан 

кейін, Төле би: Иә, Шоқа, жол болсын, мына ертіп келген «сегіз сары» 

кім?  - депті. Сонда Төле би:

«Сегізің де сары екенсің,

Жігіттің шыңға біткен нары екенсің,

Өтірік-өсек ермей сыртарыңнан

Албан атты ағаның ары екенсің.

Албан балалары Қытай асып кетті деуші еді,

разымын әлі бар екенсің

Еліңе ес бола біл, жауыңа сес бола біл. Үрім-бұтағың үзілмесін, ел іші 

бүлінбесін. Жас шыбық бой түзегіш, талапты жас ой түзегіш келеді. 

Ердің баласы едіңдер, енді елдің панасы болыңдар», -  деп батасын 

берген екен. Содан бастап ағайынды төртеуінен туған ұрпақ  «сегіз 

сары» атанып кетеді» делінген. Осы жерде Төле биді Шоған абыздың 

тұстасы делінген. Төле би Әлібекұлы 1963 жылы Шу өзені, Жайсаң 

жайлауында туған. Шоған бабамыз 1942 ж. дүние салса, Төле бидің 

қалайша   тұстасы   болады   деген   ой   келді.   Олай   болса,   Шоған   абыз 

Сүйерқұлұлы 96 жасқа келді деген дерек әбден дұрыс сияқты. Өлең 

жолдарына және басқа да деректерді оқи, тыңдай отыра бабамыз Іле 

бойында   дүние   салған   деген   тұжырым   жасауға   болады.   Шоған 

бабамыз албан арасында бір өзі ғана абыз атына ие болған қасиетті 

атамыз.


Абыз сөзінің төркіннен тоқталсақ:

абыз – 1. көп білетін, білімді адам,

2. сәуегей, көріпкел.

Жасамыс жазы да бар кәріліктің,

Тыңдадым ән ырғағын, сазын ұқтым.


Абыздың ақылындай шалқып жатыр,

Таудағы тасын шағын тамызықтың 

(Ж.Сызыдықов, Белестер).

Ұлы бабамыз жас тайынан өте зерек, ақылды, көпшіл болған. Бұған 

дәлел халқының өзі оны жастайынан би сайлаған. Ол он төрт жасынан 

ел басқару ісіне араласып, билік айта бастайды. Шоған би көбінесе 

өзінің   туып   –   өскен   ортасы   Ташкенттің,   Шыршық   жағымен 

Шымкенттің   бұрынғы,   Қаратас,   Тұрбат,   Қазықұрт   баурайындағы 

ауыл – қыстақ, қалаларды тұратын халық арасында жиі болып билік 

айтқан.   Ұлттар   мен   рулар   арасының   достық   ынтымағын   сақтауға, 

елдің   тыныштық   бірлігін   нығайтуға   көп   күш   жұмсайды.   Өйткені 

бабамыздың жаңадан құрылған қазақ хандығының әр түрлі ішкі және 

сыртқы тартыстарды бастан кешіп жатқан кезде, қазақ хандарының 

ұзаққа   созылған   соғыстары   елдің   хал-жайын   күйзелтіп,   халықтың 

берекесін кетіріп жатқан кезде өмір сүреді емес пе. “Елдің бірлігі – 

жағынан, кек қызуы қанынан. Қанымды да жанымды да өзгенің өлең 

жеріне тастағым жоқ. Ерлігімді – елдігіме тапсырдым, кеңдігімді ұлан 

далама тапсырдым. Екеуіде – туым, қазақ жүрген – нуым. Аңырдым 

деп   арманымызды   жоғалтпайық,   ауырдым   деп   аруағымызды 

жоғалтпайық.   Көрген   күн   түс,   басқа   түспесін   іс”,   -   деген   сияқты 

Шоған   абыз   сөздерінен   бабамыздың   халқын,   қазағын   қаншалықты 

сүйетіндігін,  жоғары бағалайтының көруге болды. Қазағын ерлікке, 

елдікке  шақырады.  Қанымды  да,   жанымды  ды  өзгенің  өлең  жеріне 

тастағым   жоқ.   Бір   қазақтың   шеттен   жүрмей   ел   ішінде,   өз   елімен 

өзімен   бірге   жүргенін   қалайды.   Ерлік   пен   елдігін   туы   санап,   елі 

жүрген жерін жайлаған ну орманға бағалаған бабамыздың өнегелі сөзі 

төрт   бес   ғасырлардан   кейінде   бізге   үлгі   болып   тұрған   жоқ   па?! 

Немесе: - “ерден кетсе де, елден кетпек жоқ, дүниеде туысқан қымбат. 

Туысқан   намысын   қуысқан   қымбат”,   -   депті   бір   сөзінде   бабамыз. 

Бірлікке, ынтымаққа, бауырмалдыққа қызығын шақырған осындайақ 

болар. “Әр кімнің туған жері өзіне Мысыр-Шахар”, - өз жерінді, туған 

елінді құрметте, сыйла, туған жердей жер жоқ, туған жеріне ие бол 

деп   тұрғандай,   бабамыз   осы   нақыл   сөзі   арқылы.   Арманыңды 

жоғалтпа,   жақсы   өмірге   талпын,   аруағынды   жоғалтпа,   өткенінді 

ұмытпа,   ата   –   жолын   сақта,   қасиетті   бабалар   жолынан   тайма,   деп 


үйретіп   кетіп   отыр   емес   пе?!   Өлең   жолдарындағы:   “өзі   үшін   өмір 

сүрмеген” деген дәл айтылған сияқты бабамызға, өйткені халқы үшін, 

қазағы   үшін,   келешек   ұрпағы   үшін   өмір   сүрген.   Би   атамыздың 

қайраткерлік   өмір   жолы   осыны   дәлелдейді.   Әттен,   жаушылықта, 

жорықта   ел   арасындағы   тартыстарда   жүрген   бабамыздан   жеткен 

деректер   -     тұмдап   болса   жиналып   жатқанымен,   аз   ғой.   Бірақ   осы 

жеткен Шоған абыз айтты дегендерінен, істеген істерінен дара тұлға 

сомдалады. 

Шоған  абыздың  Тұғжым,  Дәуім,   Мәмбет,   Үмбеттен  атты  төрт   ұлы 

болады.   Бабамыздың   Мәмбетті   жұмсағанда   ол:   “Жаным   бара   ғой, 

бүйте   ғой,   сүйте   ғой,   жаным,-   деп   жүріп   елгезек,   қағылез   Мәмбет 

Алжан   атанып   кетеді,   Алжанның   би   атамыз   ерекше   жақсы   көрсе 

керек.   Албан   балалары   жиналғанда,   басшылары   бар   үлкен   жиын 

тойда той бастау, жөн айту, ат бәйгесі т.б жолдар Алжанға берілсін 

деген   екен   бабамыз.   Шоған   Албан   балаларының   ішінде   беделді, 

білімді, көпшіл, мейірімді болғандықтан, албан, бұғы, өзбектер абыз 

атағын   берген   сыйлы   адам   болғандықтан,   Шоған   абыз   тілегін 

орындап Алжанға албан ішінде жол берудің бірінші себебі осыдан. 

Қазақ   халқының   салт   дәстүрі   бойынша   келіндері   атасының   атын 

атамаған. Шүйкені – түйдек, құсықты – лоқсыма, құрбанды – тұрбан 

т.б деп келіндері тергесе, Шоған ата келіндеріне атын атауға рұқсат 

берген,   атымды   атап   жүріндер   деп   деген   тілек   білдірген.   Өзінің 

көріпкелдік,   әулиелік   қасиетімен   өз   атымен   бүкіл   бір   рулы   ел 

атанатының күні бұрын сезгендей, білгендей. Атымды келіндерімде 

тайсалмай атап жүрсін, мерейлері үстем болып, абыздың келіндеріміз 

деп жүрсін деген сияқты.

Бұл   қазақ   арсында   ол   кездері,   тіптен   қазірде   болмаған   құбылыс, 

қалыптасқан дәстүрден өзгешілік, жаңалық іздеген сияқты бабамыз. 

Сонымен   күні   бүгінге   шейін   албандар   арасында   Шоған   руының, 

қасиетті  баба  құрметінің  арасында  шоқтығы  биік,   мерейі  үстем,  ел 

арасында қадірлі. 

Қызыл, қоңыр тұқымы 

Бұғанда Қызыр дарыған.


Сүрік құлдың баласы 

Төртеу туған парымен:

Досалы, Шоған, Қожбанбет,

Жарты екен арғы бабы сарыдан

Енді берді тарайтын

Досалы Шоған жағынан

Шоған абыз ағасы, 

Аңызға терең қазына..., -

деп   мына   кейінгі   1912   жылдары   блыс   сайлауында   Көдек   ақын 

осылайша   абыз   атамызды   дәріптейді.   Шоған   абыз   туралы   албан 

бабалары   көне   көз   қариялар   аңызынан,   шежірелер   шеруінен   өмір 

жолын   ұсынса,   ақындар   Бөлтірік   Атыханұлы,   Әбжібек,   Қабай 

Қойдым, Асан Барманбекұлы, халық ақыны Көдек бабамызды өлең 

жырларына қосып отырған.

Шоған абыз ұрпақтары мақтан етуге тұрарлық. Райымбектей әулие, 

батыр   бабамыздың   есімі   тарихқа   алтын   әріппен   жазылған. 

Алматыдағы   тоғыз   жолдың   торабында   жатқан   Райымбек   батыр 

зиратына   күн   сайын   жүздеген   адам   келіп   тәу   етеді.   Жас   жұбайлар 

аруағына   сыйынса,   перзентсіз   аналар   кесенеге   келіп   тілек   тілейді. 

Көпшіліктің   әулие   орын   деп   санайтын   жері   –   батыр   кенесімен   ақ 

түйесі сансыз арман тілегіне жеткізді және жеткізе бермек. 

Поэзия  көгінде  шолпан  жұздыздай   жарқыраған,  ақиық  ақын,  ғасыр 

ақыны   Мұқағали   Мақатаев   –   Шоған   абыз   ұрпағы.   Батыр   бабасы 

туралы   “Райымбек,   Райымбек!”   атты   поэма   жазды   –   бұл   әулие 

бабасына өлеңмен жазылған ескерткіштей.

Шоғанның 6-шы ұрпағы Байсары шешен, білгір адам болған, өткір 

сөздері ел есінде. “Төбедегі аман болса, төрдегі келеді, есіктегі аман 

болса, есіме төрім түсірді. Ел арнасы аман болса, есіктен кірген төрдің 

ырысы,   ошағы   аман   болса,   қонағымның   ырысы.   Жауым   болмаса, 

ошағымды   аман   болса,   қонағымның   ырысы.   Жауым   болмаса, 



ошағымды   аттамас,   болса,   қонағымның   ырысы.   Жауым   болмаса, 

ошағымды аттамас, босағамды даттамас, төріме қонар беркем болар. 

Дос   көп   болса,   дұшпан   жоқ,   дұшпан   тоқ   болса,   шері   тарар,   асына 

тойса, кәдене жарар. Дастархан жайылса ауылдың көркі. Ел арасына 

жік салма, көкірекке дық салма”, дген сияқты өнегелі сөздері қалған. 

Байсары баласының төрт ұлы төрт төбе. Қара батырым – сол иығым, 

Бозбатырым   –   оң   иығым,   Бибатырым   –   билігім,   Сарбатырым,   - 

сабырым. Өзі ешкімге жат емес, жар астында жау болса, батырлығы 

қате емес, - деп әділ сөйлеп, ақ айтып, әділ шешіп дәмге, ақылмен 

шешіп, сәнге қояды екен. Бір ұрпағы Құдиярбек 18 ғасырдың аяғында 

Петрборда оқып білім алып, ақ патша тұсында аудармашылық қызмет 

атқарған.   Құдиярбек   Қарақара   көтерілісінде   Жәмеңеке,   Ұзақ 

батырларыменен   35жасында   ақ   патшаның   жендеттерінің   қолынан 

мерт болады. Білім жолына түсіп Қытай қазақтары арасында ерекше 

білімдар боп кесек тұлға ретінде көзге түскен Әбдірахым Төғайұлы: 

Жамағат, тыңдасаныз құлақ асып: 

Тұрғам жоқ шежіреге әлде тойып,

1934 жылы 33 жасым еді

Той жасады әкем Төғай бие сойып,

Білімі жетілді деп, ұлым деді

Тәңірдің бізге берген құлым деді  

Шежіренің шеруін білгеннен соң,

Абыздың үміт күткен құлы деді... – 

деп,   өзі   әкесінің,   елі   –   жұрты   арқасында   шежіреге   жетіп   болсада, 

білмегенім   әлі   де   көп   дегенді   меңзейді.   Абыз   балалары   осылайша 

қасиетті бабаларын әр дайым ардақтайды, пір тұтады. 

Бұхарбай ұрпағынан тараған Сімтік 1905 жылы обылыс билігін алады, 

қиян – кескі, дүрбелең жылдары ауыртпалықты көп көреді. Елді Сібір, 



Итжеккенге айдамақ болғанда, Сімтік жолда жарлықты отқа күйдіріп 

елді аман алып қалған. Осындай тартыстарды: елі біріне бірі қарсы 

болып жатқанда: 

“Ажалды қарға бүркітпен, 

Ажалды албан Сімтікпен ойнайды”, - 

деген сөзді елі ұстап қалған. 

Сімтік аса зерделі, ісіне мығым, ел басқаруға лаық азамат еді. Шоған 

абыз   ұрпақтарының   осындай   елге   тұлға,   өнеге   болған   азаматтарын 

көп деп айтуа болады. Шежірешілер Әбділда, Баймолда, Мергенбай 

қариялар, ел ішінде көптеген өнегелі сөздері қалған Іргебай, Үркінбай 

қариялар, Олжабай, Қараш сияқты батырлар шыққан. Осы күндеріде 

абыз   ұрпақтары   әр   салада   еңбек   етіп   баба   даңқына   дақ   түсірмей 

келеді.   Ғалымдар   Т.Омаров,   М.Қойшыбаев,   Т.Есекендірұлы, 

Ә.Әбдіманапов,   Ғ.Исабаев,   Ы.Әлдибекұлы   ел   басқарған   ұлына 

Нарымқолда   көше   атын   беріп   құрметтеген.   А.Бекмұхамбетов, 

мемлекет   қайраткері,   ақын,   мемлекеттік   сыйлықтың   иегері, 

Н.Оразамен, абыз баларының жырлап жүрген ұрпақтары Е.Ібітанов, 

Ш.Әлдибековтер,   өнер   қайраткерлері   Қ.А.Құдайбергеновтер,   би 

атасына   арнап   сияфония   жазған   сазгер   Б.Дәлденбаев,   Шоған   абыз 

ескерткішінің   Қайнар   селосындағы   афторы,   атақты   мүсінші 

Қ.Үсенұлы халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Д.Дүнегенбаев, 

Н.М.Мамыровтар,   Ә.Мейірбеков,   Т.Айнабеков,   З.Тойболды, 

Б.Дүкенбаев,   С.Мәмет,   Қ.Дәркенбайұлы,   М.Әбдірахманов, 

С.Байбабаұлы,   т.б   жазушы   журналистер   бар.   С.Бөкенбаев, 

Т.Мұқанұлы   –   республикаға   еңбегі   сіңген   шаруашылық 

қызметкерлері   болса,   М.Мүсірәлиев   –   Еңбек   ері,   М.Бұғыбаев 

обылысымыздың   құрылысын   өркендетуге   еңбегі   сіңген   басшы 

құрылысшы,   Райымбек   ауданының   құрметті   азаматы.   С.Ретаев, 

Т.Төлендиев халқының қалаулылары.


Раймбек   ауданынң   ақсақалдары,   аудан   әкімшілігі,   Шоған   абыз 

ұрпақтарының бас қосқан жиында Шоған абыздың, би бабамыздың 

өмір   жолын   зерттеу,   Шоған   абыз   ұрпақтарының   шежіресін   жүйеге 

келтіріп   жазу,   Шоған   Сүйерқұлұлына   ескерткіш   ортану   мәселелері 

талқыланды.   Осы   істері   жүзеге   асыру   үшін,   алқалы   комиссия 

сайланды.   Жауапкершілік   Шоған   абыз   ұрпағы   Меліс   Разаманұлы 

Бұғыбаевқа   жүктелді.   Осы   қарсаңда   президентіміз   1999   жылды 

“халық   бірлігімен   ұлттық   тарих   жылы”   деп   жарияланғаны   белгілі. 

Осыған   байланысты   комиссия,   абыз   ұрпақтары   қырауыр   жұмыс 

атқарып 11/VІІІ - -  - 2001 жылы Райымбек ауданы, Қайнар селосында 

Шоған   Сүерқұлұлына   сәулетті   ескетркіш   орнатты.   Абыз   өмірі 

ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Шоған абыз туралы Қазақ Совет энциклопедиясында, Н.Төреқұлов, 

М.Қазыбековтың   “Қазақтың   би   шешендері”,   Т.Қаупынбаевтың 

“Албан”   кітабында   “Өркен”   газетіндегі   көлемді   мақаласында 

жазылған.   Аудандық,   обылыстың   газет   беттерінде   Д.Ахметбайұлы, 

І.Дәркенбайұлы құнды материалдар жариялады. 

Шоған  абыз   ұрпақтарының  осы  шежіресін  жазуға жүзден  асқан  би 

атамыздың шешіреші ұрпағы Әбділдә Дүйсенұлының жазбалары мен 

ауызща әңгімелері, Сатыбай Құныпияұлының Қытайдан жазып келген 

деректері, Қапжан Төлепбергенұлы, Ілияс Дәркенбайұлы, Тұрсынбай 

Шаянұлы, Бақытнұр Тоғайұлының жазбалары пайдаланылды. Көпке 

қамқор   болған,   ынтымақ   пен   елдікті   ту   еткен   би   атамыздың,   аты 

аңызға айналған тарихи тұлға Шоған абыз аруағы қолдасын. 

Шежірені жинақта баспаға

Әзірлегендер: Меліс Рамазанұлы Бұғыбаев,

Ілияс Дәркенбайұлы Қындыбай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет