Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі


ДОСАЛЫ Елдің даңқын ер азамат шығарар



Pdf көрінісі
бет29/77
Дата06.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#8452
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77

ДОСАЛЫ

Елдің даңқын ер азамат шығарар

Алпысбаев Айтақын – елағасы. Қоғам қайраткері

/1921 ж. Х.15./ - Нарынқол ауданы Ойқайың, Өрнек, /кейін Карл – 

Маркс/ колхозында туған. Нарынқол селосындағы қазақ орта мектебін 

бітірген. 1940-42 ж. Нарынқол, Кеген ауданында жұмыс істеген. 1942-



46 ж. Армия қатарында неміс фашистерімен болған соғыста Балтық, 

Ленинград майданына қатысып, 2 – топтағы мүгедек болған. 1946-48 

ж.   Нарынқол   ауданында   жер   бөлімінде   кіші   зоотехник   қызметін 

атқарды. 1949 ж. Алматы малдәрігерлік институтында оқып жоғары 

білімді зоотехниктік мамандығын алған. 1954-58 ж. Нарынқол, Кеген 

МТС-нда   Бас   зоотехник.   1954   –   58   ж.   1958   ж.   Шәлкөде 

механикаландырылған   мал   шаруашылығы   станциясына   директор 

болып тағайындалған. 1959 ж. Нарынқол аудандық атқару кеңесіне 

төрағалыққа сайланды. 1961 ж. Талдықорған облысы, Қапал аудандық 

партия   комитетіне   бірінші   хатшы   қызметіне   жіберілді.   1962   ж. 

Аудандар   қосылып   Өндірістік   басқармалар   құрылғанда   Кеген 

аймақтық Өндірістік басқармасына облыстық партия комитеті атынан 

арнайы өкілеттік басшылық жасайтын хатшылық қызметін атқарды. 

Кейін   Нарынқол,   Кеген,   Ұйғыр   аудандары   қосылып,   орталығы 

Ұзынбұлақ селосы болғанда осы іріленген агробірлестікке басшылық 

жасады. 1966 ж. Қаратал аудандық партия комитетіне бірінші хатшы 

болды.   1973   ж.   Гвардия   ауданынан   бөлінген   жаңа   Кербұлақ 

ауданының партия комитетіне бірінші  хатшылық қызметке ауысты. 

1983   ж.   Одақтық   дәрежедегі   дербес   зейнетақы   алып   демалысқа 

шыққан. 


ҚазССР   Орталық   Партия   Комитетінің   1-хатшысы   Д.А.Қонаевтың 

кеңесімен   А.Алпысбаев   басшылық   жасап   Ш.Уалиханов   атындағы 

колхозға   Шоқанның   қола   мүсінін   қойған.   9   Қазақ   ССР   Жоғары 

Кеңесіне болып сайланған. 

Отан соғысының 1-дәрежелі /1956 ж./, "Октябрь революциясы" /1974 

ж./, үш рет /1965 ж., 1971 ж., 1975 ж./ "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен 

марапатталған. 

Төрт   мәрте   "За   отвагу",   "В.И.Лениннің   100   жылдық   мерейтойы", 

"Жеңістің   30,   40,   50   жылдық","Отанын   қорғаған   қахарман"   т.б. 

медальдардың   иегері.   Албан   әулетінің   ардақты   азаматы   деген   ел 

сүйіспеншілігіне   ие   болған.   Ел   басқарып   жүрген   көпжылдық   с-

тәжірибесін, тәлімін хатқа түсірген. Олары жеке кітап болып жарық 

көрген. 

"Қойлы  өңір  Кербұлақ",  /1977  ж./  "Қайнар"  баспасы,  "Талдықорған 

облысы, Қаратал ауданында қой өсірудің келелі мәселесі",  "Вестник 

с/х   науки   9   1969   ж.   "   Құріш   ауыспалы   егісіндегі   -   Беде",   "Ауыл 

шаруашылық"   журналы   9   1971   ж.   "Қой   өсірудің   тиімді   жолдары", 


"Ауыл шаруашылық" журналы 1976 ж. "Көргенін жақсы көш бастар", 

"Ауыл" газеті 1995 ж. YIII-23,   "Ағаның аялы алақаны" /Д.А.Қонаев 

жайлы естелік/ Талдықорған облыстық газеті     "Жерұйық" 1996 ж. 

XII-01.т.б. жас ұрпақтарға өнеге, үлгі болатын ой-толғамдары радио, 

теледидар арқылы үзбей беріліп тұрған. 

Байсейіт Батыр   

Төлесұлы Байсейіт  батыр XYII ғасырдың соңғы ширегінде, оңтүстік 

облысындағы   Шыршық   өзенінің   бойында   дүниеге   келіпті.   Батыр 

Жоңғарлардан   туған   жерімізді   азат   етуге   ерекеше   ерлігімен   көзге 

түскен. Албаннан шыққан Сырымбетұлы Ханкелдімен Мамадайұлы 

Қалыбекпен, Сүйіндікпен, Әлмерекұлы Жәнібек батырмен замандас. 

Батыр жайлы ел аузында әр түрлі аңыз бар. Ал шындығына келсек ол 

кісі   Бұғыты   тауында   қайтыс   болып,   Қоңырөлеңге   жерленген. 

Ұрпақтары қазіргі Райымбек ауданы, Жамбыл ауылында 2000 жылы 

ескерткіш тұрғызды. Ескерткішті жасаған мүсінші Егізбаев Құрақбай. 

Осы ауылдың бір көшесіне Байсейіт батырдың есімі берілді. Қаламгер 

Төлен   Қаупанбайұлы   батыр   жайлы   дерек   жинап,   баспасөз   бетіне 

жариялады.   Алдағы   уақытта   Албан   тарихын   зерттеушілер   Байсейіт 

Төлесұлының ерлік жолын зертеп зерделейді. Бірден – бірге қалған 

аңыз   тарихымыздың   бастау   бұлағы   болса,   нақты   дәлелдермен 

деректермен,   дәйектемелермен   ол   алдағы   уақыта   өз   арнасын 

кеңейтеді. 

Биеке Батыр

/1658 – 1757 жж./

Қалмақ   шапқыншылығында   ағасы   Бәйменді   өлтірген   қалмақтың 

бадыма   Бахадүр   деген   батырын   жекпе-жекпе   жеңіп.   Сол   шайқаста 

қалмақтың   жеті   қыз,   екі   ұлын   тұтқындап   алып   келіп   оларды 

ағайындарына қосқан. 

Түтін   сұлуды   Шоғанның   бір   баласы   Байсарыға,   Үрім   сұлуды 

Бәйменнің   үлкен   баласы   Берсүгірге   берген,   бір   қызды   Бәйсейітке 

олжалаған. Көкіш сұлуды Сәлбеннің баласы Байғараға, Жырғал атты 

қызды   Киікбайға,   Орынтайға   бір   қыз   берген.   Маржанбикені   Биеке 

батыр   өзі   алған.   Екі   ұлдың   біреуін     Шабарға,   бір   ұлды   Құсыққа 

берген. 


Екінші рет алып келген бір ұлды Шүйкенің баласы Кірбетке берген. 

- Бірде қырғыздың Сарбағыш, Бұғы деген екі руы өзара шабысады. 

Оны   Биеке-батыр   бітімге   келтіреді.   Осы   еңбегін   бағалап   Бұғы 

жағы батырға Үрімқия атты қызз берген екен. Одан Жолбарыс 

атты ұл туған екен. 

Бірде   қазақ   даласында   ұлы   бәйге   өткізіледі.   Осы   бәйгеге   Биеке   – 

батыр   екі   ат   дайындатады.   Бәйгенің   алдында   батыр   байгемді 

шаптырмай беріңдер – деп өтініш етеді. Сонда сапаршылардың бірі 

күмә   білдіріп   –   аттарыңыздың   озаттын   сіз   білесіз   бе,   құдай   біледі 

дегенде – Батыр: аттарды мен өзім баптадым; өзім білем деп, құдай 

білсе мына менің бөркімді алып берсін деп бөркін лақтырып жіберген 

екен. 


Бәйгеден   екі   бірдей   аты   келген   соң     толасқан   адам   батырдың 

әулиелігіне  көзі жетіп, кешірім өтініп ат-шапан айыбын берген. Бірде 

қазақтың   көптеген   батырлары   бірігіп   ішінде   Биеке   батыр   бар 

қалмақты шауып келе жатқанда жау қос жинап артынан қуғын түсіп 

алдарынан   Іленің   суынан   сел   жүріп   өткел   бермеуге   айналғанда, 

Қабанбай батыр айтады:   

Биеке өзіңіз батыр әрі әулиесіз және жасақсыз үлкен осы жолды сізге 

берді, айласын өзіңіз табыңыз дейді. 

Биеке батыр жиені Райымбек батырдың шақырып алып, өз найзасын 

Райымбекке беріп, Райымбек деп өз атыңды үш рет ұрандап найзаны 

суған  шаншыдеген.   Райымбек   батыр   солай   істегенде,   су   жол   беріп 

аман өтіп жау бөгеліп қалған. 

- Бірде   Қырғыз   батыры   Аққозы   біздің   елден   Абайділданың 

жылқысын шауып алып келе жатып, Биекенің күмбезінің жанына 

келіп ат шалдырады. 

- Аққозы батыр айтады: -  "Биеке батыр сені тіршілігінде қасиетті 

әулие деуші еді, қасиетті болсаң еліңнің малын шауып келемін 

алып   қал   дейді,   сонда     күмбезден   екі   аққу   ұшып   шығып 

жылқының   алдын   кесіп   ұшып   үркітеді,   қалың   жауын   бұршақ 

жауып жылқы кері қашып айдауға жүрмейді, артынан қуғыншы 

келіп жылқыны ажыратып алып, Аққозы батырды қолға түсіріп 

өгізге мінгізіп, бетіне күйе жағып Тезек төреге апарады, сонда 

Тезек Төре Аққозы батырға:


- Сен мені тірі жан ұстай алмайды деуші едің, қалайша масқара 

болып қолға түстің", - дейді. 

Сонда Аққозы батыр: 

- Мені   ұстаған   тірі   адам   емес,   өлген   Биеке   батырдың   әруағы 

ұстады дейді. 

- Бірде   Биеке   батыр   жолдастарымен   жолаушылап   келе   жатып 

жолда бір байдың үйіне кезігіп, қонақ болуға түседі, бұлардың 

келгенін бай жақтырмай жөнді қабақ көрсетпейді. Жолаушыларға 

сүт   құйып   береді,   сонда   Биеке   батыр   жолдастарына   кішкене 

ішпей тұрыңдар деп, тоқтатып қояды, Аз уақыттан кейін, ол енді 

ішіңдер десе, сүт айран болып ұйып қалады. 

Мұны көрген бай Биеке батырдың әулиелігіне көзі жетіп, жөн

сұрап, кешірім өтініп, малын сойып қонақ етіп, батаңызды беріңіз 

деп өтініпті. – Сонда Биеке батыр – басыңа дұға жасаған жоқпын, 

малыңа дұға жасадым. "Жатқаны жатып қалады, тұрғаны тұрып 

кетеді" – дейді. 

Шындығында солай болған. 

- Биеке батырдың күмбезінің басына бала көтермеген әйел түнеп 

шығады   және   малға   кенеттен   кесел   пайда   болғанда   малды   да 

бейіт басына түнетіп кеселден аман алып қалған – бұл да Биеке 

бабамыздың қасиетті әулиелігінен деп білеміз. 

Биеке   Төлесұлы   қазіргі   Алматы   облысы   /Панфилов/   Жаркент 

ауданы Алтын Емел асуына жерленген. 

Ботабайұлы Қанай – Халық батыры    

Төлесұлы   Байсейіттің   алты   баласының   ішінде   Малдыбай   деген 

баласынан Ботбай, Сәтбай, Жетібасар, Жетіген, Жидебай, Шоқтерек 

деген балаларының Ботбай атадан Қонай, Жанай, Жабай 1940-1920 

жылдар арасында өмір сүрген. Ер жете бастағаннан   туған жерін, 

елін,   балалары   Бәйсейіт   батырдың   жолын   қуып,   Нарынқол, 

Байынқолды   мекен   еткен   қалмақтармен   1860-1870     жылдары 

соғысып   Байынқолдан   Қытайға   қарай   асатын   Алаайғыр   Жиенбек 

сайындағы   асулардан   қалмақтар   асып   кетпек   болғанда 

Тескентастағы   бекініске   бекініп   Қонай,   Жанай   бастаған   халық 



қалмаққа ойсырата соққы беріп, қалмақтар жеңіліп, Қытайға қарай 

қашып өтуге әрекет жасаған. Осы Тескентастағы жеңілістен кейін 

қалмақтар   бір   жолата   Байынқолды   тастап   кеткен.   Осы 

Тескентастағы жеңістен кейін осы жерді Қонайдың Сары текшесі 

деп бүгінге дейін аталып келеді. 1984 жылы 90 – ға келген Бұғыбаев 

Қайыпбай кәрия атаның ержүрек, батыр атақты мергенші болғанын 

және   қорқу   дегенді   білмейтін,   бірде   аң   аулап   қалың   орман   ішін 

аралап   келе   жатқанда   алдынан   ұйықтап   жатқан   қасқырдың   екі 

құлағынан ұстап ұрып алғанын және бір аю үңгірді қазып жатқанда 

үңгірдің   бас   жағында   аңдып   отырып   аю   үңгірден   бір   тасты 

шығарып келе жатқанда басынан шоқпармен ұрып алғаны туралы 

айтты. 


1910   жылы   Асутөрде   отыратын   Диқанбай   деген   байдың   бір   мың 

жылқысын   қалмақтар   түнделетіп   айдап   Қытайға   кетпек   болғанда 

осы   Қонайдың   Сары   текшесінде   қалмақтармен   соғысып 

Диқанбайдың жылқысын бәрін аман алып қалған. 

1916   жылы   Қарқарадағы   Албан   көтерілісіне   елмен   бірге 

қатынасқан. 

Қонайұлы   Мұса   1890-1828   жыл   арасында   Үкіршіде   кәзіргі 

Қаратоған   қыстағын   жанына   балаларды   оқыту   үшін   мектеп 

салдырып, 1918 жылы сонда мұғалім болып істеген. 

1920   –   1928   жылдар   арасында   Көкбел   ауылында   ауылдық   Совет 

председателі болған. Мұсадан – Зейнезайып, Шоғанбай. 

Інісі   Қонаев   Аусофия   1930-1956   жыл   арасында   Қаратоған 

колхозында  бастық болған. Аусофиядан – Төкен,  Есен, Несіпхан, 

Жеңіс, Гүлжақан. 



Өмірзақов Нұрбопа – қоғам қайраткері       

1907   ж.   Нарынқол   /қазіргі   Райымбек/   ауданы   Кемертоған   елді 

мекенінде   туған.   Осы   ауданда   алғаш   "Қаратұмсық"   деген   жерде 

ашылған. Кеңестік мектептен сауатын ашқан. 1918 – 20 ж. және 1923-

26   ж.   Жаркент   қаласындағы   мектеп   –   интернатта   оқып   білімін 

жетілдіреді.   1927   ж.   Алматы   губерниялық   партия   мектебіне 

қабылданады.   Партия   мектебін   бітіргеннен   кейін   Жаркент   уезі 

Ақтоғай   болысының   кеңестік   комитетін   басқарды.   1930   ж. 

Еңбекшіқазақ   ауданында   Комсомол   комитетінің   бірінші   хатшысы 


болып сайланады. 1931 ж. Өзбек Республикасы Ташкент қаласындағы 

В.И.Ленин   атындағы   Орта   Азиялық   Коммунистік   университетке 

оқуға   жібереді.   Университетті   үздік   бітірген   Нұрбопа   Алматы 

облыстық   шекаралық   аудандағы   көшпелі   және   жартылай   көшпелі 

халықтарды     қоныстандыру   бөліміне   меңгеруші   болады.   1934   ж. 

/Талдықорған   облысы   /Ақсу   аудандық   партия   комитетіне   1937   ж. 

Еңбекшіқазақ аудандық партия комитетіне бірінші хатшы болды. 

1937   ж.   28   қаңтарда   Шымкент   сайлау   округі   бойынша   Кеңестер 

Одағының   Жоғарғы   Кеңесіне   депутат,   Қазақстан   Орталық   Атқару 

Комитетіне төраға болып сайланды. 

1938 ж. Бүкіл Одақтық Кеңестік 1- сессиясында Одақтық Кеңестің 1- 

сессиясында төрағаның орынбасары болды. 

Н.   Өмірзақов   соғыс   жылдары   Башқарияда,   Ставрополь,   Краснодар 

өлкелерінде,   Өзбек   республикасында,   СОКП   Орталық   Комитетінің 

жауапты жұмыстарын атқарды. 

1947 ж. 20 мамырда көлік апатынан қайғылы қазаға ұшырады. 

Н.   Өмірзақов   есімін   ардақтаған   жерлестері   туған   жері   Жамбыл 

кеңарындағы   орта   мектепті   Нұрбопа   Өмірзақов   атымен   атайды. 

Мектеп алдына 1981 ж. ескерткіш бюсть орнатты. 

Нарынқол кеңшарынан көше атын қойды. 



Шорманұлы Қазбек – халық батыры

1864 жылы Жаркент уезі Байынқол облысы, қазіргі XIX парт-съезд 

ауылында туған. Қазыбек батыр 1916 жылғы Албан көтерілісінде ел 

басқарған. 1920 жылдары туған жерін ақтардан азат еткен. Қарқара 

көтерілісінің қахарман ұлы әрқашанда елдердің естерінде сақталады. 

Мәмбетұлы Жәмеңке – шешен би

1830   жылы   Жаркент   уезі   Текес   елді   мекенінде   туған.   Албанның 

атақты биі көсем сөздің көселі ұстазы Жәмеңке шешен айтыпты деген 

ойлы-сөзді әңгімелер ел ішінде көп. 

Жетісу     өлкесін   билеген   Тезектөре   Қарақара   жәрмеңкесінде   Албан 

елін   басқарған   азаматтармен   кездескеннен     кейін   Жәмеңке   жайлы 



"Шіркін   –   ай,   адамзатқа   сирек   бітетін   дене   бітімі   бар   екен   –   ау. 

Мойын   омыртқасы   бүкіл   денесімен   тұтаса   біткен   тапқыр   сөздің 

жүйрігі   екен.   Алдына   адам   салдары   қоймас"   –   депті.   Ақпатшаның 

әділетсіз саясатына елді басқарып қарсы шыққан көсем. Алқа топтың 

алдында, солдатқа бермек бала өледі. Бермесек шал өледі. Өлсе шал 

өлсін, бермейміз деп еліне басшылық жасаған. Ұлы жазушы Мұхтар 

Әуезовтың     "Қилы   заман"   көркем   туындысында   Жәмеңке   батыр 

тапқырлығымен   сомдалады.   Жәмеңке   батыр   Қырғыз 

республикасындағы Қарақол қаласындағы ақпатшалардан қаза тапқан 

зираты Қарақолда. 



Ұзақбайұлы  Монай – халық көтерілісінің қолбасшысы

1883   жылы   Жаркент   уезі   Байынқол   облысы,   Сарықаптал   елді 

мекенінде туған. Жасында орысқа малай болған, орсы тіліне жетік. 

1916 Қарқара жәрмеңкесінде Ұлт Азаттық көтерілістің қолбасшысы. 

Осы көтерілісте қаза болған. Зираты туған жерінде. 

Ахметов Әділ Құрманжанұлы – ғалым

1941 жылы 23 мамырда Алматы облысындағы Райымбек ауданның 

Нарынқол ауылында туған. 1958 ж. орта мектепті бітіргеннен кейін 

Алматы   шетел   тілдері     институтының   ағылшын   тілі   факультетіне 

түсіп,   оны   1963   жылы   ағылшын   және   қазақ   тілі   мамандықтары 

бойынша   үздік   тәмамдап,   сол   жоғарғы   оқу   орнында   жұмысқа 

қалдырылды. 

1963-1997 жылдар аралығында ол аталмыш институттың қатардағы 

мұғалімі,   аспиранты,   аға   мұғалімі,   доцент,   профессоры,   декан 

орынбасары,   деканы,   оқу   ісі   жөніндегі   проректоры,   және   ректоры 

қызметін   атқарды,   жоғары   білім   саласына   тән   ғылыми-педагогтік 

жұмыс   баспалдақтарынан   өтіп,   еліміздің   ішкі   және   сыртқы 

сұраныстарына   қажет   шет   тілі   мамандарын   даярлауға   сүбелі   үлес 

қосты.


1992   ж.   Алматы   педагогтік   шетел   тілдері   институтының   ректоры 

болып   тағайындалды.   Бұл   қызметте   осы   жоғары   оқу   орнының 

мәртебесінің   биіктеп,   Қазақ   мемлекеттік   әлем   тілдері,   кейіннен 

Абылай   хан   атындағы   Қазақ   мемлекеттік   халықаралық   қатынастар 

және   әлем   тілдері   университеті   болып   қайта   құрылуына, 


Университеттің   материалдық   –   техникалық   базасының   бекіп, 

халықаралық   байланыстарының   күшеюіне,   ғылыми-педагогтік 

қызметкерлер құрамы мен саласының нығаюына, жаңа факультеттер 

мен   бұрын   қолға   алынбаған   онға   тарта   жаңа   шет   тілдері 

мамандықтарын даярлайтын факультет және кандидаттық, докторлық 

диссертациялар   қорғайтын   университеттің   ғылыми   кеңесінің 

құрылуына көп еңбек сіңірді. 

Ол әкімшілік және ұстаздық қызметті ғылыми жұмыспен ұштастыра 

отырып, филология саласы бойынша 1973 жылы кандидаттық, 1995 

жылы   докторлық   диссертация   қорғады.   Ғылымның   ғылыми 

басылымдарда   жарық   көрген   еңбектерінің   жалпы   көлемі   150   баспа 

табақтан асады. 

1995 жылы Қазақстанның және Ресей Халықаралық жоғары мектеп 

ғылым академиясының мүшесі. 

1990   –   1992   жылдары   Америка   Құрама   Штаттарының   Аризона 

штатындағы Тсон қаласында уәкілдік қызметте болды. Сол жылдары 

"Халық кеңесі" газеттінің штаттан тыс тілшісі қызметін қоса атқарды. 

1995   жылдан   Қазақстан   Журналистер   Одағының   мүшесі   әрі   осы 

Одақтың   сол   жылғы   Бейімбет   Майлин   атындағы   сыйлығының 

жүлдегері. 

1997   –   1998   жылдары   Қазақстан   Республикасы   Білім   Комитетінің 

төрағасы және 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы 

істер министірінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 

2000-2001   жылдары   ол   Қазақстан   Республикасының   Ұлыбритания 

және   Солтүстік   Ирландия   Құрама   Корольдігіндегі,   Ирландия 

Республикасындағы,   Норвегия   Өкілетті   Елшісі     қызметін   атқарды. 

Еліміздің сыртқы саясатын іске асыратын дипломатия саласында да 

нәтижелі қызметтер жасады. 

Бүгінде   ол   Қазақ-Британ   техникалық   университеттің   ректоры.   Әділ 

Ахметов   қоғамдық   жұмыстарда.   Қазақстан   Республикасының 

ЮНЕСКО   жөніндегі   Ұлттық   комиссиясының   мүшесі,   Білім   және 

Ғылым   Министрлігінің   қасындағы     "Қазақстан   жоғарғы   мектебі", 

"Ғылым   академиясының   хабарлары",     "Қазақстан   мектебі" 

журналдарының   алқа   мүшесі.   Көркем   аудармамен   де   айналысады. 

Ағылшын   тілінен   тікелей   қазақшаға   Агата   Кристидің   таңдамалы 


әңгімелерін,   Ауған   халық   ертегілерін   т.б.   тәржімеледі.   Олар   жеке-

жеке кітап болып басылып шықты. 

Бүгінде ұлағатты ұстаз, ғалым, дипломат   "Қазақстан Республикасы 

білім саласының үздігі",  "Астана" және "Қазақстан Республикасының 

Тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарының иегері. 

Жанайұлы Нұрқасым

Выписка из учетной карточки № 11048761

Члена КПСС Джанаева Н.

Джанаев   Нуркасым   1906   года   рождения,   уроженец   аула   Укурчи 

Баянауыльской волост, Джаркентского уезда, Джетысуйской губерни.

Трудовая деятельность 

1922-1924   гг.   пастух   у   кулаков   с.Айгыржал   Каркаринского   района 

Джетсуйской губерни

1924-1927   гг.  учащийся  казахской  школы  1   –  степени  г.   Джаркент 

Каз.ССР

1927-1929 гг. курсант краевой профтехнической школы связи г. Алма-



Ата.

1929-1931 гг. инспектор Казахского управления связи г. Алма-Ата.

1931-1932   гг.   слушатель   руководящего   состава   высших   курсов   г. 

Москва


1932-1935   гг.   Начальник   управления   связи,   Упол   нарком   связи 

Каз.ССР г. Алма-Ата. 

1935-1937   гг.   студент   Казахского   института   Марксизма-Ленинизма 

г.Алма-Ата.

1937-1945   гг.   инструктор   культпросвет   отдела,   зам.Заведующего 

отделом кадров ЦК КПК г. Алма-Ата. 

1945-1950   гг.   1-ый   секретарь   райкома   КПК   Маркенского   района 

Джамбульской области. 

1950-1953 гг. 1-ый секретарь Талдыкурганской области.

1953-1956 гг. 1-ый секретарь р-на им. Каганович г. Алма-Ата.



1956-1959   гг.   начальник   Главного   управления   материально   – 

технического Министерства Хлебопродуктов. 

1959-1966   гг.   Заместитель   начальника   Главного   управления 

материально – технического снабжения Министерства производства и 

загатовок с/хоз продуктов Каз. ССР г. Алма – Ата. 

1966   гг.   выход   на   пенсию.   Персональный   пенсионер 

Республиканского значения. 

Алмабеков Отан Әмірбекұлы – ғалым

1942 ж. Райымбек ауданы Тегістік елді мекенінде туған. Осы жердегі 

мектепті   бітірген.   1965   ж.   Воронеж   технологиялық   институтында 

оқып жоғары білімді мамандығын алған. 1965-1990 ж. ҚР-сы химия 

ғылымдар   академиясында   қызмет   атқарды.   1970   жылы   Ғылым 

кандидаты  атағын  алды.  1989  ж.  Москвадағы  Ломоносов  атындағы 

Университетінде Жоғары аттестациялық ғылыми алқаның шешімімен 

химия   ғылымының   докторы,   профессор   деген   құрметті   атаққа   ие 

болды.   1991   жылдан   Алматы   технологиялық   университетінде 

органикалық химия кафедрасының меңгерушісі. Отан Алмабековтың 

ғылымға   қосқан   ұлесі   мол.   250   баспалық   кітабі,   2   монографиялық 

еңбегі   жарық   көрген.   50   авторлық   куәлігі   бар.   Із   басар   шәкірт 

тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. 15 ғылым кандидатын, ғылым докторын 

өсірген өнегелі ел өкілі. 



Қаупынбаев Төлен - жазушы 

Қаупынбаев   Төлен   1938   жылы   6   мамырда   Алматы   облысының 

Райымбек   ауданындағы   Қаратоған   ауылында   дүниеге   келген.   1957 

жылы орта мектепті бітіргеннен кейін А. Байтұрсынов атындағы әлем 

тілдері және халықаралық қатынас университетіне түсіп оқыды. 1960 

жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттің Униветситетінің 

филология   факультетіне   түскен.   Т.   Қаупынбайұлы   аталмыш   оқу 

орнын   бітіргеннен   кейін   "Жас   Алаш"   /бұрынғы     "Лениншіл   жас"/, 

"Ауыл",     "Жетісу"   газеттерінде   және     "Парасат",     "Жұлдыз" 

журналдарында,   "Қазақстан",     "Жазушы"   баспаларында   бөлім 

меңгерушісі болды. 


Т.   Қаупынбайұлының   шығармалары   1956   жылдан   бастап   мерзімдік 

басылымдарда   жарық   көріп   келеді.   Жазушының     "Жазира", 

"Шұғыла",   "Ашылмаған аралдар",   "Маруся асуы",   "Бетегелі бел", 

"Нан   мен   тер",     "Кең   құлаш"   деп   аталатын   публицистикалық 

кітаптары, әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрген.

Т.   Қаупынбайұлы   тарихи   тақырыптар   бойынша   да   сәтті   ізденістер 

жасады. "Бабалар аманаты",   "Албан",   "Қабан жырау",   "Суарылған 

семсерлер" деп аталатын кітаптары осындай жемісті еңбектің айғағы. 

Соңғы   жылдары   автордың     "Киелі   керуен"   есімі   аңызға   айналған 

батырымыз   Б.   Момышұлының   ерлік   жолдарын   баяндайтын 

"Бауыржан   батырға   барғанда"   деген   деректі   повестері   және   ұлы 

ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық ізденістер кеңінен 

әңгімелейтін  "Аққу саздары" романы жарық көрді. 

Жазушы   Т.   Қаурынбайұлы   халақаралық   Жамбыл   атындағы   және 

С.Бердіқұлов   атындағы   Қазақстан   Жазушылар   Одағының   мүшесі. 

Жазушы     "Қазақстан   Республикасының   тәуелсіздігіне   10   жыл" 

мерекелік   медалімен   наградталған.   Қаламгер   Райымбек   ауданының 

құрметті азаматы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет