Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



Pdf көрінісі
бет77/77
Дата06.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#8452
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77

ПҰСЫРМАНҰЛЫ ТЕЗЕК – БИ

(1800 – 1870ж.)

Тезек би өз заманының тапқыр да, табанды азаматы болған. Тезек би 

жайлы   деректі   атақты   ғалым   саяхатшы   Шоқан   Уалиханов   1860 

жылдардағы Қашқарияға жасаған сапарында береді. Ғалым Албанның 

елге   ықпалды   24   биі   барын   жазған.   Соның   бірі,   әрі   бірегейі 

Пұсырманұлы   Тезек.   (1961ж.   Алматы   қаласы,   Қазақ   Ғылым 

Академиясы   баспасы,   342бет).   Тегінде   Албан   руы   ешбір   хандыққа 

бағынбаған. Өз егемендігін қорғау мақсатында шығысындағы Қытай 

империясымен   де,   Орыс   патшалығына   бағынған   қазақ   хандарының 

саясаткерлерімен   де   (басқарушылары)   белгілі   дәрежеде   қатынас 

жасаған. Би әмбе мәселені өз сарабынан өткізіп, өз байламын жасаған. 

Жетісу   төрелік жасаған  ең  ақырғы  төре Тезек.  Пұсырманұлы тезек 

төре ешкімге еңкейіп басын имеген. Сыйласатын жерде сыйласқан, 

қинасқан жерде қинасқан. Бұл жайлы ел зердесінде қалған әңгіме көп. 

Арнап   айтпаса   арқауы   шыйырмайтын   секілді.   Би   ұлыны   ұлындай 

сыйлаған. Ұлы ғұлама Шоқанды Қашқарияға бара жатқан сапарында 

күтіп алып, үлкен құрмет көрсеткен.

ДІНАСЫЛОВ ӨРКІНБАЙ – ЕЛАҒАСЫ

(1903 - 1942)

 

1903  жылы қазіргі  Жылысай ауылдық  кеңесіне  қарасты  "Нәдірбек" 



қыстауында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 

Әкесінен   ерте   айрылған   соң,   көп   балалы   дәулетті   ағайындарның 

малдарын   бақты,   жалшылықты   болды.   1919-1923   жылдары 

Жалаңашта   мектепте   оқыды,   комсомол   қатарына   өтті,   қоғамдық 

жұмыстарға   белсене   қатысты,   оқуды   үздік   оқыды.   1923   жылы 

Алматыдағы   ағарту   институтына   оқуға   түсіп,   комсомол   ұйымына 

басшылық жасады.

Сол   кездегі   биік   тұлғалар   Ораз   Жандосов,   Ыдырыс   Көшкінов, 

Жұбаныш   Бәрібаев   сынды   революционерлермен   танысып,   өзінің 

өміріне өнеге боларлық бағыт алды. Оқуды бітіргеннен кейін 1929-



1930 жылдары Қордай аудандық оқу бөлімнің аға инспекторы болып 

істеді.   1930   жылы   тамыз   айында   туған   ауылына   келіп,   Кеген 

аудандық   оқу   бөлімінің   меңгерушісі   болып   істеді.   1931-1932 

жылдары   аудандық   партия   комитетінің   үгіт-насихат   бөлімінің 

меңгерушісі,   1932-1933   жылдар   аралығында   Алматы   облыстық 

партия   бақылау   комиссиясында   қызметкер,   ал   1933-1934   жылдары 

Кеген аудандық партия бақылау комиссиясы мен жұмысшы – шаруа 

инспекциясының   төрағасы   қызметтеріне   хатшы,   1937-38   жылдар 

Бөрлітөбе   аудандық   партия   комитетінің   құрамына   сайланды. 

Қазақстан Коммунистік партиясының I-II съездерінің делегаты болды. 

Партиялық   қызметтегі   осы   жылдарда   Ө.Дінасылов   шебер 

ұйымдастырушы,   беделді   басшы   бола   білді.   1930-40   жылдар 

аралығында   Қазақстан   Коммунистік   париясы   тарих   институтында 

ғылыми   қызметкер   болып   істеді.   1940   жылы   Қазақ   мемлекеттік 

университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті. 1941 жылы 

Ұлы Отан соғысына аттанды. 1942 жылы май айында ерлікпен қаза 

тапты. Жылысай ауылындағы бір көше Ө.Дінәсіловтың есімі берілді.

ДІНАСЫЛОВ ДӘМЕН – ҒАЛЫМ

1913  жылы 17 желтоқсан Алматы облысы Қарақара – Кеген ауданы 

Ұзынбұлақ ауылында туған.

1926  жылдан   1929   жылға   дейін   Жаркент   қаласындағы   мектеп   – 

интернатта тәрбиеленген.

1929- 30 жылдары сауатсыздықты жою мектебінде оқытушы. 

1930-1932  жылдары   Қапал   қаласында   педагогика   техникумын 

тәмамдаған.

1932-1933ж. КазПИ-дің дайындық бөлімінде оқып, 1933ж. КазПИ-дің 

негізгі   курсына   түсіп   1937   жылы   бітірген.   Институтта   оқыпжүріп 

және бітіргеннен кейін 1933-1940ж. осы аладағы №12, №38 мектепрде 

тарих сабағын оқытты.

1940 - 41 ж. Алматының мұғалімдер институтында тарихтан кафедра 

бастығы,   1941   ж.,   тамыз,   қыркүйек   айларында   Алматы   қалалық 



партия комитетінде инструктор болды. 1941 ж. қыркүйек айынан 1942 

ж. шілдесіне дейін Армия қатарына, Тотск қаласында тұрды. 1942 ж. 

тамызында   денсаулығына   байланысты   Армия   қатарынан   босанып, 

елге қайтты.

1942-1944  жылдары Кеген ауданы партия комитетінде үгіт - насихат 

бөлімін басқарды. 1944-1945ж. Алматы облысы партия комитетінде 

оқу   бөлімінің   бастығы   қызметінде,   1945-1947ж.  

"Қазақстан 

большивигі" журналында әдебиет редакторы – аудармашы.

1947-1950ж. "Қазақстан коммунисі" журналында редколлегия мүшесі 

және   жауапты   хатшы   болды.   Денсаулығына   сәйкес   1950-1954ж. 

Қазақтың   қыздар   институтында   тарих   кафедрасында   аға   оқытушы. 

1968ж. оған доцент деген ғылыми атақ берілді. 1968-1983ж. пенсияға 

шыққанға дейін КазПИ-де тарих факультетінің доценті болды. 1968ж. 

"Халық   ағарту   жұмысының   отличнигі",   1978ж.   "Жоғарғы   мектепке 

еңбегі сіңген қызметкер" деген атақ берілді. Бірнеше медальдармен 

марапатталған.

ДІНАСЫЛҰЛЫ ӘШІМ – ЕЛАҒАСЫ

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

1918  жылдың   22   желтоқсанда   Кеген   ауданы   Жылысай   ауылында 

туған.

1928-1931ж.   ауылда   және   Кегенде   ШВМ   мектебінде.   1933-



1935жылдарда Талғардағы "Өсімдік қорғайтын" техникумда, 1935-36 

жылдары   Алматыда   Ауыл   шаруашылық   институтының   дайындық 

курсында,   1936-1941жылдарда   Ауыл   шаруашылық   институтының 

Агро факультиетінің оқып, бітірген. Жоғары білімді Агроном деген 

мамандығын   алған.   1941-1945жылдары     Армия   қатарында   болған. 

Харьков   қаласындағы   Молтов   атындағы   Академиясында   оқыған. 

Батыс майданы 16 Армия, 95 танк бригады 142 танк батальонде, взвод 

командирі болды. Батальонның техника жөніндегі бөлім бастығының 

орынбасары.   №16   Армия   Кадр   бөлімінде   инспектор.   3   Белорусь 

майданы,   31   Армия,   247   атқыштар   дивизиясы,   909   полкте   штаб 



бастығы   орынбасары.   Осы   Армия   352   дивизиясы,   1162   полкте   3 

батальонде штаб бастығы, командир батальоны қызметін атқарды.

1944  жылы   қыркүйек,   1945   ақпан   айында   жараланып   госпитальда 

емделді. Госпитальдан шыққанан кейін, Армия қатарынан   босанып, 

Қазақсатнға елге қайтты.

1945-1953  ж.   Қазақ   республикасының   Мемлекеттік   бақылау 

Министрлігінде   және   Советтер   одағының   үкіметі   жанындағы 

колхоздар Советінің Алматы облысындағы бақылаушы болды.  1953-

1972  ж. Қазақстан Партия Комитетінде және Министрлер Советінде 

жауапты қызмет атқарды.

1972-1975  жылдары   облыс   аралық   тресінің   директоры.   1975-1979 

жылдарда,   Алматы   облысында   ет-сүт   тамақ   өндіретін   өндірістің 

төрағасы. 

Соғыста, Москва, Мәскеу облысының бірнеше қалаларын, Белорусь, 

Литва, Польща жерлерін фащистерден босатуға қатысты.

Әскери атағы – полковник. Соғыстағы еңбегі үшін: 

"Қызыл Жұлдыз" 

ордені,   Отан   соғысының   III   дәрежелі   ордені,   соғыс   медалімен 

марапатталған.

ҚҰНДАҚБАЙҰЛЫ БЕК – ЕЛАҒАСЫ

1.VI. 1934ж. Алматы облысы Жалаңаш ауылында туған. 1959ж КПСС 

мүшесі.   1956ж.   Қазақстан   ауыл-шаруашылығ   институтын   бітіріп, 

орман шаруашылығы инженері деген мамандығын алған. (1959-1964) 

Нарынқол   орман   шаруашылығы   басшысы   болды.   (1969-1977) 

Талдықорған   обылсы   орамн   шаруашылығының   бастығы.   1964ж. 

Алғабас   совхозы   Партия   комитетінің   хатшысы,   жоғарғы   партия 

мектебін   (1969)   бітірген.   1977-1993   жылдары   Берлітөбе   аудандық 

партия   комитетінің   бірінші   хатшысы,   Қазақстан   орталық   партия 

комитетінде қызмет атқарды. Қазақстан Жоғарғы Советінде жауапты 

қызметте болды. 1994 жылдан Республика дәрежесіндегі зейнеткер. 

Облыстық   депутатқа   бірнеше   рет   сайланды.   Қазақ   мемлекеті   Бек 

Құндақбайұлының еңбегін жоғары бағалап, оны 2 рет Құрмет Белгісі 


Ордені   мен   медальдармен   марапатталды.   Қазақ   ССР   Жоғарғы 

Советінің Құрмет Белгісі грамотасымен марапатталған.



ОБАЕВ ЕСМҰХАН НЕСІПБАЙҰЛЫ – ХАЛЫҚ ӘРТІСІ.

ПРОФЕССОР

1941  жылы   26   мамырда   Алматы   облысы   Кеген   ауданы   Шырғанақ 

ауылында туған.

1947-1957  жылдары Молотов атындағы Кеген қазақ орта мектебінде 

дәріс алған.

1959   -   1964жылдары   Қазақтың   Мемлекеттік   Құрманғазы   атындағы 

Консерваториясының   Театр   факультетінің   драма   -   режиссеры 

мамандығы бойынша үздік бітірген.

1964   -   1967  жылдары   Қазақтың   Мемлекеттік   Әуезов   атындағы 

Академиялық   драма   театрында   қоюшы   -   режиссер   болып   қызмет 

атқарған. Бұл жылдары Әуезов театрында З.Әкішовтың "Жаяу Мұса", 

Т.Ахтановтың "Боран", Б.Майлиннің "Неке қияр", Ш.Хұсайыновтың 

"Сырымбет   саласында"   спектакльдерін   табысты   қойып,   үздік 

талантты   жас   режиссер   ретінде   Москваның   Жоғарғы   режиссер 

курсына   2   жылдық   білім   көтеруде   жіберілген.   Москваның 

Мемлекеттік   Академиялық   көркем   театрында   режиссер   -   стажер 

болып қызмет атқарды (1968-1970) жылдары.

1974  жылы   Қазақ   ССР-ы   Жоғарғы   КЕңесінің   Қаулысымен   "Қазақ 

ССР-ның еңбек сіңірген Өнер қайраткері" атағы берілді.

1970  жылдан бастап СССР театр қайраткерлер одағының президиум 

мүшесі.

Қазақстан театр қайраткерлері Одағының басқармасының президиум 



мүшесі.

1988  жылы   Өнерді   дамытудағы   үлкен   еңбегі   үшін   Қазақстанның 

халық артисі құрметті атағы берілген.


1976  жылдан   1991   жылға   дейін   Семей   театрының   Көркемдік 

жетекшісі.

1992-1995  жылдар   аралығында   Қазақтың   мемлекеттік   театр   және 

Кино институтының Ректоры болып қызмет атқарды.

1994

 жылдың   желтоқсанынан   бастап   Қазақстан   мәдениет 



министрлігінің бірінші орынбасары, 1996 жылдан орынбасары болып 

қызмет атқарды.

1993ж.  Профессор Құрметті атағы берілді.

БАБА

Бабадан: Төлебай, Барлыбай, Құттымбет, Игілік.

ТӨЛЕБАЙ

I. Төлебайдан – Амангелді, Амалдық, Дәнді, Байтас, Сайранбай.



Бабаның үлкен баласы Төлебай

Төлебайдан:

Амангелді, Амалдық, Дәнді, Байтақ, Сайранбай

1.Амангелдіден – Көкі

2.Көкілден - Сәрсенбі

3.Сәрсенбіден – Байлар, Жандар

Байлардан – Құрмантай

Құрмантайдан – Асқарбай

Асқарбайдан – Шайқып, Шапай, Шарипжан, Жеңіс

Шайұыпжан – Бақытжан, Қайрат, Руслан, Дәурен

Шапайдан – Еркебұлан

Шарипжаннан – Серік, Ернат.

Жеңістен – Талғат, Дәулет, Айдос, Айбек.

Талғаттан – Жандос

Дәулеттен – Мәдияр



Жандарықтан – Бекбатыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет