Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



Pdf көрінісі
бет67/77
Дата06.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#8452
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77

Болаттан   –  Теміртай,   Әжібай,   Тастанбек,   Шобан,   Шобалай. 

Теміртайдан – Қаратал, Күнту, Жанту, Киізқап, Несіпбай, Кесікбай, 

Мендес /Жабағы/. Қараталдан – Мендияр, одан Әбдібай, одан Мұхит. 

Күнтудан – Олжабек. Жантудан – Қасқарау, Қызылбөрік. Қасқараудан 

– Кенжебай, одан Қали. Қызылбөріктен – Қыдыр, Тұрман. Қыдырдан 

–   Алтынбек,   Нұрқайдар,   Мұқан.   Алтынбектен   –   Ораз,   Қоқан, 

Алмабек.   Ораздан   –   Қуатбек.   Қоқаннан   –   Ерман.   Нұрқайдардан   – 

Какен,   Несіпбек.   Какеннен   –   Ернат.   Несіпбектен   –   Таңатар,   одан 

Ғалым. Мұқаннан – Бағашар, Байбөрі, Болат, Сайын, Сәбит, Нұркелді, 

Нұрберген,   Ернұр,   Ғалым.   Байбөріден   –   Жақсылық.   Несіпбайдан   – 

Далабай,   Қойшыбай,   одан   Сәмет.   Меңдестен   /Жабағы/   -   Дүйсенбі, 

одан   Қожабай,   Қойшыбай,   Несіпбай.   Қожабайдан   –   Айдос,   Берік, 

Алмас.   Беріктен   –   Дидар.   Қойшыбайдан   –   Тоқтасын,   Мәмбет. 

Тоқтасыннан   –   Мұхамет,   Асан,   Талғат,   Бағдат,   Жанат,   Дәулет. 

Мәметтен  –  Ерлан,  Ұлан.  Әжібайдан  –  Кеденқара,  одан   Райымбай, 

Демеу, Елеу, Медеу. Райымбайдан – Ахмет, Ахметқали, Тұрлықожа. 

Медеуден – Төкен, Нұртай, Сембі. Нұртайдан – Батырхан, Оразхан. 

Батырханнан   –   Өкетай,   Кенже.   Тастанбектен   –   Рысбек,   Мықаншы, 

Әнжан,   Жандыбақ,   Қалдыбай.   Рысбектен   -   Құрманбай,   одан   Қали, 

одан   Ойыс,   Айтжан,   Амантай.   Мықаншыдан   -   Оразбай,   одан 

Нүсіпжан,   одан   Әділбек,   Бақыт,   Сайлау.   Әділбектен   –   Марат. 

Әнжаннан – Іңкәрбай, одан Алтай, Бақай. Алтайдан – Талғат, Асқат, 

Санат, Саят. Бақайдан – Айдын, Айбол. Шобаннан – Дәде, Жанқазан. 

Дәдеден – Саламат, одан Жотан, одан Сеңкібай, Жанұзақ, Өмірзақ, 

Жомарт,   Марат.   Жанұзақтан   –   Мұрат,   Ернат,   Ербол,   Ерұлан. 

Өмірзақтан   –   Өмірсерік.   Жомарттан   –   Санат,   Талғат,   Ернат. 

Жанқазаннан   –   Тоқа,   Жұмабай,   Өмірбек,   Әділбек,   Әбілқайыр, 

Абықан, Қоқымбай. Тоқадан – Бұқар, одан Отарбай, одан Мұқажан, 

Құрман, Үсенбай, Бекболат, Серікбек, Қайрош. Мұқажаннан – Алмас. 

Құрманнан   –   Жансерік,   Қайрат.   Үсенбайдан   –   Бекмұрат,   Дархан, 

Айдос.   Бекболаттан   –   Ақберген,   Шыңғыс,   Бақыт.   Серікбектен   – 

Рауан. Қайроштан – Таңжарық. Жұмабайдан – Міркәрім, Мырқасым, 

Дайын.   Міркәрімнен   –   Аманбай.   Мырқасымнан   –   Дәукен,   одан 

Нұрдәулет, Нұрмолда, Амандық, Жанат. Нұрдәулеттен – Мәди, Сағи. 



Нұрмолдадан – Қуаныш, Елдан. Амандықтан – Азамат. Өмірбектен – 

Рақымбай, одан Әділжан, Қадыржан. Әділжаннан – Әлмұхамет, одан 

Бекбол,   Ұлан.   Қыдыржаннан   –   Бекмұхамбет,   Бектұрсын,   Бекмұрат, 

Қайрат.   Бектұрсыннан   –   Қуаныш,   Азат,   Азамат.   Әбілбектен   – 

Ыбырайым, одан Дәулетбай, одан Жанболат, Бекболат. Әбілқайырдан 

–   Өксікбай,   Дарубай,   Дулат,   Мұрат,   Дүйсенбай.   Өксікбайдан   – 

Нұрманбет,   Амангелді,   Жанкелді,   Нұрлан,   Нұржау,   Қанағат. 

Нұрмағамбеттен   –   Ғалым,   Мәди.   Амангелдіден   –   Қайсар,   Қайрат. 

Дарубайдан   –   Мақсұт,   Дәулен,   Бағлан.   Дулаттан   –   Самат,   Жанат. 

Мұраттан   –   Ринат,   Дәмір.   Дүйсенбайдан   –   Біржан.   Абықаннан   – 

Жақып,   одан   Серік,   Жолдасбек,   Жақсыбек,   Жақсылық,   Жаңалық. 

Серіктен   –   Ерұлан.   Жақсыбектен   –   Ұлан,   Руслан.   Жаңалықтан   – 

Нұрлан. 

Шобалайдан   –  Шоғанбай,   Алпысбай.   Шоғанбайдан   –   Игілік,   одан 

Тайқожа. Алпысбайдан – Медербай, Қаптағай, одан Әділқожа, одан 

Әлібек, Қанат. Әлібектен – Бақыт, Сәбет. 

Шобалдың Дүйсенбісінен тараған Сусамас атасының ұрпақтары 

Қызылорда   облысы,   Жалаңаш   және   Терең   өзек   аудандарының 

Жамбыл және XIX – партсъезд колхозында тұрады. 

Оразалыұлы Көшімбай

1935   жылы   28   сәуір   айында   Кеген   ауданы,   бұрынғы   337   совхозда 

дүниеге келген. 1942 жылы Шырғанақ ауылының бастауыш мектебін, 

он   жылдықты   1952   жылы   аяқтап,   сол   жылы   Алматыдағы   – 

Зоотехникалық мал – дәрігерлік институтына түсіп, оны 1957 жылы 

үздік бітірген. 

Бірінші   еңбек   жолын   Панфилов   ауданы,   Талдықорған   облысы, 

Октябрь   қой   совхозы,   Қоңырөлең   ауылында,   Совхоздың   бөлімше 

зоотехнигі, зоотехник – селекционері, бас зоотехник қызметін 1964 

жылға дейін істеп, 1964-1965 жылдары Панфилов аудандық ауыл – 

шаруашылық басқармасының бірінші орынбасары, 1966 жылдан 1970 

жылға дейін Нарынқол /Қазіргі Райымбек/ ауданы, Алматы облысы 

аудандық   ауылшаруашылық   басқармасының   бастығы,   1970-1971 

жылдары   осы   ауданның   атқару   комитетінің   төрағасының   бірінші 

орынбасары,   1971-1976   жылдары   Қазақстан   Компартиясы   Алматы 

облыстық   партия   комитетінің   ауылшаруашылық   бөлім 



меңгерушісінің   орынбасары   болып   қызмет   атқарды.   1976-1991 

жылдары   Алматы   облыстық   мал   асылдандыру   бірлестігінің 

директоры   болды.   Отыз   төрт   жылдай   уақыт   бойы   Алматы, 

Талдықорған   облыстарының   шаруашылық,   Совет,   Партия 

мекемелерінде еңбек етіп, еңбектері бағаланды. 

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мақтау және Құрмет грамоталарымен, 

орден, медельдарымен марапатталған. Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген 

ауылшаруашылығы   қызметкері   атағына   ие   болды.   Осы   салаларда 

еңбек   етіп   жүрген   кезінде   ғылыми   жұмыспен   де   айналысты.   1987 

жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Экономика ғылымының 

доценті   деген   ғылыми   дәрежесін   алды.   Барлық   ғылыми   жұмыстар 

саны,   52,   оның   ішінде   3   оқу   құралы,   үш   монография,   бір 

экономикалық толықтама сөздік, қалғандары ғылыми мақалалар мен 

студенттерге   арналған   әдістемелер.   1992   жылы   31   наурыз   айында 

Алматының   зоотехник   мал   –   дәрігерлік   институтының   экономика 

кафедрасына   доценттік   қызметке   ауысты.   Ауыл   шаруашылығы 

экономикасы   пәнінен   дәріс   оқып,   бұл   институтта   1996   жылдың   13 

желтоқсанынан   бастап,   бүгінгі   күнге   /2003   ж/.   дейін   Алматы 

технологиялық   университетінің  

  "Өнеркәсіп   экоеомикасы" 

кафедрасында доценттік мамандықта қызмет атқарады. 

Бөкенұлы Шора

1938   жылы   қарашаның   19-да   Алматы   облысы   Талғар   қаласында 

туған. Талғар қазақ орта мектебін 1956 жылы бітірген. 1956 жылы 

Қазақтың мемлекеттік университетінің экономика факультетіне түсіп, 

оны   1961   жылы   бітірген.   1961   -   66   жылдары   Талғар   тоқыма 

фабрикасында   аға   экономист,   1966-69   жылдары   Талғар   аудандық 

комсомол   комитетінің   бірінші   хатшысы.   1969-73   жылдары   Алматы 

облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1973 – жылдары 

Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 

1977 – 79 жылдары Москва қаласында СОКПК орталық комитетінің 

қоғамдық   білім   академиясының   тыңдаушысы.   1980   –   84   жылдары 

Қазақстан Орталық партия комитетінің ұйымдастыру партия жұмыс 

бөлімінің инспекторы. 1984 – 87 жылдары Алматы қалалық партия 

комитетінің идеология хатшысы. 1987 – 91 жылдары Қазақ ССР еңбек 

министрлігінің бөлім меңгерушісі – басқарманың орынбасары. 1991 – 

94   жылдары   Алматы   қаласының   Әкімшілігінің   аппарат   басшысы. 



1994   –   95   жылдары   Алматы   қаласының   сайлау   комиссиясының 

төрағасы. Қазіргі кезде құрметті демалыста. 



Демен немересі – Тәукебайұлы Өмірхан 

1927 жылы Киікбай Қыстағы, Шелек ауданында туған. Он жылдықта 

Қырғыз ССР – нде аяқтап, 1935 жылы Қырғыз мұғалімдер институтын 

ойдағыдай   1940   жылы   бітіріп,   орта   мектепке   мұғалімдік   қызмет 

атқарды. 

  Еңбек сүйгіш Өмірхан, балалар тәрбиесімен білім беруден жалықпай 

40   жылдай   мектепке   мұғалімдік   қызмет   істеді.   Қырғыз   ССР   –   інің 

Жоғарғы   Совет   Президумының   1975   жылы   қаулысымен   –   бала 

тәрбиесінде   ұзақ   жылдар   еңбегін   ескеріп,   оның   еңбегін   бағалап 

Тәукебайұлы Өмірханға – Қырғыз ССР – нің еңбегі сіңген мұғалімі 

атағына ие болды. 

Өмекең   он   бес   баланың,   сегіз   қыз,   жеті   ұл   өсіріп,   немерелерін 

тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя. 

Боқбасарұлы Жамбол

1886   жылы   Алматы   облысы   Шелек   ауданы   Тескенсу   ауылының 

шаруа жанұясында дүниеге келген. 1973 жылы дүниеден қайтты. 1941 

–   42   жылдары   Ұлы   Отан   соғысында   болды.   Сол   кезде   ауыр 

жарақаттанып,  соғысты  аяғына  дейін  аяқтамай  еліне  оралды.  Еліне 

оралғаннан кейін 1942 жылдан 1955 жылға дейін аға жылқышы, одан 

кейін   Шелек   ауданындағы   "Төрткөл"   колхозының   тауарлы   жылқы 

фермасында   меңгеруші   болып   қызмет   атқарды.   Өзінің 

еңбексүйгіштігінің   арқасында   1948   жылы   23   шілде   айында   ССР 

Жоғарғы   Совет   Президумының   қауылысымен   –   Республикамызда 

жылқы   өсіріп,   одан   мол   өнім   алғаны   үшін   Боқбасарұлы   Жамбол 

атамызға  –  Социалистік  Еңбек   Ері   атағы  беріліп,   Ленин  орденімен 

марапатталды. Туып өскен және туған ауылында бұл кісінің атында 

көше бар. Жамбол атаның үш ұл, бес қыз және немере – шөберелері 

қазіргі кезде Тескенсу ауылында тұрады. 

Еспай немересі Сәкен Сыбанбайұлы


1952 жылы 15 – тамызда Қазақстан Республикасы Алматы облысы 

Райымбек ауданының Жалаңаш  ауылында дүниеге келген. 

Жалаңаш   орта   мектебін   1969   жылы   бітіргеннен   кейін   колхозда, 

совхозда   есепші,   бухалтерлік   жұмыстардан   бастап,   1976   жылы 

Қазақстан Мемлекеттік Ауылшаруашылық Университетін бітіргеннен 

кейін,  экономис  ұйымдастырушы мамандығын  алып,  кіші   және  аға 

ғылыми қызметкер, Республикалық агро – өнеркәсіп кешенін басқару 

жоғарғы   мектебінде   –   доцент   және   кафедра   меңгерушісі   болып 

қызмет жасады. 

Содан кейін, 1999 – 96 жылдары Экономика   Министрлігінде агро-

өнеркәсіп   кешенін   басқару   саясаты   және   тауар   рыногының 

экономикасы   деген   басқармаларда   бастық   болды,   ал   жаңа   қос 

Палаталы   Парламенттің   басынан   бастап,   Сенаттың   ішінде 

Комитеттермен жұмыс істейтін бөлімінде – меңгерушісі болып күні 

бүгінге дейін жұмыс істеп жатыр. 

Сонымен қатар, 1983 жылы – экономика ғылымының кондидаты, ал 

1993 жылы – экономика ғылымының докторы, профессор. 

Қайып немересі Серікбайұлы Төленді

1929 жылы 12 наурызда Кеген ауданы, Меркі ауылында туған, 1982 

жылы дүниеден қайтқан. 

1945 жылы жеті жылдық мектепті мақтау грамотасымен ойдағыдай 

бітіріп, әрі қарай оқуды жалғастыра алмады. 

1946 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының ғалымдары Бутарин, 

Жандеркин,   Есенжолов   т.б.   жабайы   арқарды   жергілікті   қойына 

шағылыстыру   арқылы,   арқар   –   меринос   қойының   жаңа   тұқымын 

шығарған еді. 

Төленді 1946 жылдан бастап, сол арқар – меринос қойларын бақты. 

Бір   кезде   жеткізбестей   елге,   алдырмастай   арман   болған   ай   мүйізді 

алшақ төс, ұзын тірсек құлжаларды алдына салып айдады. Төленді 

өсірген   арқар   –   меринос   қойы   Қазақстанның   көптеген   таулы 

аудандарында өсті. 

1950   жылы   3   наурыз   айында   СССР   Министрлер   Советінің 

қаулысымен   –   Серікбайқұлы   Төленді   –   Сталиндік   /мемлекеттік/ 



салықтың   лауреаты   атағына   ие   болды.   Сонымен   қатар   бірнеше 

ордендер мен медальдардың иегері. 



Нұрғазы Оразымбетұлы Бекәлі немересі

1909 жылы /тауық жылы/ 5 наурыз айында Меркі ауылы, Шетмеркі 

өзенінің бойында, қазіргі "Тоғызбұлақ" ауылы, Кеген ауданы, Алматы 

облысында дүниеге келген. 1990 жылы дүниеден қайтты. 

Орта   мектепті   1931   жылы   Алматы   қаласында   аяқтаған.   Сол   жылы 

туыс   ағасы   Сайбырұлы   Нұрсапаның   және   басқа   лауазымды 

адамдардың   көмегімен   Ленинград   қаласындағы   Рудзутка   атындағы 

Жол   қатынас   инженерлік   институтына   оқуға   түскен.   1936   жылы 

институтты үздік бітірген. 

Осы   институтты   бітіргеннен   кейін   Алматы   қалалық   құрылыс   және 

жобалау мекемесінің бөлім меңгерушісі болған. 

1937   жылы   Қазақ   ССР-нің   Ғылым   Академиясының   шақыруымен 

құрылыс материалдар бөлімін басқарды. Сол жылы Совнарком /Совет 

халық   коммиссариаты/   аппаратына   күрделі   құрылыс   бөлім 

меңгерушісіне   ауысты.   Сол   кездегі   Совнарком   председателі 

Н.Д.Оңдасыновтың тікелей тапсыруымен Абай атындағы опера-балет 

театрын   жобалауды   тапсырды.   Театр   құрылысы   Қазақ 

Революциясының 23 жылдығына қарсы 1940 жылы аяқталған. 

1941   жылдың   тамыз   айында   Совет   Армиясының   қатарына 

шақырылды.   Мары   қаласынада   119   инженерлік-құрылыс 

батальонының   командирінің   көмекшісі,   1941   жылдың   12 

желтоқсанынан Ақтөбе қаласында жаңадан құрылған 101 Оңтүстік – 

Орал қарулы күштер округінде инженерлік бөлімінің жетекшіс болды. 

Оңтүстік-Орал   әскери   округ   командирінің   бұйрығымен   1942   жылы 

наурыз   айында   Фрунзе   /қазір   Бішкек/   қаласындағы   Күйбышев 

атындағы инженерлік академияға әскерлік оқуға жіберіледі. 

1944 жылдан 79 әскери – жол отрядына аға техник – инженер болды. 

Закавказ   фронтында,   Иранда   және   Кавказда   қызмет   атқарды.   1946 

жылы елге оралады. 

1947 жылдың 25 ақпан 1948 жыл арасында Қазақ ССР-ның Ғылыми 

Академиясының   құрылыс   материал   жөнінде   ғылыми   қызметкер,   ал 


1948   жылы   ақпан   айынан   жер   сілкінісіне   сейсмикаға   қарсы   сектор 

меңнерушілігіне жоғарылатылады. 

1948   жылы   Түркмен   ССР-нің   астанасы   Ашхабадта   күшті   жер 

сілкінуге   байланысты,   1948-1949   жылдары   Ашхабад   жер   сілкінісін 

зерттеу жөніндегі қазақ ССР ғылым Академиясы атынан  жіберіледі. 

Ашхабад   экспедициясының   жер   сілкіну   қорытындысы   жөнінде   2-

томдық   ғылыми   есеп   беріп,   артынан   50   баспа   беттей   ғылыми 

монографиясы 1948 жылы Москвада жарық көрген. 

1973 жылдың 10-12 қазан айында Ашхабад қаласында Түркмен ССР-

нің   жер,   атмосфера   физикасы   институмен   СССР   Академиясының 

біріккен   Ашхабадтағы   жер   сілкінудің   25   жылдығына   байланысты 

сейсмология және сейсмологияның құрылыс жөнінде бүкіл одақтық 

ғылыми конференция болып өтті. Сондағы Нұрекеңнің "1948 жылғы 

Ашхабад жер сілкіну" монографиясы Москвада бастырылған еңбегі, 

сол   конференцияға   бүкілодақтық   тіпті   жер   жүзінде   маңызы   бар 

ғылыми   еңбегін   ескеріп   Ашхабад   қалалық   Партия   комитеті   осы 

конференцияда   Нұрғазы   Оразымбетұлы   Ашхабад   қаласының 

"Құрметті азаматы" – деп атады. 

1951   жылы   мамыр   айында   Қазақ   ССР   Министрлер   Советі 

"Қазпромстрой проект" инститының директорлығына тағайындады. 

1955   жылы   үш   жоба   институттары   "Қазгипромстрой", 

"Казсельпромпроект",   "Казпромстройпроект"   біріктіріліп   осы 

мекеменің директоры қызметін атқарды. 

1957   –   1973   жылы   зейнеткерлікке   шыққанға   дейін   "Казгипроторг" 

жобалау   институтының   директоры   болды.   Бұл   жобалау   институна 

Қырғыс, Тәжік, Түркмен ССР-ы осы институтқа қараған. 

Нұрекеңнің   тікелей   жобасы   бойынша   салынған   46   құрылыстың 

авторы . 

Нұрекеңнің   Отан   алдындағы   көп   еңбегі,   әсіресе     Алматы   қаласын 

көркейтудегі еңбектері 

1966   жылы   13   тамызда   Қазақ   ССР   –   ның   Жоғарғы   Кеңесінің 

қаулысымен "Қазақ ССР – ның еңбек сіңірген құрылысшысы" атағын 

алды. Өзінің 45 жылдай еңбегі он шақты орден және медельдармен 

марапатталған. 



Алматы қалалық атқару комитетінің шешімімен өзі тұрған /Төле би 

мен   Наурызбай   батыр   көшелерінің   қиылысқан   бұрышындағы/   үш 

қабатты үйге мемориалды тақта ескерткіші 1990 жылы қойылды. 

Жаншық

Жаншықтан – Әлмерек, Олжай (Беснайза). 

Әлмеректен – Құрман, Жәнібек, Баба, Қаракісі, Тоқан, Еділ, Жайық, 

Жұмық. 


Құрман

Құрманнан – Мәмбет, Үмбет, Қара. 

Мәмбеттен – Елемес, Орман. Мәмбеттің баласы Елеместен – 

I Елемес

Елеместен: Айту, Күнту, Жанту, Жантай, Жақай, Мүсебек.

I.Айтудан  –   Бәйбішесінен   –   Билібай,   Алтыбай,   екінші   әйелінен 

Ақшал, Қаташ, Төлеген. 

Билібайдан   –   Елепберді,   Төлепберді,   Байқан,   Кейкел,   Қосет, 

Солтанқұл. 

Елепбердіден   тұқым   жоқ.   Төлепбердіден   –   Қыдыр.   Қыдырдан   – 

Қасымбек,   Жұпарқожа.   Жұпарқожадан   –   Тілеулес,   Рамазан, 

Сайлаубек. Тілеулестен – Сағыныш, Қуаныш, Ербол, Нұрбол, Дидар. 

Рамазаннан – Тимур, Сайлаубектен – Ерлан. Байқаннан – Жұмабек, 

Тыныбек,   Тынайбек,   Құрманқұл,   Шынайбек.   Алдыңғы   төртеуінде 

тұқым жоқ. Шынайбектен – Хайролла, Асанбек, Хайрооладан – Ғани, 

Қаби,   Әкпар,   Қуанышбек,   Жуар,   Данияр.   Асанбектен   –   Айдар, 

Оралбек, Қанатбек, Елдан, Мұратбек. Кейкелден – Балғазы, Шұрқы 

(Әметқан), Қасаболат, Баққожа, Нұрдаулет, Шынарбек. Балағазыдан – 

Жақсымбет.   Жақсымбеттен   –   Әлиасқар,   Жолымбет,   Кемелқожа, 

Талғат. Әлиасқардан – Досым, Ғани. Жолымбеттен – Әнуар, Мұқтар. 

Кемелқожадан – Еркебұлан, Талғат. Талғаттан – Азамат. Шұрқыдан 

Оразымбет,   Бейімбет.   Оразымбеттен   –   үш   қыз   бар.   Бегімбеттен   – 

Еркінбек,   Ержан,   марат,   Қанат.   Еркінбеттен   –   Жасұлан,   Дастан. 

Жақсымбеттен   –   Жолымбет.   Журналист,   қазақ   радио   комитетінде 

редактор   болып   істейді.   Қосеттен   –   Нұркебек,   Әлімқұл,   Қасанбай, 

Бейсәділ. Нұркебайдан – Оразақын. Оразақыннан – Жөкен. Қосаттың 


басқа   балаларынан   тұқым   жоқ.   Әлімқұлдан   –   Шайза,   Шатайза, 

Дүңгенбай. Шайзада тұқым жоқ. Шапайзадан – Тергеусіз, Ардақан, 

Қақан, Дүңгенбейдан – Ринат. Қасаңбайдан – Қанатбек, Бұрышбек, 

Жетен. Қанатбектен – Ернат. Билібайдан – Кенжесі. Солтанқұлдан – 

Құлымбек,   Балапан,   Баянбай.   Құлымбектен   –   Бұқарқожа. 

Бұқарқожадан   –   Айдар,   Салық,   Мәлік,   Баянбайдан   –   Аманқалды, 

Балапаннан   тұқым   жоқ.   Алтыбайдан   –   Аяз,   Күйік.   Күйіктен   – 

Шаншарбек,   Шаншарбектен   –   Бүрлібай.   Нұрлыбай,   Асқар. 

Бүрлібайдан   –   Бекмұрат,   Жақып,   Жексенбай,   Нұрболат.   Нұрлыбай 

мен Асқарда тұқым жоқ. Ақшалдан – Тәліп. Тәліптен бір ұл бар ол 

Қытайда.   Қаташтан   -   Қ–сымбай,   Нарымбай.   Қасымбайдан   – 

Қожахмет,   Молдахмет,   Нұрахмет,   Иманбек,   Әлдибек,   Әскербек. 

Қожахметтен   –   Андрей.   Нұрғайып,   Молдахметтен   –   Ерболат, 

Нұрмұхамбет,   Бақытжан.   Нұрахметтен   –   Нұрболат,   Ерқанат. 

Иманбектен   –   Медет,   бес   қыз   бар.   Нарымбайдан   –   Сейдахмет, 

Жұмахмет Қытайда тұрады. Төлегеннен – Мұсақожа. Мұсақожадан – 

Тұрсынбай. Дәукен. Тұрсынбайдан – Мақсат, Мәди, Бағдат, Санат. 

2.Күнтудан 

–   Тойлыбай,   Сайлыбай,   Жанбота,   Қандыбай. 

Тойлыбайдан   –   Құспанбек,   Әжібек,   Кенесары,   Жаусан,   Қалқабай, 

Бартай.   Оспанбектен   –   Шортанбай.   Шортанбайдан   –   Әлдибек, 

Әлдекен.   Әлдекеннен   –   Нұрқа.   Жас   қайтыс   болған.   Әлдибектен   – 

Нүсіпбек, Мұшірбек, Әшірбек. Мүсірбектен – Тілек, Мағауия, Ерлан, 

Алик, Айбын, Арман. Тілектен – Ержан, Алман. Мағауиядан – Медет, 

Фархат, Ерланнан Фармен, Марсен, Әликтен – Дулат, Думан, Малик. 

Әшірбектен – Нұрлыбек, Қайрат, Шалқар, Нұркен, Ардақ, Ақылжан, 

Нұрлыбектен   –   Марсель,   Хайраттан,   Қайнар,   Шалқардан   –   Айбек, 

Арқап, Жылыбек. Әжібектен – Телтай, Нұрбек, Бейсенбай, Сабырбек, 

Телтайдан – Сағыбек, Сейптан, Мұхаметжан, Әлім. Сағыбектен – бір 

қыз бар Жанаркүл. Сейіптаннан – Әбілқан. Талдықорғанда тұрады. 

Қалғандарынан   бала   жоқ.   Нұрбектен   –   Ақымжан,   Арын,   Ақылжан, 

Ақымжаннан   тұқым   жоқ.   Арыннан   –   Андос,   Әбдібәли,   Несіпбала, 

Андостан – Сырым, Әбдібәлиден – Қуаныш. Несіпбаладан – бір қыз 

бар. Бейсенбектен – Ахмет, Әуесқан, Әбуқан, Нұрақын. Ахметтен – 

Мұқаш,   Дәулет,   Әуесқаннан   –   бір   қыз   бар   Қытайда.   Әбуқан, 

Нұрақанда тұқым жоқ. Мұқаштан – Еркін, Ермек, Ербол. Еркіннен – 

бір   қыз   бар.   Дәулеттен   –   Нұрбол,   Нұрлан,   Ерлан.   Сабырбектен   – 

Елубай,   Алпысбай,   Серджан,   Мейіржан   –   Елубайдан   –   Қанапия, 

Ерқанат,   Нұрқанат,   Ерқанаттан   –   Бекзат.   Алпысбайдан   –   Жасұлан, 



Марғұлан, Сержаннан – Қуат, Ардақ. Мейіржаннан – Лазар, Бағлан, 

Айбол.   Кенесарыдан   –Қасабек,   Байғазы,   Жабырбек,   Қасабектен   – 

Айтбай.   (Әбдімүбарак).   Айтбайдан   –   Малгажадар.   Айтбайдан   – 

Кәдірақын, Кәдіржан, Әріпжан, Әріпқан, Кәдірақыннан – Кемелжан, 

Бақыткелді,   Медет,   Кемелжаннан   –   үш   қыз   бар.   Бақыткелдіден   – 

Абай,   Абылай,   Медеттен   –   Асылан.   Кәдіржаннан   бәйбішесінен   – 

Амангелді, Мұхтар, Ермек, Аманкелдіден – Еркін, Әлібек. Мұхтардан 

–   Абылайхан,   тоқалынан   Руслан,   Есбол,   Бекбол,   Әріпжаннан   – 

Нұржан,   Әріпақыннан   –   Мәлік.   Қасабектің   Мүгенінен   –   бала   жоқ. 

Байғазыдан – үлкен әйелі Ескерместен – Өтеміс. Екінші  әйел Нұжұма 

шешемізден – Айым деген қыз бар. Өтемістен – Ораз, Оразда бір қыз 

бар, Екінші әйелі Бүбіжаннан – бес ұл, екі ұл бар. Дәукен, Рыскелді, 

Серік, Болат, Жомарт. Жабырбектен – Далан (Беркімбай), Даланнан 

Тәңірбергеннен   –   Ізбасар.   Қытайда   тұрады.   Жаусаннан   –   Иманқұл, 

Жаманқұл,   Иманғазы,   Қасенқазы,   Әлімғазы,   Абыл,   Мұхамеди. 

Иманқұлдан   –   Сұлтанғазы,   Мұхтархан,   Сұлтанғазыдан   –   Мүтәліп, 

Уәліп.   Мүтәліптен   –   Әуелхан,   Рахат.   Әуелханнан   –   Ермек,   Ерлан. 

Уәліптен – Әбіш, Нұрлан, Ерлан, Жолболды. Мұхтарханнан – Асқар. 

Жаманқұлдан   –   Бұралқы,   Садырбай,   Тышқанбай,   Тышқанбайдан   – 

Ермек,   Төленді,   Талғат,   Төлендіден   –   Медет.   Талғаттан   –   Мәди. 

Иманғазыдан – Әубәкір, Мәди, Оқас, Әубәкірден – Бекболат, Ерболат, 

Ерқанат,   Жанат.   Бекболаттан   –   Нұрболат,   Нұртай,   Ерболаттан   – 

Мадияр,   Ерқанаттан   –   Азамат,   Данияр.   Жанаттан   –   Ертай,   Әли, 

Оқастан   –   Елдос,   Бектас.   Елжас   –   Елдостан   –   Асқат,   Елжастан   – 

Серік,   Қасенғазыдан   –   Мырзалы,   Әуелхан,   Таубалды,   Сатыбалды 

(Сатын), Мәдениет (Бөден), Алтай. Сатыбалдыдан – Әният. Әнияттан 

– Асқар, Әсет. Мәдениеттен – (Бөден) – Ғазиз, Ғалым, Ғабит, Ғакни, 

Марғұлан. Ғазизден – Әрсен, Бауыржан, Ғабиттен – Ақжол, Ғаниден – 

Ержан.   Алтайдан   –   Ғабиден.   Мырзалысмнан   –   бір   қыз   бар. 

Әлімғазыдан   –   екі   қыз   бар.   Абыл.   Мұхамедиден   бала   жоқ. 

Қалқабайдан   –   Қанайбек,   Омар,   Шәбден,   Садықожа,   Әбдірәсіл, 

Қанатбектен   –   екі   қыз   бар.   Медрасіл   деген   ұл   бар.   Омардан   – 

Нүсіпжан,   Әріпжан,   Нүсіпжаннан   –   Әшімжан,   Есімжан,   Жұмабек, 

Союзбек, Сенбек. Әшімжаннан – Рүстем, Дастан, Данияр, Еркебұлан. 

Есімжаннан   –   Руслан,   Мұрат,   Дархан,   Жұмабектен   –   Нұрболат, 

Әріпжаннан – Әбдіманап (Манап), Талғат, Мұрат, Нурдин, Нұрлан. 

Манаптан   –   Олжас,   Талғаттан   –   екі   қыз   бар.   Мараттан   –   Дәурен, 

Бауыржан.   Садықожадан   –   бірінші   әйелі   Сантайдан   Керімбек, 

Таубалды, Байжұма. Екінші әйелі Қайнардан – Амангелді, Аманжол, 


Бейсебай,   Мақсат.   Керімбектен   –   Ермек,   Ерлан,   Ербол,   Алмас. 

Таубалдыдан   –   Жандос.   Байжұмадан   –   Медет,   Қайрат,   Қанат. 

Амангелдіден – Бауыржан. Бейсебайдан – бір бала бар. Бартайдан – 

Бидайбек.   Бидайбектен   –   Иманбек.   Иманбектен   –   Ермек,   Тоқтар, 

Мұхтар, Мұрат. Тоқтардан – Төлеген. Мұраттан – Дәмен. Ермек пен 

Мұқтар   ерте   қайтыс   болған.   Тұқым   жоқ.   Сайлыбайдан   –   Тілекмет. 

Тілекметтен – Кәдірбек. Кәдірбектен – Бұралқы, Тұрсын. Бұралқыдан 

–   Құрманжан,   Мұқажан.   Құрманжаннан   –   Қуаныш,   Саламат, 

Ерсайын.   Мұқажаннан   –   Қуат,   Марат.   Қуаттан   –   бір   қыз   бар. 

Тұрсыннан   –   Әкпар.   Әкпардан   –   Әнуар.   Әнуардан   –   үш   бала   бар. 

Тұрсынның тұқымының барлығы Қытайда, Сүйдін қаласында тұрады. 

Жанботадан   –   Бірімқұл   –   Өмірәлі,   Әлдіғұл,   Смағұл,   Бектұрған. 

Бірімқұлдан – Барытхан, Әлиасқар. Нәби. Батырханнан – Тоқтарбек 

(Тоқан)   Тоқтарбектен   –   Айдар,   Мадияр,   Кемелбай.   Кемелбайдан   – 

Бақытжан. Әлиасқардан – Өнербек, Нөкербек. Өнербектен – Жомарт, 

Жандос,   Айдос.   Нөкербектен   –   бала   жоқ.   Нәбиден   –   Жолашар, 

Жәйірбек,   Бүрленбек,   Дүйсенбек.   Жолашардан   –   Сейсен,   Қайрат, 

Талғатбек, Ұлан, Серік. Қайраттан – Арман. Талғарбекте – Жасұлан. 

Жәйірбектен   –   Мұрат,   Дархан,   Айбек,   Мұстафа,   Кенжебек. 

Бүрленбекте   –   Дүйсенбекте   тұқым   жоқ.   Өмірәліден   –   Сұраншы, 

Мамырхан.   Сұраншыдан   –   Жолшыбек,   Жанатбек,   Мұрсалбек, 

Мырзабек,   Анарбек.   Жолшыбектен   –   Еркінбек.   Нұрсалбектен   – 

Жандос, Жансерік, Ринат. Мырзабектен – Айдос, Елдос. Қарағандыда 

тұрады.   Анарбектен   –   Марат.   Әлдіғұлдан   –   Меметнияз,   Сламжан, 

Меметнияздан – Әбдіуәли, Нұрәлі. Асан қазы Әбдуәлиден – Марат, 

Ғабиден, Серік, Берік, Ерлан, Нұрлан. Ержан – Нұрәліден – Мақсұт, 

Еркінбек. Асаннан - Ермек, Ерсанат, Ерқанат, Ернат. Қазыдан – Берік, 

Қуат,  Мәдияр. Сламжаннан –  Болатбек,  Бектұрсын. Бұлар  Қытайда 

тұрады.   Смағұлдан   –   Қанатбек,   Жуартбек.   Жуартбектен   –   Төлеген 

(Еркін).   Бектұрғаннан   –   Кәдірсіз,   Сламжан.   Кәдірсізден   –   Мұрат, 

Талғат,   Кенже.   Сламжаннан   –   Өмірбек   Қытайда.   Қандыбайдан   – 

Нұржау,   Әпіш.   Нұржаудан   –   Темірәлі.   Темірәліден   –   Нүсіпәлі, 

Нүсіпқожа.   Нүсіпәліден   –   Көдек.   Көдектен   –   Жайық,   Ерлан, 

Көпберген, Нұрбақыт. Нұрбақыттан – Дулат. Көпбергеннен – Айдын. 

Ерланнан   –   Есім,   Досым,   Ринат,   Айбек,   Айбек,   Аян.   Жайықтан   – 

Алмас,   Айдар.   Нүсіпқожадан   –   бала   жоқ.   Әпіштен   –   Қиқымбек, 

Сыйқымбек.   Қиқымбектен   –   Медеубек,   Тұрысбай,   Әлқожа. 

Медеубайдан   бала   жоқ.   Тұрысбайдан   –   Қайыпбай.   Қайыпбайдан   – 

Еркін,   Нұрболат,   Еркебұлан.   Еркіннен   –   Руслан,   Дастан,   Дархан, 


Данияр.   Нұрболаттан   –   Жасұлан,   Нұрсұлтан.   Сыйқымбектен   – 

Сыдық. Сыдықтан – Жұмақан. Жұмақаннан – екі бала Қытайда. 

3.Жантудан   –   Алдасүйін.   Алдасүйіннен   –   Қуандық,   Қосшығұл. 

Қуандықтан   –   Алмабек,   Бұқарбек,   Малдыбек,   Әлімқұл,   Дәлетбақ. 

Дәулетияр,   Әбдіқасым,   Белғожа.   Бұқарбектің   бірінші   әйелінен 

Сәрсенбай,   екінші   әйелінен   –   Изат,   Қожаберген,   Әуелқан. 

Сәрсенбайдың бірінші әйелінен Аппақ, Шарбақын, Нұрлан, Жұмақан. 

2-ші   әйелінен   Құлмақан,   Қасымақын,   Ілияс,   Әбдіуәли.   Аппақтан   – 

Уәлихан,   Шарбақын,   Нұрлан,   Жұмақандар   Қытайда   тұрады.   Толық 

дерек жоқ. Құлмақанда ұл жоқ. Қасымақында үш ұл бар. Ілияс пен 

Әбдіуәлиде бала жоқ. Бұлардың барлығы Қытайда тұрады. Изаттан – 

Дәуітбек,   Дәуітәл,   Дәулет,   Мұса.   Дәуітбектен   –   Жұманәлі, 

Дәуітәліден   –   Ермек,   Еркін,   Еркінбек,   Рүстем.   Мұсадан   –   Дастан. 

Қожабергеннен – Байсұлтан, Бексұлтан, Нұрсұлтан. Байсұлтаннан - 

Ержан,   Медет,   Мақсат,   Беглан.   Бексұлтаннан   -   Азамат,–Жалған. 

Нұрсұлтаннан – Арман, Құдайберген. Әуесқаннан – Медет, Дәуітжан. 

Дәуітжаннан   екі   баласы   бар.   Алмабектен   бірінші   әйелінен   Жүніс, 

Мәметқасым,   Нұрғожа,   Нұрсейіт,   екінші   әйелінен   Сейдахмет, 

Қыдырәлі.   Жүністен   –   бірінші   әйелінен   –   Тілепалды,   Шорман, 

Разалы,   екінші   әйелінен   –   Сембай.   Тілепалдыдан   –   Көқбен,   одан 

Асқар,   Әділқан.   Одан   –   Самат,   Көкен.   Шорманнан   –   Ауған.   Одан 

Саят, Саян, Серік, Разалыдан – Сералы, Сембайдан – Рысбек, Жомарт, 

Ринат.   Мәдетқасымнан   –   Оразбақы,   Оразхан,   Оразбақыдан   – 

Дүйсенқазы, Жақан, Орынбасар, Дүйсенқазыдан – Серікбол, Бақыт, 

Бағлан,   Жандос,   Серікболдан   –   Әрсен,   Ұлан.   Жақаннан   –   Нұрлан, 

Нұртай, Бағдат. Оразақыннан – Орынбол, Өкен. Нұрғожадан бірінші 

әйелінен – Оразалы, Шоқан екінші әйелінен – Мұхтар, Жұмақадыр, 

Ерлік.   Оразалыдан   –   1-әйелінен   Дүйген,   Кемелбай,   Кемелжан, 

Әкімбек   2-әйелінен   Бірлік,   Ерлан,   Ербол,   Нұрдан   –   Нұрлан. 

Дүйсеннен   –   Санат.   Санаттан   –   Дәулет.   Кемелбайдан   –   Беглан, 

Жомарт.   Бірліктен   –   Дарын,   Дәурен.   Шоқаннан   –   Берік,   Қайрат, 

Руслан,   Арман.   Қайраттан   –   Мадияр.   Мұхтардан   –   Жанат,   Айып. 

Жұмақадырдан – Қайып, Қайсар, Дидар. Ерліктен – Байбақын, Серік, 

Алмат.   Нұрсейіттен   –   Қабыл,   Тұрсын,   Тұрғанбек,   Қабылдан   – 

Жомарт,   Жабық.   Тұрсыннан   –   Серік.   Бұлар   Қытайда   тұрады. 

Сейдахметтен – Нүсіпжан, Ерсанат, Нүсіпәлі, Нүсіпжаннан – Ернат, 

Ерқанат. Қыдырәліден – бала жоқ. Малдыбектен – бірінші әйелінен – 

Сағат.   2-ші   әйелінен   –   Құлышпан,   Имақан.   Сағаттан   –   Хасенхан. 



Бұлардың барлығы Қытайда. Әлімқұлдан – Иемберді. Дәулетбақтан – 

Өрісқан.   Дәулетиярдан   –   Отарбай,   Шарубай.   Отарбайда   бала   жоқ. 

Шарубайдан – Әнуар, Жакулин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет