Батат – Перу мен Колумбияда алғаш рет пайда болған тамыр
жеміс. Батат ылғалды тропикалық климатта өседі. Оның
екінші атауы – «тәтті картоп». Бұл көкөніс ұзындығы 30 см-ге
дейін жететін ұзын тамырға ұқсас келеді. Шырынды және өте
қабығы жұқа. Бататтың картоптан көптеген
айырмашылығы бар. Тәтті картоп әлдеқайда пайдалы. Оның
құрамында әдеттегі картоп түйнектерімен салыстырғанда
көмірсулар, темір және калий көп. Сондай-ақ тамыр
дақылында ақуыздың болғандықтан, ұзақ уақыт бойы
балғындығын сақтайды. Қытай, Үндістан, Индонезияда
бататты өте көп өсіреді.
Батат
Батат
Құлмақ (Humulus lupulus) – кенепшөп тұқымдасына жататын шырмалып
өсетін қос үйлі өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен
ылғалды жерлерде өседі. Биіктігі 3 – 5 метр. Жапырағы қарама-қарсы
орналасқан, ұшы үшкір. Гүлі сарғыш, жасыл түсті, аналығы – біреу, масақ
пішіндес, 5 аталығы сыпыртқы тәрізді гүлшоғырында орналасқан. Маусым –
шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жаңғақша.
Құлмақ бүрінен сыра қайнатуға қажетті шикізат алынады. Оның құрамында
8 – 10% илік және жұпар иісті заттар бар. Медицинада, косметикада
қолданылады. Құлмақтың жалбыз, шүйіншөп, т.б. өсімдіктермен бірге
қайнатылған тұнбасын циститпен ауырғанда ішеді. Сабағынан қап тоқитын
және жіп есетін талшық алынады. Құлмақты техникалық дақыл ретінде де
өсіреді.
Құлмақ
Құлмақ
|