Бейімбет кейіпкерлері арамызда бар ма? (350 сөз)



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі28,38 Kb.
#12326
Байланысты:
beyimbet keyipkerleri aramyzda bar ma 350 sz 2990



Бейімбет кейіпкерлері арамызда бар ма? (350

сөз)

Жазылғанына  жүз  жылға  таяу  мерзім  болған  Бейімбет  Майлин  шығармалары  уақыт  өлшемі

мен замана өзгерісіне сай ма? Жас оқырманның, яғни менің, сыни пікір айтуыма қаншалықты

негіз бар? Осы сұрақтар тұрғысынан жауап берсем, онда Бейімбет шығармалары – кез келген

уақыт  өлшеміне  сай,  өмір  шындығын,  адам  болмысын  шынайы  сипаттаған  туындылар.  Ал

кейіпкерлерінің  «мәңгілік  мәртебесін»  иемденгені,  күнделікті  өмірде  өз  арамыздан  жиі

кездесетіні – даусыз шындық.

Мәңгілік  бейнелер  сыры  неде?  Менің  ойымша,  жазушының  логикалық  және  сыни  ойлау

шеберлігінде,  шығармашылық  ой  шешімін  қабылдау  дәлдігінде.  Біріншіден,  Бейімбет  өз

туындыларында  өмір  шындығын  еш  бояусыз  көрсетті:  ол  оқиғаның  өткен  мерзімі  мен

әлеуметтік, саяси себептеріне басымдық бермей, керісінше, орын алған оқиғаның салдарын,

мәні  мен  маңызын  саралады.  Екіншіден,  әр  кейіпкердің  әрекеті  мен  өзіндік  ерекшеліктерін,

іскерлік  белсенділігі  немесе  шарасыздығы  не  себепті  орын  алатынын  тап  басып  суреттеді.

Міне, сондықтан кейіпкер уақыт иірімдерінің қай тұсында да өз сынын жоғалтпайтын бірегей

тұлғаға айналды. Т. Ақшолақовтың «Б. Майлин оқиға өрбуі арқылы адам жанына әсер етеді,

түйсік-тұшыныс  тудырады.  Оқиға,  ситуация  арқылы  оқушының  ой-сезіміне  әсер  етеді,  сол

арқылы  өмір  соқпақтарының  сан  алуан  бұлтарысын  көрсетеді,  көз  алдыңа  қимыл-әрекет

үстіндегі  адамдар  тағдырын  елестетеді»  деген  сөздері  –  ойыма  дәлел.  Демек,  Бейімбет  –

мәңгілік жанды портреттер көрмесін жасап кеткен тума талант.

Жазушы  әр  кейіпкерге  тән  деталь,  нышан,  белгілерді  тапқырлықпен  таңдаған.  «Қара

шелектегі»  артель  бастығы  Айшаның  ой-әрекеттерін  (малды  ортаға  салуға  күмәндану,

бүлінген  шелек  үшін  қол  жұмсауы  т.с.с.)  сипаттау  детальдары  арқылы  қоғамда  орын  алған

ұжымдасу  өзгерістері  мен  адамдардың  психологиялық  қабылдауы,  өзгеріске  бейімделу

қиындықтарын  шебер  көрсеткен.  Мұқыш  пен  Талтаңбай  –  паразиттік  келбетті  толық

танытатын портреттер. З. Қабдоловтың «Жоқ, Талтаңбай – жай ғана «шолақ белсенді немесе

«зиянсыз  мылжың»  емес,  әлеуметтік  жағынан  қауіпті,  жауапсыздығы  жауыздыққа  ұласқан

зиянкес»  дегені  ойымызды  нақтылай  түседі.  Өкінішке  қарай,  адамдар  арасында  науқаншыл,

ұраншыл  психология  әлі  де  бар.  Ал  өмірдің  өзгерістеріне  бейімделіп  қана  қоймай,  тарихқа

үлес  қоса  алған  оның  қарапайым  кейіпкерлеріне  не  тән?  Ұлт  тұлғасына  тән  ерекшеліктер:

намыс,  тектілік  пен  қарапайымдылық,  жауапкершілікті  сезіну  т.б.  Мырқымбай,  Жалбыр,

Раушан, Досан, Зәурелер – осы қасиеттерден сомдалған тұлғалар.

Қорыта  айтқанда,  Майлин  өз  кейіпкерлеріне  мыңжылдықтар  ғұмырын  сыйлаған  жазушы.

Оның  кейіпкерлері  –  уақыттан  қаймықпайтын,  өмірдің  кез  келген  кезеңінде  бой  көрсете

алатын  тұлғалар,  қайсарлық  пен  өлмес  үміт,  батылдық  пен  адалдық,  аңғалдық  пен  қулық

қасиеттерін сан қырынан ашатын жиынтық бейнелер. Бәлкім, олар ешқайда кетпеген болар…

Мына өмірге қайта оралып келген сен, мен, ол шығар?!



(350)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет