Бейімбет Майлин «Кедейлер»


Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі



бет5/5
Дата26.11.2023
өлшемі33,47 Kb.
#128394
1   2   3   4   5
Байланысты:
Майлин шығармалары

Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі

Түйебай содан кейін молда бетін көрмеді. Он-он бес күн елде бос жүргеннен кейін әкесі келіп, «оқымайтын болсаң мен сені қойдың соңына салайын» деп апарып біреуге жалдағандығы естілді. 


Ә дегенше жаздың қызықты кезі кетіп, жұрт шөп шабуға кірісті. Әлі келетін үйлер қостап шықты. Біздің үйдің қостап шығаратын әлі жоқ. Шөп шабарда жылда өзенге көшетінбіз. Биыл да көшпек болды. Көшумен бірге менің оқу мәселем де қозғалды. Бірсыпырасы: «Байдың үйіне тастап кет, оқысын!» деді; әжем онша сыңай бере қоймайды. Әжемнің қалпын сезген соң «қалмаймын» деп қиғылық салдым. Ақырында менің тілегім қабыл болып, үймен бірге кететін болдым.
Байдың үйінен көшуге пар өгіз сұрап алды. Түс ауа үй жықтық. Бізбен бірге көшетін 45 үй. Бесін кезінде көш женелді. Құлын күнінде жездемдікі берген торы құнанды ерттеп мініп алып, Тәңірберген шалмен екеуіміз сиыр айдадық. Күн ыстық, бұрқыраған жолдың шаңы тіп-тіке аспанға ұшады. Ұзамай Алакөлдің тақырына жеттік. Жолдың күншығыс жағында бір кішкене қара қоға бар. Қара қоғаның басында жусаған қой көрінді. Сиырдың аяңына ішім пысып келе жатқандықтан, құнанымды борбайлап жіберіп, шауып отырып жетіп бардым. Шетте жатқан қойлар дырылдап үркіп жігірісті. Қойдың көл жағынан «шәй-шәйлап» бір бала түре келді.
- Түйебай!..
Шұрқырастық та қалдық. Өзі жаяу, жалаң аяқ, ерні кезерген, тілінген. Үстінде шоқпыт-шоқпыт кима шапанның жұрнағы бар. 
Елді, балаларды сұрады. Менің жаныма келіп құнанымды мақтады. 
Әлденеге қызығып, телміріп қарады. Көз қарасында «Сен бақыттысың ғой» деген сөз бар еді. 
Жазды күні молдадан таяқ жеп, күн бата екеуіміз кайтқанда Түйебай маған осы көз қараспен қарап еді. Онда да «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді аузымен айтпаса да, көз қарасы еріксіз білдірерлік еді.
Мен көп тұрдым. Көш ұзап кетті. Мардымды еш нәрсе сөйлесе алмадық. Бірақ, бірімізді біріміз қиып кете алмайтын секілденіп тұрдық
Мен:
- Қойды неге ат мініп бақпайсың, - дедім. Аты болса екеуіміз жарыссақ, адам айтқысыз қызыққа бататын секілдендік.
Ол күрсінді.
- Ат бермеді, - деді.
Молданың ұрып жәбірлегені секілді, байдың да ат бермей, жәбірлегені көрінді. Бірақ «шоқынып кетсемде, молданың алдын көрмеймін» деп айтқаны секілді, «аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын» деп сол сағатында Түйебай айта алмады. Оны айтатын өзінде құдірет жоқ секілденді. Мен жүріп кеттім. Көз ұшындағы белеске шығып артыма қарасам, көлдің кабағына қарай өрген қойының артында, екі көзі менде, Түйебай әлі қараумен тұр екен... 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет