Бейметалдар мен металдардың жалпы сипаттамасы



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі11,62 Kb.
#128791
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Бейметалдар мен металдардың жалпы сипаттамасы-emirsaba.org


Бейметалдар мен металдардың жалпы сипаттамасы


Бейметалдар мен металдардың жалпы сипаттамасы
Белгілі 110 элементтің 22-сі бейметалдарға жатады. Бейметалдар топырақ массасының 84%-ін, өсімдік массасының 98,5%-ін және адам денесі массасының 97,5%-ін құрайды. Көміртек, сутек, азот, фосфор және күкірт органагенді элементтер болып табылады, өйткені олар нәруыз, май, көмірсулар және нуклеин қышқылдары молекулаларының құрамына кіреді. Біз демалатын ауа бейметалдардан түзілетін жай заттардың қоспасы болып табылады.
Бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері олардың периодтық жүйедегі орнымен анықталады. Периодта тотықтырғыштық қасиеттер солдан оңға қарай, ал топшаларда-жоғарыдан төмен қарай артады. Бұл периодта солдан оңға қарай электртерістіктің және электронтартқыштың артуына, ал негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай бұл сипаттамалардың кемуіне байланысты.
Элементтер-бейметалдар қалыпты жағдайда әртүрлі агрегаттық күйде болатын жай заттарды түзеді. He, Ne, Ar, Kr, Xe, Rn, H2, O2, N2-газдар, Br2-сұйық, ал қалғандары қатты заттар. Бейметалдар атомдары онша тығыз емес құрылым түзеді,онда атомдар арасында ковалентті байланыстар болады.
Қазіргі таңда ғалымдардың еңбегінің арқасында 90 металға жуық ашылып, зерттелді. Егер де металдар болмаса, техниканың дамуы қазіргі заманға сай жетілмеген болар еді. Адам өмірі металдармен тікелей байланысты.Тірі ағзада 10-ға жуық элемент болады. Олардың мөлшері өте аз болады, бірақ жетіспеушілігі әртүрлі ауруларға әкеліп соқтырады. Темір, магний, мыс, кобальт, цинк, молибден, натрий, калий, кальций. Металдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 1-ден 3-ке дейін электрон болады. Металдарға тән сипаттауыш қасиет – олардың атомдарының сыртқы электрондарын оңай беріп оң зарядты иондарға айналуы болып табылады. Электртерістілік-элементтің бейметалдығының өлшемі. Салыстырмалы электртерістігі неғұрлым көп болса, соғұрлым элементтің бейметалдық қасиеті күшті білінеді. Металдардың, әсіресе сілтілік металдардың электртерістігі төменірек, ең белсенді бейметалдың электртерістігі жоғарырақ болады. Сондықтан металдар химиялық реакцияларға тотықсыздандырғыш ретінде қатысады. Фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алады.
Метадар мен бейметалдардың химиялық қасиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет