Бейнелеу өнері және түрлері «Живопись, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханиылықтың қайнар көзі» (Микеланджело) «Живопись, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханиылықтың қайнар көзі» (Микеланджело)
Бейнелеу өнерінің түрлері
Кескіндеме (живопись)
Сәулет өнері
Сәнді қолданалы өнер
Дизайн
Мүсін (скульптура)
Сурет (графика)
Графика
гавюра
линогравюра
ксилография
литография
офорт
Графика «графо»-жазамын, сызамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан. Ал жалпы графика дегеніміз-ақ және қара түстердің негізінде, қатаң сызықтармен салынған сурет. Графика бірнеше түрге бөлінеді. Олар: гавюра, литография, офорт ксилография,линогравюра.
Кескіндеме
Қондырғылы кескіндеме
Монументті кескіндеме
Фреска
Витраж
Мозайка
Әсемдік суреттер
Миниатюра
Кескіндеме - белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Монументті кескіндеме-сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер);
Қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар;
сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, миниатюра, т.б.).
Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы, майлы бояулы кескіндеме,фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.
Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар.
Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады.
Витраж- (фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция.
Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастель, тушь та молынан қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |