Бейнелілік құрылымдағы өлең және шешендік өлең Б. Жылқыбекұлы



жүктеу 88.54 Kb.

Дата29.01.2017
өлшемі88.54 Kb.

Бейнелілік құрылымдағы өлең және шешендік өлең 

 

Б.Жылқыбекұлы, 

ф.ғ.к., доцент 

         Қазақстан, Астана 

  

Ендi  бiз  бейнелілік  құрылымдағы  ӛлеңдерге  тоқталып  кӛрейік.  Мұндай  ӛлеңдер 

ӛлеңде  бейнеленген  заттар  мен  құбылыстардың  табиғи  қисындасқан  елестерiнiң  ӛзара 

iшкi  жүйелі  байланыстары  арқылы  дүниеге  келедi.  Мысал  үшiн  "Қара  ағаш"  атты  мына 

бiр ӛлеңге талдау жүргiзiп кӛрейік. 

Ойда кӛк тал, қырда қалың кӛк шалғын, 

Кӛк шалғынға түсетұғын жоқ шалғың. 

Қою шӛптей қою қара кӛлеңке 

Салады еске алакеуiм, ақшамды. 

 

Кӛк тал керек, жылап келсең, жылап кел, 



Жылдар ағып жатыр бiрге бұлақпен. 

Мүмкiн болса, паналаған ғасырлар 

Құлау бiлмес қорғандарға ұнап кӛр. 

 

Шығып алып қорғанға сол жалаңаш, 



ұлиды кеп кәрi бӛрi араны аш. 

Сол қорғанға қарасаң бiр жайылып 

Жүрегiңде ӛскендей бiр қара ағаш. 

 

Әжiм-әжiм бұтақтары айқасып, 



Кеткен қисық кәрi ағашты байқашы... 

Суға тойған жапырақтар, су үшiн 

Бұл кәрi ағаш кӛрген талай шайқасты. 

 

Қарсы алып бiр дала таңын арайлы, 



Жапырағын қоңыр желмен тарайды. 

Бейбiт күндi аңсап-аңсап, ертеңге 

Бұтақтарын бұрып тұрып қарайды. 

 

О, жолаушы, кӛзiң түссе далада, 



Сәл аялда, осы сая-салада. 

Бұл қара ағаш атыңа да сусын боп, 

Ӛзi соған мәз болады баладай [1, 23 б.]. 

Бұл ӛлеңнiң тұлғасы табиғи елестерге толы. Ондағы "Кӛк шалғын", "Қара кӛлеңке", 

"Қорған",  "Кәрi  бӛрi",  "Қара  ағаш",  "Дала  таңы",  "Ат"  қатарлы  ұғымдардың  барлығы 

оқырмандардың  ой-қиялында  белгiлi  бiр  елес  тудыру  арқылы,  қоғамдық  ӛмiрдiң  мән-

мағыналы  қарым-қатынастарына  айналып  жатады.  Олардың  ӛзара  iшкi  тұлғалы 

байланысы  қоғамдық  қарым-қатынастардың  мәндік  байланысын  кӛрсетiп  қана  қоймай, 

олардың салиқалы үндестiгiн де меңзейді. Сондықтан мұндай ӛлеңдер дауыстап оқуға ӛте 

ауыр  келедi  де,  құлақпен  естiп,  ләззаттануға  қиындық  туғызады.  Ондай  ӛлеңдердiң  iшкi 

әлемiн  қайта-қайта  iштей  ой  жүгiртiп,  оқу  арқылы  ғана  игеруге  болады.  Ал  оның 

құрылымдық  байланысына  келсек,  ол  оқырманға  "Қорған"  мен  "Бӛрiнiң"  бейнесiнен  соң 

жүрекке ӛскен "Қара ағаштың", "Ертеңге бұтақтарын бұрып тұрып қарайтындығымен" ӛте 

тұжырымды  аяқталғандай  әсер  бередi.  Бірақ  бұл  ӛлеңнiң  "О,  жолаушы,  кӛзiң  түссе 

далада"  деп  басталатын  осы  бiр  соңғы  шумағын  оқығанда,  оның  осы  ӛлеңде  басы  артық 

шумақ  екендiгi  ӛз-ӛзiнен  белгiлi  болып  тұрады.  Ӛйткенi  ол  шумақ  ӛлеңнiң  жалпы 



символдық жүйедегі бейнелілік құрылымын әшкерелеп алған. Сондықтан ол ӛзiнiң жалаң 

сезiмдік  ӛлең  шумағына  айналып  қалғандығымен  жiбек  кiлемге  құрым  киiз  жамағандай 

жағымсыз әсер қалыптастырып тұр. Бiздiң бұл арадан байқайтынымыз, ӛлеңдегi бiр бүтін 

тұлғалы  тұтастықтан  оқшау  тұратын,  жамау-жасқау  сипатты,  жадағай  шумақтардың 

жақсы  ӛлеңнiң  сапасына  ерекше  керi  ықпал  жасайтындығын  айқын  аңғару  екендігі 

белгілі.  

Бұл  арада  біз  қытай  қазақтарының  кӛрнекті  ақыны  Жанатхан  Тұтқабекұлының 

"Қарағай" атты ӛлеңiн мысалға алсақ жеткілікті.  

                               Ей, қарағай, сен алып- 

 

 



 

Болмақ түгiл ӛнбес ең, 

 

 

 



Күн нұрынан ӛң алып, 

 

 



 

Жер уызын ембесең. 

 

 

 



Қаңтар қарын үйгенде 

 

 



 

Күндi ұмытсаң сынарсың, 

 

 

 



Тӛбең кӛкке тигенде  

 

 



 

Жердi ұмытсаң құларсың [ 2 ]. 

Ақын  ӛлеңде  ақын  қарағай  туралы  ғылыми  түсiнiк  немесе  хабар-ошар  берiп 

жатпайды,  қайта  ӛзiнiң  ӛмiрден  қорытындылаған  тәжiрибе  сабағын  қарағайдың  қасиетi 

арқылы  оқырмандардың  алдына  бейнелi  тiл  ӛрнегімен  жайып  салады.  Мұндағы  ӛлең 

иесiнiң айтпақшы болған басты ой түйіні - сен қаншалықты тӛбең кӛкке жетiп, жер шарын 

алақанда  ойнататындай  құдiретке  ие  болғаныңмен,  ӛзiңдi  мәпелеп  ӛсiрген  түп-тегiң  мен 

ата-анаңды  ұмытушы  болма  деп  отырғандығы  бiраз  ой  жүгiрте  алатын  зерделi  оқырман 

үшiн  онша  қиын  емес.  Ӛлеңде  қорытып,  қорытындыланған  тәжiрибе  сабақ  жалаңаш, 

жалаң  дидактикалық  тәсiл  арқылы  берiлiп  отырған  жоқ,  қайта,  керiсiнше,  қарағайдың 

символдық  мәнi  арқылы,  айтар  түйiнiн  кӛркем  образды  тiл  тiгiсiмен  әшекейлеп, 

оқырмандардың  ой-сезiмiнде  елең  ете  қаларлықтай  нақтылы  елесті  бейне  туғызып  отыр. 

Оқырмандар  ӛлеңдегi  "Қарағай",  "Күн",  "Жер",  "Қаңтар"  қатарлы  ұғымдардың  елесiн 

ӛздерiнiң  күнделiктi  күйбеңiндегi  қоғамдық  ӛмiрмен  байланыстыра  ойлау  арқылы, 

олардың  ӛмiрдегi  нақтылы  болмысты  меңзеп,  кӛрсеткен  мағынасының  не  екендiгiн  оп -

оңай  тауып  ала  алады.  Ал  Қадыр  Мырза  Әлидің  мына  ӛлеңі  де  елестік  құрылымдағы 

ӛлеңдердің ең таңдаулыларының бірі деп, айтуға болады.    

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын. 

Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым. 

Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне, 

Химия емес, осы кесте салды ӛмірді есіме. 

 

Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді, 



Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп кӛрінді. 

Анау емес, мынау емес – Титан болу сорың ба?! 

О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?! 

 

Темірдей деп мақтаушы едік, 



Темірдің де кезі ӛткен. 

Кезі ӛтпесе тұрар ма еді жиырма алтыншы кезекте. 

 

Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты да болғасын, 



Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын. 

 

Ал орынын сұрама сен, 



Айтуға оны ұялам. 

Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан. 

 


Элементтер ішінде де қатты-ау, сірә, қақтығыс, 

Шылапшындық мысыңнан да кейіндеу тұр ақ күміс. 

 

Күміс дейміз, 



Күмістің де ӛмір емес ӛмірі – 

Екінші емес, 

Үшінші емес, - 

Қырық жетінші нӛмірі. 

 

Қалай саған ұнай ма бұл? 



Ұнаса егер, ал тыңда: 

Жүлделі орын тимей қалған платина, 

Алтынға! 

 

Жетпіс сегіз, 



Жетпіс тоғыз – 

Екеуінің кезегі. 

Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді. 

 

Тас-талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен, 



Платина сұп-сұр болып, қаны қашқан бетінен. 

 

Құрметті жер тимесе егер шын асылда бар ма айып?! 



Ӛз орынын күте-күте кеткен алтын сарғайып... 

 

Оңай емес бұл ӛмірде бәрін әділ бӛлісу, 



Бірінші боп сутегі тұр, 

Болғаннан соң тегі су... 

Осыларды кӛріп ӛскен, ұғып ӛскен балаға 

Бұл ӛмірде ренжуге, 

Ӛкпелеуге бола ма?! [3, 191-192] 

Менделеев  кестесіне  қарап,  элементтердің  орналасу  тәртібіне  бірден  таң  қалған 

ақын,  былқ  етпейтін  сабырлы  да,  салмақтылығымен  тоғызыншы  қатарға  әрең  ілінген 

қорғасынға  разы  болса  да,  қырық  жетінші  қатарға  орналасқан  күміске  күйініп,  жетпіс 

сегіз, жетпіс  тоғызыншы қатардан әрең бой кӛрсетіп тұрған Платина  мен  Алтынды “Тас-

талқанын  шығарғысы  келгендей  бір  шетінен,  Платина  сұп-сұр  болып,  қаны  қашқан 

бетінен”  немесе  “Құрметті  жер  тимесе  егер  шын  асылда  бар  ма  айып?!  Ӛз  орынын  күте-

күте кеткен алтын сарғайып...” деп, екеуінің де жаратқаннан бір қиянат сезіп тұрғандығы 

үшін  сенделіп,  ӛкініш  білдіреді  де,  бірінші  болып  тұрған  сутегіне  сұқ  кӛзбен  қарап, 

“осыларды  кӛріп  ӛскен,  ұғып  ӛскен  балаға  бұл  ӛмірде  ренжуге,  ӛкпелеуге  бола  ма?!.” 

деген  қорытынды  шығарады.  Бұл  ӛлеңде  тілге  алынған  “Титан”,  “Темір”,  “Мыс”, 

“Қорғасын”, “Күміс”, “Платина”, “Алтын” және “Сутегі” қатарлылар символдық мәнге ие 

атаулар  болғандықтан,  оларды  ӛз  мағынасында  түсіну  жеткіліксіз.  Олардың  символдық 

мағынасы  арқылы  ӛмірдің  теңсіздік  мәнін  образды  қиял  иіріміне  сүңгу  барысында 

аңғаруға болады. Аңғарғанда да жалаң философиялық ділмәрлікпен емес, бір түрлі меңзеу 

түйсігінің  жетегіне  еріксіз  еру  негізінде,  қайта-қайта  ой-толғамға  тізгін  беру  арқылы 

ләззатты сезімге бӛленеміз. Міне мұның ӛзі бейнелілік құрылымдағы  ӛлеңдердің құдіреті 

арқылы  жарыққа  шығып  отырған  ақиқат.  Сондықтан  да  біз  бұл  арада  “даналардың  ойы 

қашанда  жұмбақ.  Олар  ӛздерінің  емеуіріні  мен  сӛз  астары  арқылы  адамзаттың  ойына 

мәңгілік ақыл азығын қалдырады. Ал кӛркемсӛзде бұл ерекше тамырланып, барған сайын 

шорлана  бермек.  Шекспирдің  “быть  или  не  быть!”  Пушкиннің  “Мен  де  оны  құлағынан 

таныдым, Ол да мені тырнағымнан таныды”, Абайдың “Мен бір жұмбақ адаммын оны да 



ойла!”  –  деген  ұғымдарының  астарын  сарқа  саралап,  сарасын  таптық  деген  сӛзуар  мен 

ойсоқтыны  кездестіргеміз  жоқ.  Бұл  ұғымдар  жаңа  заманның  тумысымен  түрленіп, 

бұрынғыдан  да  тереңдеп,  мағыналанып,  тамырланып  барады.  Шекспирдің  шындықтың 

бетін  ашуға  ұмтылған  сұрағы  қазір  “жаһанданып”,  философтар  мен  физиктердің, 

теологтардың  түйсігінше  ғаламдық  ұғымдағы  тектің  тетігіне  тіреліп,  жаратқанға 

қаратылған  қисынмен  қиыстырылып  жүр”  [4,  386]  деген  жүйелі  пікірге  жүгінбеуге 

шарасызбыз.  

Барады бұлттар баяу биікке ұшып, 

Бетінен жапырақтардың сүйіп-құшып. 

Толқындар тӛмен қарай жӛңкіледі 

Шыға алмай арнасынан күйіп-пісіп. 

 

Бір кезде соғады жел беткейге үрлеп, 



Бұлттарды қумақ болып ӛрттей гулеп. 

Жартастың құшағына кіреді бұлт  - 

“Бәрібір мен тауымнан кетпеймін!”– деп [5, 286]. 

Бұл  ӛлеңнің  бірінші  шумағы  мен  екінші  шумағының  басқы  екі  тармағы  бір 

қарағанда бүкілдей таза табиғат суреті секілді болып кӛрінгенімен, бірақ екінші шумағын 

оқығанда  барып,  “Бәрі  бір  мен  тауымнан  кетпеймін!”  –  деп,  жартастың  құшағына  кіріп 

бара  жатқан  “Отаншыл”    бұлтты  кӛргенде  еріксізден  бейнелілік  құрылымдағы  ӛлең 

екендігіне  кӛз  жеткіземіз.  Сӛйтіп  бұндағы  “Толқындар”  мен  “Желдің”  де  ӛмірдегі 

символдық  мәнін  дереу  іздеуге  кірісіп,  одан  белгілі  бір  сезімдік  тәжірибе  сабақ  алуға 

тырысамыз.  Бұл  арада  ерекше  бір  ескеретін  түйін  –  осындай  елестік  құрылымдағы 

ӛлеңдер  мен  таза  табиғат  кӛрінісін  суреттеп,  кӛрсететін  сурет  ӛлеңдердің  ара  жігін 

ажырата  білу  кейде  қиынға  соғады.  Кейбір  сурет  ӛлеңдер  бір  қарағанда  бейнелілік 

құрылымдағы ӛлеңдерге ӛте ұқсап кетеді. Мысалы, 

Сәскеде сансыз кӛкек сұңқылдаған, 

Неткен кез дүние балқып күй тыңдаған! 

Еркелеп бұйра бұлақ жатыр аунап 

Сүйкімді жас үнімен сыңқылдаған. 

 

Алыста асау ӛзен күркіреген, 



Жер жатыр жалт-жұлт етіп бір түлеген. 

Аспанның ӛрмегіндей жерге тӛккен 

Бір нәзік жұпар жаңбыр сіркіреген [6, 79]. 

Бұл  ӛлеңнің  таза  табиғат  лирикасы  екендігі  “сансыз  кӛкектің  сұңқылдауы”  мен 

“бұйра бұлақтың аунақшуы” және “асау ӛзеннің күркірі” мен “бір нәзік жұпар жаңбырдың 

сіркіреуі”  қатарлы  суретті  бейнелердің  тиіптік  дәрежеге  кӛтеріле  алмауы  мен  онның 

бойынан  лирикалық  “Меннің”  кӛзге  түспегендігінен  айқын  аңғарылып  тұр.  Ал  мына  бір 

ӛлең  оқырманға  жоғарыдағы  ӛлеңнен  басқашалау  әсер  беретіндігі  біраз  ой  жүгірткен 

адамға бесенеден белгілі. 

Қадалып кӛзі тасқынға, 

Қанатын жайып тұр қыран. 

Қарулы тырнақ астында 

Қансырап жатыр сұр жылан. 

 

Жап-жаңа ғана шүйіліп, 



Жауының бірін жаныштап, 

Кӛкала бұлтты үйіріп, 

Кӛрінсе қазір тағы ұшқан. 

 

Қарайды кірпік қақпастан 



Мұнартып жатқан тӛменге 

Секіріп ойнап ақ тастан 

Салады бұлақ ӛлеңге. 

 

Желпиді сонау адырдан 



Жеңіл бір самал бойды үрлеп, 

Қыран тұр: 

“Туған тауымнан 

бір сұмның кӛзін жойдым!..” - деп [5, 286]. 

Бұл ӛлең шұбалаңқылыққа бой алдырмағанда, елестік құрылымдағы ӛлеңдердің ең 

таңдаулыларының  бірі  болар  еді.  Ӛлең  алғашқы  бір-ақ  шумағымен  ӛзінің  айтар  ойын 

жеріне  жеткізе  суреттеп,  жеткізген.  Қалған  үш  шумағы  басы  артық  дүниелер.  Қарулы 

тырнақ  астында  қансырап  жатқан  сұр  жыланды  басып,  тасқынға  қадалып  отырған 

қыраннан одан артық не күтпекпіз?! Оған “Туған тауымнан бір сұмның кӛзін жойдым!..” 

дегізіп,  отырғаннан  бұл  ӛлең  ұтып  тұрған  жоқ,  ұтылып  отыр.  Онсыз  да  қыранның  іс-

әрекетінен  оның  ерлігі  кӛрнектіленіп  тұрған  жоқ  па?  Сондықтан,  әсіресе,  бейнелілік 

құрылымдағы ӛлеңдерде сӛзбұйдалыққа салыну ақындық арға жараспайтындығын ерекше 

ескеруіміз керек сияқты.   

Толқыннан толқын туады, 

Толқынды толқын қуады, 

                   Толқынмен толқын жарысад. 

Күңіренісіп кеңеспен, 

Бітпейтін бір егеспен 

                   Жарысып жарға барысад. 

 

Толқынмен толқын сырласып, 



Сырларын еппен ұрласып, 

                   Толқынға толқын еркелеп, 

Меруерт кӛбікке оранып, 

Жыландай жүзге бұралып. 

                   Жарға жетер ентелеп. 

 

Ерке бала былдырлап, 



Сылдыр, сылдыр, сылдырлап, 

                   Толқынды толқын қуады. 

Күміс кәусар суымен, 

Суының алтын буымен 

                   Жарының бетін жуады. 

 

Мӛлдіретіп кӛз жасын, 



Жасымен жуып жартасын, 

                   Сүйіп сылқ-сылық күледі. 

Жылағаны – күлгені, 

Күлгені оның - ӛлгені, 

                   Жылай, күле ӛледі. 

 

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап, 



Бірінің сырын бірі ұрлап, 

                   Толқынды толқын қуады. 

Жарына бал береді, 

Береді де ӛледі, 

                   ӛледі толқын тынады [7, 160-161]. 


Мағжан Жұмабаевтың “Толқын” атты бұл ӛлеңінде толқындардың бір-бірін қуалай 

жүріп,  сырласып,  бір-біріне  еркелеп,  “Сылдыр,  сылдыр,  сылдырлап,  бірінің  сырын  бірі 

ұрлап” барып, жартасты кӛз жасымен жуып жүріп, ӛлетіндігі ӛте әдемі суреттелген. Бүкіл 

ӛлеңнің ӛзегі бір ғана толқындардың айналасына шоғырланғандықтан, толқынның тоқсан 

құбылған  қимыл-әрекеті  оқырманды  еріксіз  ӛзіне  баурайды.  Баурап  қана  қоймай, 

оқырманның жасампаз қиялын күрделі қақтығысқа толы әлеуметтік ортаға жетелеп кіреді. 

Сӛйтіп  толқындардың  табиғи  елесі  бір  демде  шынайы  ӛмірге  айналады.  Міне  мұндай 

бейнелілік  құрылымдағы  ӛлеңдердің  пайда  болуын  Мағжан  Жұмабаевтың  ӛлең 

жасампаздығымен  тікелей  байланыстыратын  кӛзқарастар  да  жоқ  емес.  Ӛйткені  “Мағжан 

фольклорды  игеруде  соны  жол,  жаңа  бағыт  ашты,  қайта  жырлау,  нәзира,  сарындау  емес, 

түп-түгел  тосын,  биік,  асқақ  кӛркемдік  жүйелер  жасады.  Ең  бастысы,  ақын  ықшамдық, 

сұлулық,  философиялық  талаптарды,  бейнелілік,  суреттілік  шарттарын  бірінші  қатарға 

шығарды”  [8,  102].  Алайда  оның  тӛркіні  қазақ  ӛлең  тарихының  арғы  терең  қатпарында 

жатқандығын  ұмытпағанымыз  жӛн.  Мысалы:  Асан  Қайғы  жырларында  бұл  үрдіс  былай 

жырланады: 

Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн кӛрер, 

Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн кӛрер. 

Шыбын шақса жаз болып, таздар қайтіп күн кӛрер, 

Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтіп күн кӛрер!? [9, 24] 

Асан  қайғы  бабамыз  бұнда  “Құйрығы  жоқ,  жалы  жоқ,  құлан  мен  аяғы  жоқ,  қолы 

жоқ,  жыланның  және  жалаң  аяқ  балапан  мен  қаздардың”  табиғат  дүниесіндегі  тіршілік 

тынысына  ден  қойып,  олардың  қайтіп  күн  кӛретіндігіне  назаланып  отырған  жоқ,  қайта 

кәдімгі  қызыл  ӛңешті  мүлде  тығындап  қоюға  болмайтын  тылсым  тіршіліктіктің  жоқ-

жітіктер  үшін  қиын  болғалы  тұрғандығын  тұспалдап  айтады.  Сол  себепті  бұл  ӛлең 

жолдарындығы  “Құлан”,  “Жылан”  және  “Балапан  мен  қаздардың”  символдық  елестер 

екендігі  ӛз-ӛзінен  белгілі.  “Қазақ  әдебиетiне  Мағжанның  кiргiзген  жаңалығы  аз  емес, 

Орыстың  символизiмiн  (бейнешiлдiгiн)  қазаққа  аударды,  ӛлеңдi  күйге  (музыкаға) 

айналдырды,  дыбыстан  сурет  туғызды,  сӛзге  жан  бiтiрдi,  жаңа  ӛлшеулер    шығарды. 

Романтизмдi  күшейттi.  Тiлдi  ұстартты”  [10,  293]  десек  те,  бейнелілік  құрылымдағы 

ӛлеңдер  Мағжан  ӛлеңдерімен  бірге  тӛл  әдебиетімізге  енген  жаңалық  деудің  орнына, 

Мағжан жасампаздығы оны бір саты жоғары кӛтерді дегеніміз жӛн сияқты. Ӛйткені Қазақ 

халқы ежелден астарлап сӛйлеуді тұғыр тұтқан халық екендігі бәрімізге белгілі. Бұл үрдіс 

біздің  суырыпсалма  жырауларымыздың  жырларында  ағыл-тегіл  бейнеде  ерекше 

тебінділікпен кӛзге  түссе, ал ғұлама шешен-билеріміздің түйіп айтып, түйіндеп сӛйлеген, 

алтындай салмақты, сарапдал ой ұшқындарынан мен мұндалап тұрады. Мысалы:  

Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады. 

- Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің? – деп сұрайды. 

- Жалғыз түйемнен кӛз жазып қап, соны іздеп жүр едім, - деп жауап береді бала. 

- Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?  

- Түйемнің тұсауы  ӛліп қалып  еді  – дейді бала. Ол  әкем ӛліп  қалып  еді деген  сӛзі 

екен. 

- Балам, біз қай үйге қонамыз? 



-  Бір  қой  жеймін  десеңіздер,  қай  үй  болса  да  қона  бересіздер!  Екі  қой  жеймін 

десеңіздер, біздің үйге қонасыздар, - дейді бала. Ханның қасындағылар: 

-  Мынау бір мырза бала екен,  осының үйіне қонайық,  - дейді. Келген соң бала бір 

буаз саулықты жетектеп келіп “иллаһи амин!” дегенде: 

- “Шырағым, бойдақ қой жоқ па?” – деп ескертеді хан.  

- Мен бойдақ қойдың жоғын мана далада айтпап па едім? Екі қой жейсіздер, біздің 

үйге қон дегенім  осы  емес пе?  –дейді бала.  Қонақтар  оның жауабына қайран қалады [11, 

8]. 


Шешен  баланың  осы  бір  тапқыр  талантының  ӛзінен-ақ,  оны  ағып  тұрған  “Ақын” 

демеске  амалымыз  жоқ.  Ӛйткені  ақындық  дегеніміздің  ӛзі  ақпарат  құралдары  сияқты 



ашып айтуды  емес, қайта қышыған жерді дәл  тауып, қыбын қандырарлықтай  етіп, қасып 

айтуды  ӛз  борышы  деп  біледі.  Бейнелілік  құрылымдағы  ӛлеңдер  бұл  жағынан  ерекше 

кӛзге  түсетіндіктен,  бұл  түрдегі  құрылымдық  жүйені  меңгеру  ӛте  бір  ерекше 

дарындылықты қажет етеді. 

                         Болса гүлсіз, 

                         Бұлбұл үнсіз, 

Үнсіз бұлбұл – бір сұр құс. 

                         Үнсіз ӛмір – 

                          Сӛнген кӛмір, 

Отсыз жүрек – бос қуыс [7, 182]. 

Бұл  шумақтар  бір  қарағанда  бейнелілік  құрылымдағы  ӛлеңдерге  ұқсағанымен, 

алайда  оның  оқырманның  сезім  түйсігіне  емес,  қайта  ақылдық  танымына  тікелей  әсер 

ететіндіктен,  оны  шешендік өлеңдер деуге болатын сияқты. Ӛйткені  онда бейнелілікпен 

бірге ақылдық  таным басым  орында тұр.  Ақыл айтуы  - дидактикалық ӛлеңдерге, бейнелі 

суреткерлігі  -  лирикалық  ӛлеңге  жақын  келетін  мұндай  ӛлеңдерді  біз  кӛбінде  ескермей 

келеміз.  Бұл  текті  ӛлеңдердің  “поэтик  тіл,  ырғақ,  метр  сӛздің  әуезділігін  күшейту  үшін 

қолданылатын  дыбыс  қайталаулар  оны  ӛлеңге  жақын  туыс  етсе,  сӛйлемдердің  сезімге 

емес, келелі пікір,  түйінді ой,  терең логикаға құрылуы  оны қара  сӛзге  туыстас  етеді” [12, 

142]. Сол себепті осындай шешендік құрылымдағы ӛлеңдер мен бейнелілік құрылымдағы 

ӛлеңдерді  бір-бірімен  үнемі  шатастырып  алмыз  да,  “билер  сӛзіне  бейнелілік,  анықтық, 

тазалық,  ұғынықтылық  тән”  [13,  148]  деген  қағиданы  елеп-ескермейміз.  Сондықтан  да 

қазіргі  қазақ  ӛлең  ӛнерінде  әлдеқашан  қалыптасып  үлгерген  шешендік  құрылымдағы 

ӛлеңдер де бар деп айтуға болады.    

Бейнелілiк  құрылымдағы  ӛлеңдер  қазіргі  қазақ  ӛлең  ӛнерінде  басқа  құрылымдық 

жүйедегі  ӛлеңдерге  қарағанда  онша  кӛп  емес  екендігі  белгілі.  Ӛйткенi  мұндай  ӛлеңдер 

Мағжан жасампаздығының ықпалымен қайта түлеп, Бернияз Күлеев ӛлеңдерімен толықты 

деуге болады.  Ал оның бүгiнгi типтiк  ӛкiлi Олжас Сүлейменов болғандықтан, қазақ  ӛлең 

ӛнері  ӛрiсiндегi  бейнелілік  құрылымда  ӛлең  жазатын  ақындарды  Олжас  мектебiнiң 

оқушысы  деуге  тура  келеді.  Болашақта  бұл  салада  жасампаздық  iзденiс  жасау,  бiздiң  

қазақ  ӛлеңiнiң  әлемдiк  деңгейге  кӛтерiлуiнiң  кӛп  түрлі  жолының  біреуі  болуы  мүмкін. 

Ӛйткенi қазiр жер бетiндегi ӛзiндiк ықпалы бар ӛлең ағымдарының ішінде осы бейнелілiк 

құрылымдағы  ӛлеңдердің  ықпалы  күшті  болып  отырғандығы  белгілі.  Сондықтан  бұл 

салада  іргелі  ізденістер  жасау  алдағы  күндердің  еншісінде  екендігін  ерекше  атап  ӛтуге 

борыштармыз.  Алайда  қазіргі  қазақ  ӛлеңінде  бейнелілік  құрылымдағы  ӛлең  үлгісі 

әлдеқашан қалыптасып үлгергендігін мойындауымыз керек. 

 

 



 

Әдебиеттер тізімі 

 

1. Сүлейменов О. Әр күн арайлы таң. –А.: Жазушы, 1986. - 477 б. 

2. Тұтқабекұлы Ж. Ӛлеңдер жинағы. -Үрімжі: Халық баспасы. 

3. Мырза Әли Қ. Таңдамалы шығармалары. – А.: Жазушы, 2005. - 424 б. 

4. Жұртбай Т. Сүре сӛз. – А.: Экономика, 2005. - 400 б. 

5. Жиенбаев С. Бақ құсы. –А.: Раритет, 2002. - 232 б. 

6. Аманжолов Қ. Дауыл. – А.: Жазушы, 2001. - 128 б. 

7. Жұмабаев М. Батыр Баян. – Аст.: Елорда, 1998. - 331 б. 

8. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Аст.: Күлтегін, 2002. - 528 б.  

9.Бес ғасыр жырлайды. Бірінші том. – А.: Жазушы, 1989. - 384 б. 

10. Аймауытов Ж. Бесарыс. – А.: Жалын, 1992. - 554 б. 

11. Шешендік шиырлар. Авторлар ұжымы.. – А.: Қайнар, 1993. - 240 б. 

12. Жұмалиев Қ. Қазақ әбебиеті тарихының мәселелері және Абай. 


13. Негимов С. Шешендiк ӛнер. –А.: Ана тiлi, 1997. - 208 б. 

 

 






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал