25.Әңгіме және оның құрылымын ашыңыз. Химияны оқытуда әңгіме құрылымының әр түрлі әдістемелік жақтарын сипаттаңыз.
Әңгіме әдісі – оқытудың диалогтық,ауызша баяндау әдісі.Әңгімелесу әдісінде мұғалім оқушыларға өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендігін тексеруге және жаңа сабақты түсінуіне жағдай жасалған, алдын-ала мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін қояды.Әңгімелесу әдісі оқушылардың мұғалім қойған сұрақтарына өз бетінше ізденіп, жауап беріп, жаңа білімді жинақтауына көмектеседі. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
әңгіменің әсерлілігі;
тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Әңгімелесу әдісі оқушылардың шығармашылық, танымдық деңгейіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Олар: жаңа сабақты ұйымдастыру,жаңа білімді қалыптастыру,жинақтау,жүйелеу және бекітуші әңгіме.Әңгіме әдісінің артықшылықарына тоқталсақ:ой мен тілді дамытуға; ойлау мен танымдық қызыметінің белсенділігін арттыруға;оқушылырдың білім деңгейін анықтауға;оқушылардың қабілеттеріне диагностика жасауға әсерін тигізеді.Бұл әдістің артықшылығымен қатар кемшіліктері де бар:көп уақытты талап етеді;қауіптілігі оқушы қойыл,ан сұраққа қате жауап беруі мүмкін,ал басқа оқушылардың есінде қате жауап еріксіз қалып қоюы мүмкін.
26.Мектепте химиядан лекция оқуға қойылатын талаптарды сипаттаңыз. Лекция кезінде оқу материалын қорыту және жүйелеуге тоқталыңыз. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қол жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелігі, түсініктілігі, саналығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқат бұрмалай жеткізуі тиіс
Жүйелігі. Оқу материалы ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырылады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады.
Түсініктілігі.Бұл ғылыми негізге кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми деңгеиіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді.
Саналық және белсенділік –оқушылардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру.
Көрнекілік- oқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Осының оқушыларнәтижесінде жан жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтежелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйрену керек.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы.Бұл – оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасап,әр көрнекіліктен барынша мол ақпарат алып,бақылау нәтижелерін қорытындылап түсіндіре білу керек.