30. Металл еместерді оқыту әдістемесін сипаттап жазыңыз. Периодтық заң және электрондық теория тұрғысынан галогендерге сипаттама беріңіз. Орта мектептегі химия курсы мазмұнының маңызды бөлігін химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білім құрайды. Оқушыларды химиялық элементтер таныстырғанда оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға қарай жылжитын аса маңызды негіздерді қолданылады. Осы негіздерге сәйкес элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену бірнеше кезеңде жүзеге асады: 1) жеке элемент және оның қосылыстарымен таныстыру; 2) элементтердің табиғи текстері жөнінде ұғым қалыптастыру; 3) периодтық заң және периодтық жүйені оқыту; 4) периодтық заңдылықтың негізінде элементтерді топ және топшалары бойынша қарастыру; 5) химиялық элементтер туралы білімді жинақтап қорыту.
Галогендер топшасын оқып үйренудің екі ерекшелігі бар. Біріншіден галогендердің табиғи тобы периодтық заң және периодтық жүйені өтер алдында қарастырылып, физикалық және химиялық қасиеттеріндегі , маңызды қосылыстарының құрамы мен қасиеттеріндегі ұқсастықтары және айырмашылықтары анықталған болатын. Хлорсутек, тұз қышқылының қасиеттері және тұздары оқушыларға белгілі.
Екінші ерекшелігі - бұл периодтық заңдылық пен заттың құрылысы теорияларының негізінде оқылатын химиялық элементтердің алғашқы топшасы. Сондықтан периодтық заң мен атом құрылысының заңдылықтары оқушылардың таным әрекетін жандандыру үшін барынша толық пайдаланылады, оқушылардың өздігінен істейтін тәжірибелік жұмыстарына жол ашылады.
31. Оттек топшасын оқытудың жалпы жоспарын құрастырыңыз, сабақ мысалдарын келтіріңіз Оттегі топшасы жаңа бағдарлама бойынша электролиттік диссоциациялану тақырыбынан кейін өтіледі. Оқу- тәрбиелік мақсаттары:
Периодтық заң және периодтық жүйе, химиялық байланыс, заттың құрылысы және иондық теория жөніндегі теориялық білімді баянды ету және қолдана білуге үйрету;
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру, оттегі және күкірт қосылыстарының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызын көрсету;
Галогендер топшасының элементтерімен салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын табу;
Химиялық қосылыстардың және құбылыстардың мәнін, себеп- салдарын байланыстырып, ішкі қайшылықтарын түсіндіру, ғылыми көзқарас қалыптастыру.