Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР- ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ДЫҢ БІР ҚҰРАЛЫ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕҢІЗ Химиялық есептер түрлерін сипаттап жазыңыз



бет37/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
44. ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР- ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ДЫҢ БІР ҚҰРАЛЫ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕҢІЗ Химиялық есептер түрлерін сипаттап жазыңыз.
Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептері яғни эксперимент есептері, оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. білім мен білік қалыптастыруда химияда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы зор болып табылады , Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін дамытады, іс жүзінде қолдана алады Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі.

Эксперимент есептері оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлуге болады. мектепте іс-жүзінде жиі қолданылатындары: химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру; заттың сапалық құрамын анықтау; затты тани білу, заттарды алу; заттың жіктелу белгілерін табу; қоспаның құрамын анықтау және бөлу; Эксперимент есептерін шығарудың ең тиімді тәсілі-анализ және синтез


Сандық мәліметтер заттар мен құбылыстарды сан жағынан сипаттай отырып, химияны оқытудың білім мен тәрбие беру және оқушыларды дамыту міндеттерін нәтижелі жүзеге асыруға көмектеседі.
Сан есептері арқылы жаңа білім беріледі, алынған білім нығайтылады, жетілдіріледі және қолданылады. Есептеулер жасау арқылы химиялық теориялардың, заңдардың және ұғымдардың мәні ашылады, деректі материалдардың түсініктілігі артады, политехникалық білім беріледі, химиялық тілдің мағынасы нақтыланады.
Шаповаленко оқу материалының сипаты, түрі және символикасы бойынша сан есептерін жеті типке бөледі. 1 тип. Тәжірибе мәліметтері, масса сақталу заңы және құрам тұрақтылық заңы бойынша есептеулер
2 тип. Заттың қарапайым және нағыз формуласын табу.

  1. тип. Химиялық формулалар бойынша есептеулер

4тип. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.
5тип. Ерітінділер дайындау және олардың қанықпасын анықтауға байланысты есептеулер.
6тип. Газдың тығыздығы бойынша молекулалық массасын, молекулалық массасы бойынша тығыздығын және қалыпты жағдайда газдардың көлемін есептеу.
7тип. Аралас есептер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет