Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Мектеп химия кабинетінің жабдықтары. Сақтық шаралары туралы жазыңыз



бет38/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
45.Мектеп химия кабинетінің жабдықтары. Сақтық шаралары туралы жазыңыз..
Оқу бөлмесі демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал – жабдықтарымен, жиһазбен, техникалық құралдармен, көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.
Оқу бөлмесі жабдықталуы оқушыларға рухани – танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар химия кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай болуы керек.
Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекуланың құрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйрету керек.Химиялык лаборатория — қауіптілігі жоғары орын. Химиялық эксперименттерді жасаған кезде, жараланбас үшін бұрыннан келе жатқан кауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.Оқу бөлмесінде техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы, оқушылардың техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша нұсқаулық журналының болуы қажеь.
Дәрі сауыты, өртке қарсы құралдарының болуы.
Оқу бөлмесі жарығының деңгейі (шамдар, жабық плафондар, тақта үстіндегі қосымша жарық).
Кабинеттері тазалығы, жиһаздары, қосымша бөлме.
Бөлменің, перденің болуы және дұрыс орналасуы ойластыру керек.Оқушылардың кабинетке сыйымдылығын санитарлы-гигиеналық нормаға сәйкес Лабораториялық жұмысты бастауалдындағы қауіпсіздік талаптары:
1.Тартпа шкафтың желдеткішінің жұмысын тексеру керек.
2.Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтерді дайындау керек.
3.Қышқылдармен газдармен жұмыс істегенде сақ болу керек.
4.Ақ халатты киіп жүру қажет.
5.Қатты сілтілер мен қышқылыдардың ерітінділерін тек мұғалім дайындау керек.
6.Сұйықтарды қалың қабырғалы ыдыстарда қыздыру керек.
7. Реактивтерді құйған кезде ыдыска еңкеюге болмайды, себебі тамшылар немесе бөлшектер бетке немесе киімге шашырауы мүмкін.
8. Қыздырылып жаткан сұйықтығы бар ыдыска карай енкеймеу керек, өйткені ол ыдыстан шашырауы мүмкін.
9. Сынауықты кыздырғанда аузын өзіңе немесе басқа адамдарға қаратуға болмайды.
10. Ыстық сұйықтығы бар химиялык стақанды тасымалдағанда түбіне орамал салып, екі қолмен ұстау керек
Оқу бөлмесінде апат шыққан жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1.Қышқылы немесе сулы ерітіндісі төгілген жағдайда құрғақ құм сеуіп, барлық сұйықтықты жұтып алғанға дейін араластырып, полиэтиленді қапқа салып, ауызын дұрыстап байлау керек. Төгілген жерді бейтараптаушы ерітіндімен тазалап, сосын сумен жуу керек.
2.Зертханалық ыдыс сынған жағдайда қолмен жинамай, щеткамен жинау керек.
3.Жарақат алған жағдайда алғашқы медециналық көмек көрсетіліп, мектеп әкімшілігіне хабарлап, керек болған жағдайда жақын жердегі емханаға жіберу керек.
4.Тез жанған сұйықтықтар төгілгенде немесе жанғанда тез арада жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне хабарлап, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіре бастау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет