4. Негіздердің қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы
Негіздер дегеніміз металл катионымен бір немесе бірнеше гидроксид
аниондарынан тұратын күрделі заттар.
Негіздер– ерітінділерінде бір немесе бірнеше гидроксид иондарын түзіп, диссоциацияланатын күрделі заттар. Егер элемент бірнеше гидроксид түзетін болса, оның тотығу дәрежесі рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Cu(OH)2 – мыс (ІІ) гидроксиді, CuOH – мыс (І) гидроксиді. Негіздердің көпшілігі суда ерімейді немесе аз ериді. Суда жақсы еритін негіздерді сілтілер деп атайды. Оларға LіOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH, Sr(OH)2, Ca(OH)2, Ba(OH)2, NH4OH (NH3*H2O аммиак суы) жатады. Сілтілердің судағы ерітінділері теріні, матаны, т.б. күйдіреді. Осыған байланысты кейде оларды күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, т.б. деп те атайды. Құрамында екі не үш гидроксид тобы бар негіздер ерітіндіде сатыланып диссоциацияланады. Мысалы,
Ca(OH)2 → Ca(OH)+ + OH- (бірінші саты),
Ca(OH)+→ Ca2+ + OH– (екінші саты).
Сонымен қатар бір мезгілде қышқылдық және негіздік типпен диссоциациялана алатын негіздер (гидроксидтер) де болады. Оларға екідайлы гидроксидтер жатады.
Негіздердің алынуы. 1. Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі нәтижесінде алынады:
2Li +2HOH =2LiOH + H2↑
Sr +2HOH = Sr(OH)2 + H2↑
2.Белсенді металдардың оксидтерінің сумен әрекеттесуі нәтижесінде алынады:
К2O + Н2O =2КOН
3.Ерімейтін және екідайлы негіздерді олардың ерімтал тұздарына сілті
ерітіндісімен әсер ету арқылы алуға болады:
ZnSO4 +2NaOH = Zn(OH)2↓+ Na2SO4
Pb(NO3)2 +2KOH = Pb(OH)2↓+2KNO3
4. Өндірісте ерімтал негіздерді олардың тұздарының ерітінділерін электролиздеу арқылы алады.
NaСІ + Н2O эл-из→ NaOH + СІ2 + Н2
Олай болса, негіздерге мынадай анықтама беруге болады:
Негіздер дегеніміз молекула құрамында металл атомдарымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксотоп (ОН) бар күрделі қосылыстар.
Гидроксотоп бір валентті болғандықтан негіз құрамындағы металдың валенттілігі қанша болса гидроксотоптың саны да сонша болады.
Негіздердің аталуы. Металл аталып оның валенттілігі жақша ішінде көрсетіліп гидроксиді деген сөз косылады:
NaOH—натрий (І) гидроксиді, Са(ОН)2—кальций (ІІ) гидроксиді, халықаралық номенклатура бойынша гидроксотоптардың сандары аталып айтылады. Аl(ОН)3 —алюминий (ІІІ) үшгидроксиді Ғе(ОН)2—темірдің (ІІ) дигидроксиді, Ғе(ОН)3—темірдің (ІІІ) үшгидроксиді
Кейбір негіздер үшін бұрыннан пайдаланып келген атаулары да бар, олар ерекше қасиеттеріне, белгілеріне қарай қойылған.
NaOH—күйдіргіш натр; Са(ОН)2—сөндірілген әк.
Негіздердің жіктелуі. Қышқылдардың негізділігі түсінігіне негіздердің қышқылдылығы сәйкес келеді, ол гидроксотоптардың санымен анықталады, химиялық реакцияларда олар қышқыл қалдығына алмасады. Негіздердің калдықтарының валенттіліктері қышқыл қалдықтарына алмасқан гидроксил топтарының санымен анықталады.
Химиялық формулалардың молекуладағы атомдардың байланысу реті мен элементтердің валенттіліктерін көрсететін түрі — құрылымдық формула деп аталады. Мұндай формулалардағы әрбір сызықша бір валенттілікке сәйкес келеді.
Мысалы: К-О-Н , Н- О – Са – О - Н
Физикалық қасиеттері. Негіздердің судағы ерітінділері қолға сабындалып тұрады; матаны, теріні, қағазды күйдіреді, сондықтан куйдіргіш сілтілер (КОН,NaOH) деп аталады. Олармен жұмыс істегенде аса абай болу керек. Негіздерді еріткенде әдетте кәрлен ыдыстар колданылады, онын, себебі шыны ыдыстар сілтілермен әрекеттескенде тез бүлінеді.
Қышқылдар сияқты барлығына ортақ анықтағыштары (индикатор) бар, себебі олардың барлығына ортақ гидроксотоптары бар. Негіздерді анықтауға фенолфталеин деп аталатын анықтауыш қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |