БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ
Дәрістің жоспары:
1.Тұздардың қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы
2. Қышқылдардың қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы
3.Оксидтердің қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы
4. Негіздердің қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы
1.Тұздардың қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы
Тұздар дегеніміз- құрамы металл катиондарынан және қышқыл қалдықтарының аниондарынын тұратын күрделі заттар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.
Тұздар- қатты кристал заттар, біразы суда жақсы еріп, мөлдір ерітінді түзеді. Суда ерімейтін тұздарға BaCO3,BaSO4,AgCl, және тағы басқа лары жатады. Азот қышқылының тұздары түгелдей суда ерімтал.
Натрий мен калий тұздарының барлығы дерлік суда жақсы ериді.
Тұздар ерте заманнан белгілі. 1812 жылы Я.Берцелиус тұздардың электрхимиялық теориясын құрды. Электролиттік диссоциациялану теориясы шыққаннан кейін, тұздардың суда ерігенде металл атомдары катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталды. Мысалы:
NaNO3 Na+1 + NO31.
Тұздардың формулаларын құру.Тұздарды бинарлы косылыстарға балап, металл мен қышқыл қалдықтарының валенттіліктерін олардың таңбаларының үстіне жазамыз да, валенттілік бойынша формула құру алгоритмін пайдаланамыз.
Натрий сульфатының формуласын құрумен танысайық: Na2SO4
І ІІ
1.Натрий мен сульфат анионының валенттіктерін жазамыз. Na2SO4
2.Валенттіліктерінің ең кіші ортақ еселігін табу.
3. Ортақ еселікті әр топтың валенттілігіне бөліп, индекс етіп жазу:
2:1 = 2 (Na); 2 : 2 = 1 (S04).
сонда тұздың формуласы Na2S04. Ал ,натрийдің осы қышқылмен түзген екінші тұзында NaHS04 натрий мен қышқыл калдығының валенттіліктері өзара тең болғандыктан (I), тұздың формуласы NaHS04 күйінде қалады.
Тұздардың түрлерi. Тұздар орта, қышқыл, негіздік, қос және кешенді болып бөлінеді.
1. Орта тұздар – сутек атомдары толық металмен ауысса (Na2CO3, K3PO4, MgSO4);
2. Қышқыл тұздар – сутек атомдары металл атомдарымен біртіндеп алмасса (NaHCO3, K2HPO4);
3. Негіздік тұздар – құрамына гидроксил тобы енсе (MgOHCl, A1(OH)2Cl),
4.Қос тұздар – сутектің орнын бірнеше металл катиондары басса (KAl(SO4)2, NaK2PO4);
5. Кешенді тұздар – құрамында кешенді катион [Cu(NH3)4]SO4 немесе кешенді анион K4[Fe(CN)6] болса түзіледі.
Тұздар көбіне халықаралық номенклатура бойынша аталады. Тұздар суда ерігенде иондарға ыдырап, ерітінділері электр тогын өткізеді.
Гидролиз тұрғысынан тұздар 4 топқа жіктеледі:
1. Күшті негіз бен күшті қышқылдан құралған тұздар;
2. Күшті қышқыл мен әлсіз негізден құралған тұздар;
3. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан құралған тұздар;
4. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар.
Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардан [KCl, NaCl, Ca(NO3)2] басқасы гидролизденеді. Тұздар қышқылдармен, сілтілермен және өзара ион алмасу реакцияларына түседі, металдармен әрекеттеседі. Тұздарды алудың 10-нан аса жолы бар. Тұздар табиғатта кең таралған. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады.
Тұздардың алынуы.
Zn + 2НСІ = ZnСІ2 + Н2
Fе + Си SО4 = FеSО4 + Си
КОН + НСІ = КСІ + Н2О
2КОН + SО3 = К2SО3 + Н2О
К2СО3 + СаСІ2 = СаСО3 ↓+ 2КСІ
СиSО4 + 2NаОН= Си(ОН)2↓ + Nа2S
Тұздардың химиялық қасиеттері. Тұздар негізінен катты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі және «ерігіштік кестесі» деп аталады. Онда суда еритін заттар «е», аз еритіндері -«а.е», ерімейтіндері - «ем», суда тұрақсыздары сызықшаман (-) белгіленген. Тұздардың ішінде нитраттар жақсы ериді, ал барий сульфаты, кальций карбонаты, күміс хлориді, қорғасын (II) сульфиді т. т. іс жүзінде ерімейді. Калий мен натрийдің барлық түздары суда ерімтал келеді.
1.Тұздардың металдармен әрекеттесуі. Тұздардың металдармен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басу реакциясы жүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынады. Мысалы, сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған темір шеге салсақ, оның беті біраздан кейін қызыл мыспен қапталады:
CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu
Бұл типті реакциялардың сұлбасы мынадай:
тұз + металл (белсенді) = тұз (жаңа) + металл (белсенділігі төмен)
|
Осы реакция кері бағытта жүре ме? Жоқ, жүрмейді, себебі мыс металдардың белсенділік қатарында сутектен кейін тұр. Мұндай типті реакциялар жүру үшін мына шарттар орындалуы керек.
1) Белсенділік қатарында бұрын тұрған металл өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарынан ығыстырады.
2) Реакцияға алынған және түзілген тұз ерімтал болу керек, егер түзілген тұз ерімейтін болса, тұз металл бетін қаптап қалады да, реакция жүрмейді.
2.Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі. Сынауыққа мәрмөр түйірлерін салып, үстіне тұз қышқылын құйсақ, төмендегі реакция жүреді, нәтижесінде газ бөлінеді:
СаС03 + 2НСl = СаСl2 + Н2С03
Н2С03 = Н20 + С02↑ (реакцияның жүру белгісі)
2NaCl +H2S04 = Na2S04 + 2HCl↑
Жалпы сұлбаны былай беруге болады:
тұз + қышқыл = тұз (жаңа) + қышқыл (жаңа)
|
Реакция типі - алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары:
Реакцияға қатысқан қышқыл реакция нәтижесінде түзілетін қышқылдан күшті және тұрақты болу керек.
3. Тұздардың өзара әрекеттесуі. Сынауыққа барий хлоридінің ерітіндісін құйып, оған натрий сульфатының ерітіндісін коссақ, ақ түсті тұнба пайда болады, ол мына реакцияның жүргендігінен болады:
BaCl2 + Na2S04 = BaS04↓ + 2NaCl
NaCl + AgN03 = AgCl↓ + NaN03
Реакция типі - алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары мынадай:
1.Реакцияға қатысатын тұздардың екеуі де ерімтал болуы керек.
2.Түзілген тұздардың біреуі тұнбаға түсуі керек.
Сұлбасы мынадай:
тұз + тұз = тұз (жаңа) + тұз ↓(жаңа)
|
4.Тұздардың металдармен әрекеттесуі. Тәжірибе бойынша мыс (ІІ) хлоридінің көгілдір ерітіндісіне темір шегені батырса, біраз уақыт өткенде ерітіндінің түсі жасылданып, шегенің бетіне қызғылт сары мыс қонғаны байқалады. Белсендірек темір мысты тұзынан ығыстырып шығарады:
Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu
Әрбір металдың басқа металдарды оның тұздарынан ығыстырып шығаруы, металдардың кернеу қатарына тікелей байланысты. Бұл былай өрнектеледі:
Металл + тұз = жаңа тұз + бос металл
Достарыңызбен бөлісу: |