Қайталау сұрақтары.
Газ күйі қандай параметрлермен сипатталады? Параметрлерінің біреуі (температура, қысым, көлем) тұрақты болған жағдайлардағы газ заңдарын тұжырымдаңыз. Осы заңдардың математикалық өрнектерін жазыңыз.
Барлық үш параметр де өзгерген жағдайдағы газ күйлерінің байланысын көрсететін біріккен газ теңдеуін жазыңыз.
Қандай жағдайлар газдар үшін қалыпты (қ.ж.) болып есептеледі? Газдың көлемін қалыпты жағдайға қалай келтіруге болады?
Зат мөлшері 1 мольге тең кез келген газ тәрізді зат қалыпты жағдайда қандай көлем алады? Авогадро заңын тұжырымдаңыз.
Бір газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы дегеніміз не?
Клапейрон-Менделеев теңдеуін жазыңыз. Бұл теңдеу бойынша нені есептеуге болады?
Мысал 1.
Газ тәріздес заттың 230С температура мен 103,3кПа қысымдағы көлемі 250л. Газдың а) қалыпты жағдайдағы; ә) стандартты жағдайдағы көлемін табыңыз.
Шығарылуы: Есептегі берілген параметрлер t1=230C, T1=296K, p1=103,3кПа, V1=250 л.
а) Қалыпты жағдай:
t0=00C, T0=273K, p0=101,3 кПа.
Клапейрон теңдеуі бойынша,
.
ә) Стандартты жағдай:
tст=250C, Tст=298K, pст=101,3 кПа.
.
Мысал 2.
00С температура мен 101,3 кПа қысымдағы 200 л хлордың массасы қандай?
Шығарылуы:
22,4 л хлордың массасы 71 г
200 л хлордың массасы х г
немесе ал олай болса
Мысал 3.
Газ күйіндегі белгісіз заттың 1,215 грамы 300 К температура мен 0,99·105 Па қысымда 375 мл көлем алған. Осы заттың молярлық массасын есептеңіз.
Шығарылуы: Клапейрон-Менделеев теңдеуі бойынша
олай болса
1. Көлемі 12 л болат баллонның ішіне 1·108Па қысым мен 00С температурада оттек газы толтырылған. Осы газдың көлемін қалыпты жағдайға келтіріңіз.
2. Газдың 1,28·105 Па қысым мен 150С температура жағдайындағы көлемі 0,575л тең. Осы газдың көлемін қалыпты жағдайға келтіріңіз.
3. Қалыпты жағдайдағы көлемі 22,4 л газдың стандартты жағдайдағы көлемін табыңыз.
4. Г. Стандартты жағдайдағы көлемі 24,5 л газдың қалыпты жағдайдағы көлемін табыңыз.
5. Газдың 100 кПа қысыммен 70С температура жағдайындағы көлемі 600 м3. Осы газдың – 130С температурадағы және 80 кПа қысымдағы көлемін есептеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |