Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Тұздардың химиялық қасиеттері



бет30/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   273
Тұздардың химиялық қасиеттері. Тұздар судағы ерігіштігі бойынша ерімталға, әлсіз немесе нашар еритіндерге және ерімейтіндерге бөлінеді:

1) ерімтал тұздар су ерітіндісінде иондарға диссоциацияланады: орта тұздар металл катионы мен қышқыл қалдығы анионына диссоциацияланады:

КСІ К+ + Сl-

24 2Nа+ + SО42-

қышқылдық тұздар металл катионы мен күрделі анионға диссоциацияланады:

NаНSО4 Na + + НSО4-

K2HPО4 2K+ + НPО42-

негіздік тұздар күрделі катионға және қышқыл қалдығының анионына диссоциацияланады:

Ғе(ОН)23 Ғе(ОН)2+ +NО3ˉ

СuОНСl СuОН+ + Сl-

2) тұздар металдармен (өзінен белсенділеу) әрекеттесіп, жаңа тұз және жаңа металл (өзінен белсенділігі төмендеу) түзеді:

СuSО4 + Ғе = ҒеSО4 + Сu

3) тұз ерітінділері сілтілермен әрекеттесіп, жаңа тұз және жаңа негіз түзеді. Реакция толық жүруі үшін түзілетін жаңа тұз немесе жаңа негіз тұнбаға түсуі керек:

ҒеС13 + ЗКОН = Ғе(ОН)3↓ + ЗКСl

К2СО3 + Ва(ОН)2 = ВаСО3↓ + 2КОН

4) тұздар қышқылдармен әрекеттесіп, әлсіздеу жаңа қышқыл немесе ерімейтін жаңа тұз түзеді:

ВаС12 + Н24 = ВаSО4↓ + 2НС1

Ва2+ + 2Сl- + 2Н+ + SО42- = ВаSО4↓ + 2Н+ + 2Сl-

Ва2+ + SО42- =ВаSО4

5) егер де жаңа түзілген тұздардың біреуі тұнбаға түсетін болса, онда екі тұз өзара әрекеттесіп, жаңа тұздар түзеді:

АgNО3 + КСl = АgСl↓ + КNО3

6) тұздардың басым көпшілігі қыздырғанда ыдырайды:

СаСО3 = СаО + СО2

2NаNО3 = 2NаNО2 + О2

7) негіздік тұздар қышқылмен әрекеттесіп, орта тұз бен су түзеді:

СuОНСl + НСl = СuС12 + Н2О

Ғе(ОН)23 + 2НNО3 = Ғе(NО3)3 + 2Н2О

8) қышқылдық тұздар сілтімен әрекеттесіп, орта тұз бен су түзеді:

NаНSО3 + NaОН = Nа 23 + Н2О

КН2РО4 + 2КОН = К3РО4 + 2Н2О





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет