Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыру



бет100/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыру.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастырудың 4 әдісі бар:

  1. Электрондық баланс әдісі (тотығу дәрежесінің өзгеруін есептеу әдісі);

  2. Ионды-электрондық әдіс (жарты реакция әдісі);

  3. Эквиваленттік әдіс;

  4. Алгебралық әдіс.

Электрондық баланс әдісі әмбебапты болып келеді, сондықтан да оны ерітіндіде де, балқымада да, қатты және газды күйде де жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыру үшін қолдануға болады. Ол реакцияға түсетін, яғни әуелгі және реакциядан кейінгі заттың, яғни өнімнің тотығу дәрежелерін салыстыруға және соңындағы электрондық теңгерім сұлбасын құрастыруға негізделген. Бұл әдісті қарастырудың басты кезеңдері:

1. Оған қатысатын барлық заттардың коэффициентсіз реакция теңдеуін жазады.

2. Реакция нәтижесінде өзінің тотығу дәрежесін өзгертетін элементті бөледі де тотықтырғыш қабылдаған және тотықсыздандырғыш берген электрондар санын анықтайды.

3. Элементтердің берген және қосып алған электрондарының санын теңдестіреді де осы арқылы реакцияға қатысушы қосылыстардағы өзінің тотығу дәрежесін өзгерткен элементтер үшін коэффициенттерін айқындайды.

4. Реакцияға қатысушы басқа да барлық қосылыстар үшін коэффициенттерді теңдестіре отырып, таңдап алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет