Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Ионды-электрондық әдіс (жарты реакция әдісі)



бет101/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Ионды-электрондық әдіс (жарты реакция әдісі) ерітінділерде жүріп өтетін тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеуін құрастыру үшін қолданылады. Бұл әдіс ерітіндіде нақтылы бар молекулалар мен иондардың зарядтарын және құрам өзгерген кездегі нақтылы жүретін процестерді қарастырады.

Онда иондардың зарядын араб цифрымен белгілеп, оны ион таңбасының жоғары оң жақтағы шекесіне қойып, сол цифрдан кейін заряд белгісін (оң немесе теріс) қояды

(А13 +; Сl; Аg+; РО43–). Нашар еритін не ерімейтін, әлсіз диссоциацияланатын және ұшатын қосылыстарды молекула түрінде жазады.



Тотығу-тотықсыздану реакцияларының барысында иондар зарядының өзгеруімен қатар, олардың құрамы да жиі өзгереді. Мысалы, МnО4Мn2+; СrО42–Сr3+; NО23

Мұндай өзара ауысуда су молекулалары немесе ерітіндіде бар болатын сутек (Н+) және гидроксилы (ОН ) иондар қатысады:

1) бейтарап ортада – Н+ иондары, ОН иондары және су молекулалары;

2) сілтілі ортада – ОН иондары мен су молекулалары;

3) қышқылды ортада – Н+ иондары мен су молекулалары.

Ионды-электрондық әдіс көмегімен тотығу-тотықсыздану реакциясының жалпы ионды-молекулалық сұлбасын құрастырғанда ескерілуі керек жайлар:



- күшті электролиттерді иондар түрінде жазады;

- әлсіз электролиттерді, ерімейтін затты және газды молекулалық түрде жазады.



Осы тұста ортаны сипаттайтын бөлшекті көрсетеді (Н+ иондарын, ОН иондарын және су молекуласын);

- сұлбада өзінің тотығу дәрежесін өзгертпейтін иондарды, атомдарды жазбайды;

- теңдеулерді құрастырғанда массаның сақталу және энергияның сақталу заңдары негізінде зат пен зарядтың теңдестігін сақтау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет