2. Аса қанық ерітінді әзірлеу
а) Құрғақ пробиркаға 5–6 г шамасында натрий тиосульфатының ұнтағын салып, оның үстіне 1 мл су құйыңыз да, пробирканы стақандағы ыстық суға салып, ішіндегі тұзды әбден ерітіңіз. Пробирка қабырғасында ерімей қалған тұз кристалдары болмасын. Пробирканың аузын мақтамен жауып, оны үй температурасына дейін салқындатыңыз. Пробирканы ашып, оған осы тұздың бірнеше кристалдарын салыңыз. Аса қанық ерітіндідегі тұз кристалдана бастайды. Кристалдану барысында ерітіндінің температурасы көтеріледі (қолмен байқауға болады).
Аса қанық ерітінді кристалданғанда жылу бөлінетіндігі неліктен? Ерітіндіні арнаулы ыдысқа құйыңыз.
ә) Осындай тәжірибені натрий ацетаты, тотияйын, калий бихроматы тұздарымен де жасап, байқалған құбылыстарды жазып алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |