Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Ерітінділердің химиялық активтілігін салыстыру



бет129/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Ерітінділердің химиялық активтілігін салыстыру

а) Бір пробиркаға 3 мл 0,1 Н. тұз қышқылы, екіншісіне 3 мл 0,1 Н. сірке қышқылы ерітіндісін құйып, олардың үстіне үлкендігі бірдей мырыш түйірін салыңыз. Екі пробиркадағы сутектің бөлінуі бірдей жылдамдықта бола ма? Қайсы ерітіндіде реакция жылдам жүреді? Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.

ә) Бір пробиркаға 2–3 мл 50%-дық және екінші пробиркаға 2 Н. күкірт қышқылы ерітіндісін құйып, пробирканың әрқайсына үлкендігі бірдей тазартылған темір шеге салыңыз. Қай пробиркада реакция жылдам жүреді? Неліктен?

б) 2 пробирканың біреуіне 1–2 мл концентрлі (тығыздығы 1,84г/мл) және екіншісіне сұйытылған (2 Н.) күкірт қышқылын құйып, оның үстіне абайлап, пробирканың қабырғасы арқылы мырыш түйірін салыңыз. Сутектің бөлінуін бақылап, байқалған құбылысты түсіндіріңіз.

в) Екі пробиркаға кальций түйіршіктерін салып, оның біреуіне тұз қышқылын, екіншісіне сондай концентрациялы сірке қышқылын құйыңдар. Қай пробиркада реакция жылдамырақ жүреді? Неліктен? Реакция теңдеулерін жазып, болған құбылысты түсіндіріңіз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет