тигізетін әсері 1–2 мл хлорлы сурьма ерітіндісіне тамшылатып су құйыңыз. Негіздік тұз тұнбасының түзілуіне назар аударыңыз. Алғаш негіздік тұз Sb(OH)2Cl, кейін ол су молекуласын бөліп оксохлорид SbOCl түзілетіндігін еске алып, реакция теңдеулерін жазыңыз. Тұнбасы бар бұл сұйықтықты келесі тәжірибеге сақтап қойыңыз.
4. Гидролиздену дәрежесіне реакция ортасының
тигізетін әсері (қайтымды гидролиз) 3-тәжірибеде алынған хлорлы сурьманың негіздік тұзы бар тұнбасына ол ерігенше тұз қышқылын тамшылатып құйыңыз. Сонан соң оған таза су қосыңыз. Осыдан бақылаған құбылысты түсіндіріп, гидролиздің реакция теңдеуін жазыңыз.