2. Күкіртсутек суының йодпен тотығуы.
8-10 тамшы қаныққан күкіртсутек суына йодтың түсі өзгергенше тамшылатып йод суын (калий йодидіндегі йод ерітіндісін) қосыңыз. Ептеп ерітіндіні тұнбадан бөліп басқа пробиркаға құйып алыңыз да, оған 1-2 тамшы тұз қышқылы және 3-4 тамшы барий хлориді ерітінділерін тамызыңыз. Ерітіндіде қандай өзгеріс байқалады?
3. Металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері
3 пробирканың біреуіне мырыш, екіншісіне- темір, үшіншісіне- мыс түйірлерін салып, оларға 5-6 тамшы қорғасын нитраты ерітіндісін қосыңыз. Бірер минуттан кейін металл түйірлерінің сыртында қорғасынның жылтыр кристалдарының түзілгенін байқауға болады. Қай жағдайда және неліктен металдар мен қорғасын-иондарының арасында электрондар алмасуы байқалмайды? Тура сол мөлшерде жоғарыдағы металдарды тағы 3 пробиркаға салып, әрқайсысына 6-7 тамшы сынап (I) нитратын қосып, тәжірибені қайталаңыз. Барлық 3 пробиркада сынап бөлінгені байқалады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |