№11 ОБӨЖ сабағына арналған таратпа материал Тақырыбы: АІЖ зерттеу әдістері. Ауызша сұрау: 1. Асқорыту бездерінің қызметін зерттеу әдістері.
2. И.П.Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артықшылықтары.
3. Шартсыз сілекейлі рефлекстің рефлекторлық доғасының схемалары
4. Өт түзілуін күшейтетін негізгі тағамдар
Ситуациялық есептерді шешу: Аш ішекте ас қорытуды зерттеу үшін эксперимент жүргізілді: екі пробиркаға бірдей мөлшерде ішек шырыны құйылды және 10 тамшы крахмал ерітіндісі қосылды. Екінші пробиркаға тірі егеуқұйрықтың аш ішегінің жолағы қосымша түсірілді. Екінші пробиркада крахмал гидролизі жылдам жүрді. Неліктен түсіндіріңіз?
Асқазан сөлінің сынамасын алу үшін науқас асқазанды зерттейді. Алайда, науқаста пайда болатын құсу рефлексі зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермейді. Рефлексті қалай жоюға және қажетті процедураны жүргізуге болады?
Тест 1. Сілекейдің негізгі ферменттері: A) мальтазa и энтерокиназа;
B) амилаза и мальтаза;
C) амилаза и липаза;
D) мальтаза и липаза;
E) пепсин и гастриксин.
2. HCl түзетін асқазан бездері: A) шырышты;
B) париетальды;
C) негізгі;
D) эндокринді;
E) қосымша.
3. Қалыпты жағдайда тәулігіне түзілетін сілекейдің көлемі : A) 1-1.5 л;
B) 0.5-1 л;
C) 15-16 л;
D) 1.5-3 л;
E) 2-2.5 л.
4. Майларды ыдырататын, ұйқы безінің сөлінің құрамына кіретін фермент: А) липаза;
В) амилаза;
С) пептидаза;
Д) трипсин;
Е) химотрипсин.
5. Гликоген мен крахмалды олиго және дисахаридтерге дейін ыдырататын, ұйқы безі сөлінің құрамына кіретін фермент: А) липаза;
В) амилаза;
С) пептидаза;
Д) трипсин;
Е) химотрипсин.
6. Соматостатин түзетін асқазан бездері: A)шырышты;
B) париетальды;
C) негізгі;
D) эндокринді;
E) қосымша.
7. Асқорыту жүйесінеде қай функция жоқ? А) гемопоэтикалық;
В) сіңіру;
С) моторлы;
Д) экскреторлы;
Е) дұрыс жауап жоқ.
8. Қалыпты жағдайда тәулігіне бөлінетін ұйқы безі сөлінің мөлшері: А) 5 л;
В) 8 л;
С) 0,5 л;
Д) 5,5 л;
Е) 1,5 л.
9. Асқазан-ішек жолдарының функциясына байланысты жіктелуі: A) моторлы, секреторлы, экскреторлы, сіңіру;
B) моторлы, секреторлы, сіңіру, экскреторлы, инкреторлы;
C) моторлы, секреторлы, сіңіру, инкреторлы;
Д) моторлы, секреторлы, сіңіру, экскреторлы, инкреторлы, тыныс алу;
Е) моторлы, секреторлы, экскреторлы, тыныс алу.
10. Ұйқы безінің өткізу жолдары қайда ашылады: А) он екі елі ішекке;
В) асқазанға;
С) аш ішекке;
Д) тоқ ішекке;
Е) өт қабына.