6. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Химиялық
тепе-теңдік
Бақылау сұрақтары мен есептер
1. Реакцияның жылдамдығы деген не? Химиялық реакцияның жылдамдығы қандай өлшем бірліктерімен өлшенеді? Химиялық реакциялардың жылдамдығы қандай факторларға тәуелді болады?
2. Әрекеттесуші массалар заңы қалай айтылады?
3. Ауамен салыстырғанда таза оттекте реакция жылдамдығының арту себебін түсіндіріңіз.
4. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігінің математикалық теңдеуін жазып түсіндіріңіз.
5. Егер реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 1,5-ке тең болса, температураны 30 градусқа көтергенде, реакция жылдамдығы неше есеге артады?
6. Температурасын 10 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы 2 есе артады. Температурасын 500С және 100 градусқа арттырғанда, реакция жылдамдықтары неше еседен артады?
7. 200С-ге қыздырғанда реакция жылдамдығы 8 есе артқан болса, температуралық коэффициент неге тең?
8. Мына реакцияда 2NO + О2 2NO2:
а) NO концентрациясын 2 есе арттырғанда;
ә) NO және О2 концентрацияларын 3 есе арттырғанда реакция жылдамдықтары қалай өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |