Дисперсті жүйе туралы түсінік
Ағылшын химигі Томас Грэм (1860 ж) желім, желатин, альбумин және крахмал сияқты заттар, кәдімгі ерітінділерден пергамент немесе коллодийден дайындалған жарғақтан өту қабілеті бойынша өзгеше болатындығын табады. Егер коллодийден жасалған шағын дорба ішіне қант пен желім ерітіндісін салып, осы дорбашаны ағынды суға салса, дорбаша қабырғасынан қант ерітіндісі жеңіл өтеді де желім дорбашада қалып қояды. Мұндай әдісті диализ (сүзу) дейді. Өтпей қалатын заттарды гректің «kоlla» - «желім» деген сөзіне баламалап коллоидтар деп атайды. Томас Грэм дисперстік жүйенің қасиетін зерттейтін коллоидты химияның негізін қалаушы.
Шын ерітінділер – гомогенді жүйелер, ондағы бөлшектер ион, атом және молекула өлшемдері 5 нм жоғары емес. Жүйедегі бөлшек өлшемдерін бірнеше ондаған есе үлкейткенде гетерогенді жүйеге айналады. Мұндай жүйелерді дисперстік (ұсақ, майдалық) жүйелер дейді, ол екі фазадан тұрады: дисперсті орта және дисперсті фаза – дисперсті ортада аса ұнтақталған бөлшектер.
Дисперстік жүйенің маңызды сипаттамасы дисперстік дәрежесі, яғни дисперстік фаза бөлшектерінің орташа өлшемі. Барлық жүйелер дисперстік дәрежесі бойынша бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |