Екінші сатыда аэробты микроорганизмдердің қатысуымен (белсенділай) аэротенкте еріген органикалық заттардың ыдырауы.
Үшінші сатыда белсенді лайды екіншілік тұндырғыштарда тұндыру.
Қосымшасатысы (міндетті емес) - 2–ші және 3–ші сатыларда түзілетін артық белсенді лайді анаэробты ыдырату (метантенкте). Нәтижесінде тұнба көлемі азаяды, иісі жойылады және бағалы органикалық тыңайтқыштар мен биогаз - метан түзіледі.
Төртінші сатыда қалдық азот және фосфордан толықтазарту
өсімдіктер, микробалдырлар және микробтар арқылы жүзеге асады.
Мақсаты–ағын судан фильтрация, еріту, сору, сорғыту және басқа да процестер арқылы ірі және ұсақ механикалықбөлшектердібөлу.
Механикалық тазалау – түрлі темір торлардан өткізуден, құм аулаудан және сүзгілеуден тұрады. Бұл қондырғылардың түрлері және өлшемдері ластанған ағынды сулардын түрлеріне (тұрмыстық/өндірістік ағын сулардын құрамына) байланысты.
Механикалық тазалау алдын ала ластанған ағын суларды тазалаудың бірінші сатысы болып табылады.
Әдіс ұсақ бөлшектерді және коллоидті заттарды өндірістікластанғанағындысуларда, сонымен қатар, иондардан, қышқылдардан және сілтілерден жою үшін қолданылады.
Физико-химиялық әдістің ішіне: электролиз, сорбция, экстракция, нейтрализация (әк, аммиак), коагуляция (минералды қосылыстардан тазарту – алюминий, темір тұздары) және флокуляция (органикалық қосылыстардан тазарту – белсендірілген кремний қышқылы) процестер кіреді.
Биологиялық тазарту
Ағынды суларды тазартуда маңызды сатысы - биотазалау.
Біріншілік биологиялық тазалау (аэротенк/окситенк) микроорганизмдеркөмегімен ағын сулардың құрамындағы ластағыштарды жоюға негізделген.
Окситенктер
Оттекпен (техникалық) интенсивті аэрацияланатын жабық
темірбетонды құрылғы, тұндырғышпен байланысқан. Ластанған ағын суды «белсенді лай» (БЛ) арқылы органикалық қоспаларды тазартады, 5-10 есе тез ыдырайды.
Аэротенктер
Ағынды сулардың биологиялық тазарту процесін жеделдету үшін - “белсенді лай” - микробтар жиынтығы негізіндегі құрылымдар пайдаланады.
Ластанған ағынды суларды аэротенкте мәжбұрлі жолмен аэрациялау кезінде “белсенді лай” арқылы түрлі ластаушылардың ыдырауы жүзеге асырылады.