Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет105/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Есептер мен жаттығулар

1. Мырыш оксиді келесі заттардың қайсысымен әрекеттеседі: SО3, P2О5, CaО, Ba(ОH)2, CaCО3, BaSО4.



  1. Суда массасы 12,4г натрий оксиді ерітілді. Бұл ерітінді натрий гидроксидіне айналады. Осы натрий гидроксидін қышқылдық тұзға дейін бейтараптау үшін (қ.ж.), қандай көлемдегі көміртек (IV)оксиді керек?

  2. Хром (ІІІ) гидроксидінің H24 және NaОH ерітінділеріндегі еру реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құраңдар.Егер реакцияға 32г натрий гидроксиді түскен болса, қанша грамм Na[Cr(ОH)4] түзіледі?

  3. Берілген түрлендірулер жүрген кездегі реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін құраңдар:

Р→P2О5→H34→NaH24→Na2HPО4→Na34

  1. Массасы 42,6 г алюминий нитраты бар ерітіндіге 37,2г натрий карбонаты ерітіндісін қосты. Пайда болған тұнбаны бөліп, кептіре қақтады. Тұнбаның соңғы массасын анықтаңдар.

  2. Молярлық массасы 123г/моль заттың формуласын шығарыңдар, егер оның массалық үлестегі құрамы келесідей болса; көміртек 58,5%,сутек 41,1%, азот 11,4%, оттек 26,0%.

  3. 4,9 г тұз ыдырағанда көлемі 1,344л болатын оттек бөлінді (қ.ж.). Әуелгі заттың қарапайым формуласын анықтандар.

  4. Құрамындағы күкірт қышқылының массалық үлесі 8% болатын 200 г ерітіндіге массалық үлесі 12% болатын 50 г натрий гидроксидінің ерітіндісін қосты. Алынған ерітіндіден бөлінген натрий гидросульфатының массасы қандай?

  5. Никель (II) сульфаты кристаллогидратындағы судың массалық үлесі 44,8%тең. 1 моль кристаллогидраттағы су молекуласының саны қанша?



3. Атом құрылысы және периодтық заң


Қайталау сұрақтары

1. Э.Резерфорд қандай тәжірибе жасады және атом құрылысының қандай теориясын ұсынды?


2. Э.Резерфорд теориясының қандай кемшіліктері болды?
3. Элементтің реттік нөмірі нені көрсетеді және оның физикалық мәні қандай?
4. Атом құрылысы туралы Н.Бор теориясының негізгі қағидалары қандай? Бор теориясы бойынша тұрақты орбиталдардың радиусы және сол орбиталдарды айналып жүрген электрондардың жылдамдығын қандай формулалардың жәрдемімен табады. Элемент атомының электрондары 3-орбитаға орналасқан. Осы орбитаның радиусы мен ондағы электрондардың жылдамдығын анықта.
5. Бас, орбиталь, магнит, спин квант сандары электрондардың қандай күйлерін көрсетеді? п=4 болғанда басқа квант сандарының мәндері қандай?
6. В.Паули принципі деген не және оның атомдардағы электрондардың орналасуын түсіндірудегі маңызы қандай?
7. Клечковскийдің ережелерін айтып атомдағы электрондардың деңгейлер мен деңгейшелердегі орналасу ретін сызып көрсет.
8. Гунд ережесі қалай айтылады және оны пайдаланып азот, оттек, фтор, неон атомдарының электрондық-графикалық формулаларын жаз.
9. Электрондық-графикалық формуладан элементтің валенттілігін қалай анықтайды? P, S, Cl, Ar атомдарының қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықта.
10. α, β-, β+-ыдыраулар және ядроға электрон қосып алу деген не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет