Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет112/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Валенттік байланыс әдісі.
Қайталау сұрақтары.



  1. Валенттік байланыс (ВБ) әдісінің негізгі қағидаларын атаңыз.

  2. σ- байланыс дегеніміз не? Ол қандай атомдық орбитальдар бір-бірімен бүркескенде пайда болады?

  3. π- байланыстың σ- байланыстан айырмашылығы неде? π- байланыс қалай пайда болады?

  4. Атомдық орбитальдардың гибридизациясы деген ұғымды қалай түсіндіресіз? Гибридизацияның қандай түрлері бар?

Есептер мен жаттығулар.

Мысал 1. ВҒ3 молекуласының құрылымын түсіндіріңіз. Молекуладағы атомдар арасында қандай байланыс түзіледі?


Шығарылуы. Бор атомының электрондық формуласына 1s22s22p1 қарасақ, қалыпты жағдайда онда бірғана жұптаспаған электрон бар. Бірақ бор периодтық жүйенің үшінші тобында орналасқандықтан оның қосылыстарындағы валенттігі 3-ке тең, яғни ол үш байланыс түзе алады. Мұны дәлелдеу үшін В атомының қозған күйін қарастырайық:
В В*

қалыпты күй қозған күй


Қозған жағдайда В атомындағы бір s- электрон бос р- орбитальға ауысып ВҒ3 молекуласындағы барлық үш байланыс бірдей болады (sр2- будандасу).
ВҒ3 молекуласының құрылымы – жазық үшбұрыш.
Ғ атомдарының р- орбилатьдары мен бор атомының sр2- гибридтелген орбитальдары арасында үш σ- байланыс түзіледі. Байланыстар арасындағы бұрыш 1200 тең.
Мысал 2. СО2 молекуласындағы байланыстардың сипаты қандай?
Шығарылуы. Көміртек және оттек атомдарының электрондық және графикалық электрондық формулаларын жазайық:

Қалыпты жағдайда көміртегі атомында 2 жұптаспаған электрон бар. Екі оттек атомымен төрт байланыс түзу үшін көміртек атомындағы бір s-электронды р-деңгейшеге жіберу керек, ол тек көміртек атомы мен оттек атомдарымен әрекеттесіп, қозған кезде ғана іске асады:


Әрбір О және С атомдарының арасында қос байланыс түзілетіндіктен (бір σ және бір π), екі π байланыс түзуге көміртек атомының екі р-орбиталі қатысуы керек. Қалған s- және р- орбитальдардан sр- будандасқан орбитальдар түзіліп, олар жазықтықта 1800 бұрыш жасап орналасады. СО2 сызықтық молекула түзеді. Молекуланың дипольдік моменті нөлге тең.


1. Валенттік байланыс әдісін пайдаланып, F2 және N2 молекулаларындағы байланысты сипаттаңыз.


2. Мына молекулалардың пішініндегі айырмашылықтың (ВF3 – жазық үшбұрыш, NF3 – көлемдік, пирамидалық) себебін түсіндіріңіз.
3. Неге CF4 молекуласының құрылымы тетраэдрлік, СОF2-үшбұрышты, ал СО2 – түзу сызықты болатынын түсіндіріңіз. Осы молекулалардағы көміртек атомының валенттік орбитальдарының будандасу күйі қандай?
4. Валенттік байланыс әдісі тұрғысынан ВҒ3 молекуласы мен ВҒ4- ионының құрылысын түсіндіріңіз.
5. Метан (СН4), аммиак (NH3) молекулалары мен NН4+ ионындағы коваленттік байланыстың түзілуін көрсетіңіз.
7. Су (Н2О) және аммиак (NН3) молекулаларындағы байланыс бұрышы 900 емес, тетраэдрлік бұрышқа (1090) жақын. Оттек пен азот атомдарындағы атомдық орбитальдардың будандасу түрі қандай? Осы молекулалардың геометриялық пішінін көрсетіңіз.
8. Этилен (С2Н4) және ацетилен (С2Н2) молекулаларындағы көміртек атомдық орбитальдарының будандасу түрі қандай? Молекулалардың кеңістіктегі пішіні қандай?
9. Мына молекулалардың: COS, HF, CO2, F2, COCl2 қайсыларының дипольдік моменті нөлге жақын екендігін анықтаңыз.
10. Берілген молекулалар мен иондардағы орталық атом орбитальдарының будандасу түрін анықтап, осы бөлшектердің кеңістіктегі пішінін көрсетіңіз: 1) NH3; 2) NH4+; 3) SiF4; 4) CO2; 5) CO32-; 6) PF5; 7) SF6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет