Тотықтырғыштың (тотықсыздандырғыштың) эквиваленті деп оның тотықсызданғанда (тотыққанда) электрондардың 1 молін қосып алатын (бөліп шығаратын) санын айтады.
Бұған орай, тотықтырғыштың (тотықсыздандырғыштыц) эквиваленттікмассасыЭ оның мольдік массасын М электрондар санына n бөлгенге тең: .
Әртүрлі реакциялардағы бір зат электрондардың әртүрлі санын қосып алатындықтан немесе бөліп шығаратындықтан, оның эквиваленттік массасы әртүрлі мәнде бола береді.
Мысал. Қышқылды ортадағы КМnО4 (М=158,0 г/моль) Мn2+ дейін тотықсызданады: МnО4– + 8Н+ + 5e Мn2+ + 4Н2О
Бейтарап, әлсіз сілтілі және күшті сілтілі ортадағы КМnО4 эквивалентін және эквиваленттік массасын анықтаңдар.
Шешуі. Мұндағы п = 5 , КМnО4 эквиваленті 1/5 мольге тең, және оның эквиваленттік массасы тең: Э == 31,6 г/моль. Бейтарап және әлсіз сілтілі ортада: МnО4–+ 2Н2О + 3e МnО2 + 4ОН – Мұндағы п = 3, КМnО4 эквиваленті мольге тең және оның эквивалентік массасы тең:
Э == 52,7 г/моль Күшті сілтілі ортада: МnО4–+ e МnО42– Мұндағы п = 1, КМnО4 эквиваленті 1 мольге тең және оның эквиваленттік массасы тең:
Э = = 158 г/моль
Тотығу -тотықсыздану реакцияларының негізгі типтері
Химиялық тотығу-тотықсыздану реакцияларын төрт түрге бөледі:
1. Молекула ішілік- тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың функциясын бір молекула немесе бір күрделі ион құрамында болатын әртүрлі элемент атомдары атқарады. Мысалы,
2КСlО3КС1 + 3О2 (NН4)2Сr2О7N2 + Сr2О3 + 4Н2О
Мұндай реакциялар қыздыру, фотон ағымы, -бөлшектермен соққылау, - сәулелену нәтижесінде жүруі мүмкін:
Сu (N3)2 Сu + 3N2 2КС1О3 КС1О4+ КСl + О2 2 (NН3ОNJ3)NН3 + N2 + 3J2