2. Молекулааралық– жай және күрделі заттардың, сол сияқты әртүрлі атомдық және молекулалық бөлшектердің (радикалдардың, иондардың және ион-радикалдардың) қатысуымен жүретін реакциялар мысал бола алады:
S + О2 SО2 2NаВr + С12 2NaC1 + Вr2 2НNО2 + Н2 SNО + S + 2Н2О
Ғе (NО3)2 + АgNО3 Аg+ Ғе (NО3)3 Кейбір молекулааралық тотығу-тотықсыздану реакцияларында бір заттағы бірден екі элементтің атомдары тотығуға немесе тотықсыздануға түседі.
Мысалы, 4ҒеS + 7О2 2Ғе2О3 + 4SО2 3. Диспропорциялану реакциялары немесе дисмутация (ескі аталуы - өздігінен тотығу-тотықсыздану реакциялары) - бір молекуланың (немесе ионның) құрамында болатын әртүрлі аралық тотығу дәрежесіндегі элемент атомдары тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың қызметін атқарады:
Сl2 + 2КОН КСlО + КСl + Н2О
2NО2+ Н2О HNО3 + HNО2 4КСlО3 ЗКСlО4 + KCl Диспропорциялану реакциялары әуелгіде белгілі бір валенттілікте болатын бір элемент атомдарының тотығу дәрежесі бір сәтте жоғарылауымен және төмендеуімен қатар жүреді.
Конпропорциялану реакциялары (бірдей сыбағалы реакциялар) — ол молекула ішілік тотығу-тотықсыздану реакциялары жүру барысында бірдей атомдардың тотығу дәрежесінің теңелуі жүреді. Мысалы,
NH4NО2 N2 + 2Н2О
2Н2S+ Н2SО3 3S + 3Н2О
Мұндай жағдайда азот атомдарының тотығу дәрежесі теңеледі: бірінші реакциядағы әуелгі қосылыстагы екі азот атомының тотығу дәрежесі (-3) және (+3), ал азот молекуласындағы (реакция өнімі) азот атомы нөлдік тотығу дәрежесінде. Сол сияқты (екінші реакцияда) күкірт атомы үшін де дәл сондай.